Темекі шегіп пайда көрген бір адам жоқ

01.06.2018, 02:02

9

Бүгінде  дүниежүзінде 1 миллиардтан астам адам тұрақты түрде темекі шегеді. Статистикаға сүйенсек, 2013 жылы әлемде шамамен 7,5 миллион тонна темекі өнімі өндірілген, ал 2014 жылы адамдар 5 триллион қорап темекі тұтынған. Қазір әлемдегі әрбір төртінші еркек никотинге тәуелді. Ал әр тоғызыншы әйел шылымды серік еткен.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жыл сайын шылымның кесірінен 7 миллионнан астам адам көз жұмады. Оның 900 мыңға жуығы өзгелер тартқан темекінің түтінінен уланады екен. Кейбірі тері арқылы өтіп, ағзаны улаған никотиннің құрбаны болады. Олардың арасында темекі плантацияларында еңбек етіп, нәпақа табатын  балалар да бар.Темекі түтініндегі 4000-нан астам химиялық заттың кем дегенде 250-і денсаулыққа зиянды деп танылса, 50-ден астамы қатерлі ісік жасушаларын қалыптастырады. Сол себепті шылымқор ғана емес, оның түтінін жұтқан адамға да жүрек ауруына, өкпе, өңеш, асқазан т.б. обырына шалдығу қаупі төнеді.Таяқтың екі ұшы болатыны секілді бұл мәселенің экономикалық жағы да бар. Темекі тұрғындар үшін  зор шығын.  Мысалы, жыл сайын тұрғындар темекіге 1,4 триллион доллар жұмсайды. Бұл – дүниежүзінің ІЖӨ-нің 1,8 пайызы.Ал шылымқорлықтан туындайтын проблемаларға қарсы күреске жылына 422 миллион доллар бөлінеді. Ұрпақ денсаулығына орасан залал келтіретін әдетке қарсы күресте әлем елдері түрлі шаралар қолданып келеді. Жастар мен ересектер арасындағы шылымқорлық деңгейін анықтау мақсатында әр бес жыл сайын өткізілетін түрлі мониторингтер, темекіні жарнамалауға тыйым салу, өндірушілерді қораптың сыртына шылымның зиянын ескертетін суреттер басуға міндеттеу сынды шаралар осының айқын дәлелі. Бүгінде әлем бойынша 37 мемлекет темекіні жарнамалауға рұқсат етпейді. Тағы 32 ел өндірушілерге салынатын салықты еселеп арттырған.Қолжетімді профилактика Қазақстанда қан тамырлары аурулары өлім-жітім көрсеткіші жағынан өршіп тұр. 2017 жылы одан 32 мың отандасымыз көз жұмған. Екінші орынды тыныс жолдарының аурулары иеленсе, үшінші орында  қатерлі ісік тұр. Бұлардың үшеуі де темекі шегуден шыққан аурулар.Дегенмен «мұның да алдын алуға болады» дейді мамандар. Ол үшін жыл сайын ішкі ағзаларды тексертіп отырса жеткілікті. Шылымқорлар үшін жүрек пен өкпені бақылауда ұстаудың маңызы зор. Мемлекет те азаматтарға көмек ретінде кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемін ұсынып отыр. Аталған пакетке жалпы практика дәрігерінің қабылдауы мен кеңесі, көздің көру қабілеті мен қысымын тексеру, қандағы холестерин мен глюкоза мөлшерін тексеру, электрокардиограмма, флюорография мен спирография жасатуға болады. Осы процедуралардың қай-қайсысы да шылым салдарынан ағзада болған өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді.Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарушы директоры Серік Тәңірбергеновтің айтуынша, әр адам организмдегі өзгерістерді байқау үшін ауырсын-ауырмасын медициналық тексеруден өтіп отыруы тиіс. «Тегін медициналық көмек пакетінде тексеруден өтуге қажетті қызметтердің бәрі жинақталған. Егер қандай да бір ауытқу бары анықталса, мемлекет есебінен емделуге болады», — дейді ол.Мемлекет тарапынан берілетін тегін медициналық көмекті Қазақстанның кез келген азаматы пайдалана алады. Бюджет қаржысы есебінен көрсетілетін бұл көмекке профилактикалық, диагностикалық және емдік мақсаттағы қызметтер кіреді.«Халықтың басым көпшілігі профилактика диета ұстау, спортпен шұғылдану немесе тамақтанар алдында қолды жуумен шектеледі деп ойлайды. Шын мәнінде профилактика — адамның мәдени деңгейіне қатысты проблема. Оны шешу үшін денсаулыққа деген көзқарасты өзгерту қажет. Әр адам уақыт тауып, жылына бір рет тегін медициналық тексеруден өтіп тұрса ұлт саулығы жақсара түсер еді», — дейді С.Тәңірбергенов. Өзгерістерден жақсылық күту керекҚазақстандықтардың жыл сайын денсаулыққа жұмсайтын жеке шығыны 678 миллиард теңгеге жетті. Яғни денсаулық саласына жұмсалатын жалпы соманың 41 пайызы қарапайым халықтың қалтасынан шығады деген сөз. Оның үстіне бұл цифрлар отандық денсаулық сақтау жүйесінің орнықсыздығынан хабар берсе керек. Ал әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылу үшін азаматтардың медицинаға жұмсайтын жеке шығындары 20 пайыздан аспауы тиіс. Сол себепті үкімет денсаулық саласын қайта реттеу бағдарламасын іске қосқан болатын. Ол жекеменшік бизнестің мемлекеттік тапсырысқа қол жеткізуіне мүмкіндік берді. Соның арқасында мемлекеттік тапсырысты орындауға ниет білдірген жекеменшік клиникалар қарасы көбейді. Нәтижесінде қазір Қазақстан бойынша 1463 емдеу мекемесі халыққа тегін қызмет көрсетіп жатыр. Көмекті тіркелген мекенжайға қарасты емханада ғана емес, жекеменшік клиникаларда да алуға болады. Тағы бір айта кетерлігі, тегін қызмет көрсететін жекеменшік клиникалар тек Астана мен Алматы сынды ірі қалаларда ғана емес, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында да көбейіп отыр.Сақтандыру шаралары мен ерте диагностика қатерлі ісік пен жүрек-қан тамыры ауруларының алдын алуға көмектесіп қана қоймай, республикалық бюджеттен жұмсалатын шығынды да қысқартуға көмектеседі. Себебі жоспарлы ем шұғыл медициналық көмектен әлдеқайда арзан. Мәселен, жүректегі қан тамырларын шунттау операциясы жоспарлы түрде жасалғанда 1,8 миллион теңгеге түседі. Ал дәрігерге уақтылы қаралмаған науқасқа шұғыл көмек қажет болғанда ота құны екі есеге артады.Жалпы, елімізде темекіге қарсы күрес соңғы жылдары бірізділікке түскендей. Мәселен, қоғамдық орындарда темекі шегуге болмайды деген талапқа қазір көпшіліктің еті үйренген. Бұған арнайы заңның қабылдануы, сол бойынша құзырлы орындардың түсіндірме және тексеру жүргізуі де септескені анық. Қазірде әр қала, облыс, аудан орталықтарында полицейлер қоғамдық орындарда темекі шеккендерге айыппұлдар салып жүр. Оқушылар мен студенттер арасында да түрлі шаралар өтіп, денсаулыққа темекіден гөрі спорттың пайдасы тұрақты насихатталып жатыр. Теледидар мен баспасөзде де темекі өнімдері бұрынғыдай жарнамаланбайды.  Сондай-ақ темекі өнімдерінің қорабы мен этикеткасына адам шошытарлық суреттер басылып, темекіге үйірсектердің көзін ашып, тәуелділігін азайтып жатқандай.Дегенмен темекіні шегу-шекпеу әркімнің жеке шаруасы ғой. Бірақ қай жағынан алып қарасақ та, темекі шегіп пайда көрдім деген бір адам жоқ.Шынар ӘлжановаАлматы қаласы 
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 30.09.2020, 14:47
Атырауда блок-бекеттердің неге қойылғаны белгілі болды
Сайт әкімшілігі 30.09.2020, 10:26
Министр темекі шегетін орын қандай болуы керектігін айтты
Сайт әкімшілігі 30.09.2020, 10:07
Денсаулық сақтау министрі халықаралық әуе рейстерін шектеуді ұсынды
Сайт әкімшілігі 30.09.2020, 09:30
Телефонын қуаттаймын деп қайтыс болды
Еркежан АРЫН 30.09.2020, 00:40
52 миллиард теңге: Қазақстандағы экономикалық қылмыстан келген шығын
Амангелді СЕЙІТХАН 29.09.2020, 11:05
Атамекенім қайда екен?

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    29.09.2020, 10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    29.09.2020, 09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16