Телефонын қуаттаймын деп қайтыс болды

Сайт әкімшілігі

30.09.2020, 03:30

3006

Алматы облысы Қарғалы ауылында 15 жастағы Ақерке Өмірбаева телефон арқылы сөйлесіп жатқанда қайтыс болған. Қайғылы жағдайдың мән-жайын қыздың әкесі айтып берді, — деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Әкесінің айтуынша, кешкі астан кейін қызы бөлмесіне кеткен, ал 10 минуттан кейін ес-түссіз жатқаны анықталған. Жедел жәрдем бригадасы көмекке ұмтылғанмен, қыздың жүрегі тоқтап, көзі жарықты сезбеген.

"Қуаттағыш арқылы ток жоғары қысыммен өткен және ұялы телефон арқылы оған соққан. Беті, құлағы арқылы. Ол бірден есінен танып қалған. Сарапшы дәрігердің айтуына қарағанда, өлім бірден болған. Қорытындыда: жүрек қарыншасының бүлкілдеуі деп жазылған. (...) Ток қолы арқылы өткенін күйіктен білуге болады: телефонды оң қолымен ұстаған. Үлкен және сұқ саусағы, беті, мойны мен құлағының артында күйген із бар", — деді әкесі Ақылжан Өмірбаев.

Телефон балқып кеткен. Сарапшылар қуаттағышымен қоса техникалық сараптамаға алған. Қайтыс болған қыз қуаттағышты жергілікті базардан 3 000 теңгеге сатып алған.

Еске салайық, 26 қыркүйек кешкі сағат 22.00-де Алматы облысы Жамбыл ауданында электр тогының соғуы салдарынан 15 жастағы жергілікті тұрғын қайтыс болғаны хабарланған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 08:45
Заң көмегінің сапасы артуда
Сайт әкімшілігі 26.07.2021, 14:54
Нұр-Сұлтанда жаңа қаулы күшіне енді
Сайт әкімшілігі 26.07.2021, 09:15
Қазақстанда COVID-19 жұқтырудың 6 637 жағдайы тіркелді
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 23.07.2021, 14:17
Бал татыған балық сорпасына зар болып қалмайық
Еркежан АРЫН 23.07.2021, 11:18
Қазақстан өнімдерінің сапасы стандарт бойынша қалай артып жатыр?
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 23.07.2021, 08:49
Өзге елдер вируспен, ал біз жемқорлықпен күресіп жүрміз

Аңдатпа


  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15
  • «Жас Алаш» Түркістан төрінде
    07.07.2021, 08:59
  • Жайыққа келді «Жас Алаш!»
    28.06.2021, 09:02
  • "Жас Алаштықтар" "Қазақстанның құрметті журналисі" атанды
    24.06.2021, 13:55