04.06.2019, 17:10
84
Теміртау қаласының әкімі Ғалым ӘШІМОВ әлеуметтік желіде яғни инстаграмдағы ashimov_galym парақшасында желі қолданушылары жолдаған сауалға дөрекі түрде жауап қатқан. Онысы үшін облыс басшысы ЕрланҚОШАНОВТЫҢ сынына ілікті.
Әңгімеқаладағы қоқыс тазалаудан басталыпты. Теміртаулық тұрғын әкім ҒалымӘшімовке коммуналдық мекеменің қаланы дұрыс тазаламайтынын айтыпшағым білдірген. Шенеунік өз кезегінде осыған орай тиісті шараның қолданатынынайтып, уәде берген. Алайда тұрғын «біз қала тұрғындары Қазақстан Респуликасыныңазаматтары, сіздердің жұмыс берушілеріңізбұл мекеменің жазаланатынын қайдан білеміз» деген сауалғаҒалым Әшімов мырза «қателеспеңіз сізменің жұмыс берушім емессіз» деп жауап қатқан. Содан кейін тағы сөз арасында«сіздерге қарағанда олар жұмыс жасайды, әрі менің орнымның қайда екенін шешетінсіз емессіз» деген жауаптар жазған.
Облыстұрғыны Александр ПАВЛОВ Қарағанды облысы әкімі Ерлан Қошановтың блогына қала әкімімен қарапайым тұрғынныңарасындағы жазбаны салып жіберген.
«Instagramәлеуметтік желісінде Теміртау қаласының әкімі тұрғындардың сауалына жауап бергенде,мемлекеттік қызметшілердің әдеп жөніндегі кодексін бұзды. Жоғары лауазымды шенеунік өзінің тікелей міндетін орындағанныңорнына дөрекі қылығы арқылы тұрғындар арасында өшпенділік туғызады», — деп жазды Александр Павлов облысәкіміне.
Облыс әкімі тұрғынының бұлбелсенділігіне алғыс білдіре келе, Теміртау қаласы әкімі Ғалым Әшімовпен әлеуметтік желіде тұрғындармен сөйлесубарысында мемлекеттік қызметкерлердің әдеп жөніндегі кодексті бұзбау керектігі жөнінде сөз қозғалғанын айтты. Осылайша әлеуметтік желіде дөрекі сөйлеген лауазымды шенеунік облыс әкімінің сынына ілігіп қалды.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР