Тәжік-Ауған соғысы ел жадында: Қарағандыда әскери-патриоттық айлық басталды

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

08.04.2022, 13:29

1048

Тарихта сойқан оқиғалар аз болмаған. Еуразия кеңістігінде екінші дүниежүзілік соғыстан соң да, бұрынғы  кеңестік  мемлекеттер аумағында  бейбітшілік мәңгі тұрақтап қалмады.

Шекарадан тыс елдерде оқтын-оқтын шайқастар орын алып тұрды. Осындай тұтқиылдан туындаған қақтығыс Одақ күйреген тұста тұтанды. Ауған содырлары күзеті шекарадан есірткі мен қару-жарақ құралдарын Орталық Азия арқылы өткізе бастады. Ол сөзсіз- біздің елімізге де, орасан зор қауіп әкелді. Бұл -Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы құрылып жатқан сәтке тұспа-тұс келген шақ еді. Қауіптің алдын-алу мақсатында, ТМД -ға мүше мемлекеттердің президенттері 1992-жылы қазан айында «ТМД -ға мүше елдер өз шекараларында тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі ынтымақтастық туралы» келісімге келді.

Ал, 1993-жылдың қаңтарында «Тәжікстан Республикасының  Ауғанстанмен  мемлекеттік шекарасы учаскесінде жағдайды  тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы» шешіміне байланысты бітімгершілік операциясы басталды.

Кейбір деректерде маңызды миссияға Қазақстаннан он мыңға жуық сарбаз бен офицер қатысқан деген ақпарат бар. Содырлармен болған соғыста 46 жауынгер шейіт болып, 100-ге жуық қырандар жарақат алған. Тәжік-Ауған шекарасындағы  аумақтың тыныштығын күзетуге Қарағанды облысынан 400-ге жуық сарбаз бен офицер аттанған. Қақтығыс барысында  Еркебұлан Мақажанов, кіші сержант Евгений Салютин сондай-ақ, аға лейтенант  Александр Комаров ажал құшты. Отан алдындағы міндетін атқару барысында жан тапсырған  арда азаматтар ешқашан ұмыт қалмайды. Зұлмат оқиға орын алған -7 сәуірде жылда Қарағандыда еске алу шарасы өткізіледі. Биыл да,  сол дәстүр  жалғасын тапты. Кеше  батыр  марқұмдардың көзі тірі қаруластары, әскерилер мен  Қарағанды жұртшылығы ауқымды жиын жасады.

          Облыс орталығындағы ҚР Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының №6505 әскери бөлімінде атқарушы билік өкілдері, әскери қызметшілер мен ардагерлер және қала тұрғындары тәжік-ауған шекарасында  шейіт болған сарбаздарды бір минуттық үнсіздікпен еске алып, жауынгерлер ескерткішінің алдына гүл шоқтарын қойды. Кешеден бері кеншілер шаhарында әскери -патриоттық айлық басталды.

— «Бұл патриоттық шараның жастар үшін тәрбиелік мәні зор. Биылғы жыл жас ұрпақтар сабақ алатын мерейлі жыл болғалы тұр. Атап айтсақ, еліміздің Қарулы Күштерінің 30 жылдығы, Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметова мен Халық Қаhарманы Роза Бағланованың 100 жылдығы ел көлемінде аталып өтілмек. Бүгінгі әскери-патриоттық айлық кезінде қалада 160-қа жуық шаралар өткізіледі. Оған әскери қызметшілер, жастар, ардагерлер, білім беру  және мәдениет ұйымдары ат салысады. Мұның сыртында, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға арнап 150-ден астам қайырымдылық көмек көрсету жоспарланып отыр,-деді Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Бикенов.

Салтанатты жиында Б. Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Академиясының курсанттары қоян-қолтық ұрыстың әдісін кәсіби деңгейде көрсетті. Ал, Н. Әбдіров атындағы  әскери мектеп-интернаттың қаздай тізіліп сапқа түзеген тыңдаушылары патриоттық ән шырқап, шеруге жиналғандардың алдынан адымдап өтті. Әскери -патриоттық жиын соңында келушілер «Қазбат» көркем фильмін тамашалады.  

Тегтер: шара жоспар шешім

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:48
«2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Бифат НҰРМАХАН 09:40
Солтүстіктегі солақай тірлік
Жарас КЕМЕЛЖАН 07:48
Қазақ кредитке кіріп тұрып қуанады
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 15:15
Балаларға арналған спорт секциялары ашылуда
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 24.05.2022, 13:35
Сот белсенділігі уақыт талабы
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 12:05
Жастарды қолдау маңызды

Аңдатпа


  • Не істеу керек?
    24.05.2022, 08:00
  • Қазақстан шекарасын «қарақшы» күзетеді (видео)
    24.05.2022, 08:07
  • «Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
    24.05.2022, 08:05
  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01