«Тәжік қызын алам деген шетелдіктер 50 мың $ төлесін»

04.07.2018, 21:51

95

[caption id=«attachment_14117» align=«alignnone» width=«650»]Адибай Азиз[/caption]Тәжік қыздарын алуға ниетті шетелдік азаматтардан қалың малға 50 мың АҚШ долларын алу керек. Бұл туралы тәжік ақыны Адибай АЗИЗ Facebook-ғы  жеке парақшасына жазды. Қаламгердің айтуынша, ол қаражатты беске бөлу керек. Қалыңдықтың ата-анасына, мемлекет қазынасына, жетімдер мен мүгедектерге және қарт адамдарға. Бұндай жаңа қалың мал түрі тәжік қыздарының абыройын асқақтатады деп сенеді ақын.Қалың мал төлеу дәстүрі Тәжікстанның оңтүстік аймақтарында ғана сақталған. Бойжеткеннің білімі, әлеуметтік статусы да есепке алынады екен. Педагогикалық, медициналық білімі болса қалың мал құны екі есеге артады екен. Kaktakto сайтының мәліметіне сенсек, мәселен Тәжікстанның Хатлон облысында күйеу жігіт атану үшін 1 500 ден 2 500-ге дейін АҚШ доллары керек.2011 жылы Тәжікстан үкіметі тәжік қызына үйлену үшін бұл елде жоқ дегенде 12 ай тұру керек деген қаулы шығарған. Айтпақшы, тәжік ақыны ұсынған идеяға ұқсас Түркменстанда арнайы заң бар. 2001 жылы Түркменстанның тұңғыш президенті Сапармұрат НИЯЗОВ түркмен қыздарын алам деген шетелдік азаматттар мемлекеттік сақтандыру компаниясына 50 мың АҚШ долларын аударуы тиіс деген қаулы шығарған.Фотолар: bigpicture, tjk.rus4all  
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12.04.2021, 09:25
Коронавирус жұқтырған 569 адамның жағдайы ауыр
Сайт әкімшілігі 12.04.2021, 09:14
Оқығанмен жағдай жасалмайды. Ауыл шаруашылығы мамандығын игергендер жұмыссыз қалып жатыр
Сайт әкімшілігі 12.04.2021, 08:58
Қазақстанда өткен тәулікте 2290 адамнан коронавирус анықталды
Еркежан АРЫН 12.04.2021, 04:30
Ақпарат министрлігі БҰҰ елдері жастарымен бірлесіп экологиялық акция өткізуді ұсынады
Еркежан АРЫН 11.04.2021, 15:55
Президент БҰҰ виртуалды форумында не туралы айтты?
Еркежан АРЫН 10.04.2021, 15:36
Қазақстан Қарулы күштері: НАТО-мен ынтымақтастық

Аңдатпа


  • Қазақстанның үздік университеті беделді халықаралық аккредитациядан өтті
    12.04.2021, 18:00
  • Жылқы бағып, мотоцикл мінген әзиз әжелер
    08.04.2021, 14:24
  • Ашынғаннан шыққан ащы дауыс
    09.04.2021, 09:03
  • Семейде 170 жаңа автобустың 70-і жүруге жарамай тұр
    08.04.2021, 09:08
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз? Досановтың романы: қайран тіл, қайран сөз
    06.04.2021, 09:16