Теміртауда болған өндірістік апаттың себебі анықталды

10.01.2019, 23:13

413

Бір емес бірнеше апаттың алдын ала алмай қалған Теміртау қаласындағы өндіріске қатысты 189 баптың бірінші тармағы бойынша және 190 баптың 10 тармағына қарасты арнайы коммисия мүшелері тағайындалып, зерттеу жүргізілген болатын. Нәтижесінде апатты жою мақсатында 15 іс-шараны қолға алу керек деген міндет қойылған. Өндіріс баспасөз қызметінің мәліметінше, апаттың қорытындысында мынадай себеп-салдар анықталған:«Қатысы бар адамдар мен куәгерлерден сұралу процессі мен бар материалдарға жүгіне отырып, мынадай қорытындыға келді. Біріншіден, елеулі динамикалық жүктеме құбырларда жоғарғы қысымды оттегінің және азоттың салдарынан ауытқу пайда болған. Салдарынан алшақтық дәнекерлеу қосылыстарының бұру бұрышы 90°С жоғары қысыммен газ таратқанда 2003 жылы салынған құбырдың  720 мм-і істен шыққан. Екіншіден, бөлінген өнімдерді уақытылы ажыратпау салдарынан апат ауқымы ұлғайып, құбырлардың қирауына әкеп соққан. Сөндіру жұмысын «Линде Казахстан» ЖШС жүргізуі тиіс». Қорытынды соңында комиссия мүшелері «АрселорМиттал Теміртау» АҚ және бірқатар лауазымды тұлғаларының 100 пайыз кінәсі бар екенін анықтады.Сонымен қатар,  комиссия болашақта осындай апаттардың алдын алу мақсатында 15 іс-шараны орындауға міндеттеді. Алдағы уақытта өнеркәсіп саласындағы қауіпсіздігі уәкілетті органдардың назарында болады.Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 10-қараша 19:53 минутта конверторлық цеx пен әктасты күйдіру цеxінің арасындағы құбырдың бір бөлігі қирап, нәтижесінде әктасты цехтің жанында орналасқан газ құбыры жана бастаған. Оның арты Конверторлық цеx нысанының қирауына әкеліп соққан. Кейін конверторлық цеx ғимаратының құрылысы қирап, көпірлік кран құлаған. Одан бөлек, цеxтің жанында орналасқан газ құбыры жана бастады. Салдарынан 4 адам зардап шекті. Осыған орай, 12-ші қараша күні апаттарды зерттеуге арнайы комиссия құрылған болатын.Фото: tengrinews.kz
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Әсет МАТАЕВ 14:15
Біздің ұрпақ мәселелерді шеше алады!
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 07:20
Зүлфия-ау, ит құрлы құнымыз болмады ма?!.
Сайт әкімшілігі 01.02.2023, 14:24
Қазақстанда жеңілдетілген автонесие алу үшін банк шарттары аталды
Нұрлан ТОБАҚАБЫЛОВ 01.02.2023, 11:26
«Өсер елдің баласы бірін-бірі батыр дер!»
Несіпхан ҚОҢЫРБАЕВ 01.02.2023, 04:13
Сұмдық демеске лаж жоқ...
С. БӨКЕНОВ 31.01.2023, 16:35
Неге жерлеу рәсіміне арнайы қаражат бөлінбейді?

Аңдатпа


  • Зүлфия-ау, ит құрлы құнымыз болмады ма?!.
    07:20
  • Әкімдер ай қарап жүр ме?
    07:16
  • Тағдырын «дәретхана дауы» талқандаған...
    07:12
  • «Экстің» пайдасынан зияны асып кеткен жоқ па?!
    01.02.2023, 07:32
  • Бір мандатқа таластырды бұл билік...
    01.02.2023, 07:28