Теміртауда қазақ тілінде газет жоқ

06.08.2020, 07:39

172


Әкім қазақша  газет шығаруды емес,  өзін жарнамалауды  жөн  көреді

     Кейде «Әкімбол, халқыңа жақын бол» деген нақыл сөз ойыңа оралады. Алайда  Теміртау қаласының  әкімі Ғалым Әшімовхалыққа  жақын болуды   міндет санамайтын сияқты. Білуімізше,  олөз  жұмысы туралы оң пікір қалыптастыру үшін қаржы  шығындауды жөнкөрген тәрізді. Бүгінде бұл ақпарат әлеуметтік желі арқылы тарап, өңірде қызупікірталас тудырды. Бейресми ақпаратта әкімшілік жұмысы туралы халықтың пікірінтауып әрі сол жерге шенеунік жұмысы үшін оңтайлы пікір қалдыратын жекеменшікфирмаға бюджеттен  3 млн теңге қаражаттың бөлінетіні туралы жазылған. Яғнимемлекеттік сатып алу бойынша, бұл байқауда жеңіске жеткен фирма әкімшіліктіңжұмысы туралы әлеуметтік желіде жазылған кез келген мәселені көшіріп, әкімдіккежолдап отырады. Бұл қызмет түрі мемлекеттік сатып алу жөніндегі сайтта ашықжарияланған.

      Әкім  беделінің өсуіне ықпалынтигізетін бұл қызметті байқауда жеңіске жеткен Нұр-Сұлтан қаласының фирмасыатқаратын  болған. Теміртаулықтар «әкім бюджет ақшасын бұлайша желге ұшырғанша,қазақ тілінде ақпарат тарататын газет неге шығармайды» деп наразылық танытуда. Бұлтұрғыда халықтың базынасы орынды деуге болады, өйткені 180 мыңнан астам халқыбар  металлургтер қаласында таза мемлекеттік тілде шығатын бірде-бір газетнемесе журнал жоқ. Теміртауда тек орыс және қазақ тілдерінде  аралас шығатын газеттер ғана бар. Теміртауқаласының белсенді тұрғындары бұған дейін биліктен қазақ тілінде газет шығаруғаықпал етуді сұраған. Алайда билік бұл мақсатқа шығындайтын қаржының жоқ екенінмәлімдеген еді.
   – Бұл «сасқан үйрек артымен жүзеді»дегеннің кері. Біздің әкім жол жөндеуден басқаны жұмыс деп санамайтын болукерек, идеология ұмыт қалған, сосын ешқандай имиджі жоқ. Оны қалыптастырып,сосын оны көтеру үшін ақша жұмсап жатыр, бұл артық шығын. Әкімшіліктіңэкологияны сақтау үшін зауытқа тісі батпайды, оны бәрі біледі. Қалада қазақшашығатын бірде-бір газет жоқ. Мемлекеттік тапсырыс бойынша ақшаны Қарағандыдағы  «Новый Вестник» газеті алып, орыс тіліндемақала жазып жүр. Осыдан кейін қандай беделді айтуға болады? – деді «Жас Алаш»газетіне сұхбат берген теміртаулық қоғам белсендісі Қуаныш Тыныбекұлы.
      Теміртау қаласының әкімдігі жұрттышулатқан қызметтің шынымен де бар екенін нақтылады. Алайда бұл қызмет әкімніңбеделін көтеру үшін емес, керісінше, жұрттың шағым-ұсынысын жинақтау үшін қажетдеген ұстанымдарын білдірді. Биылғы қаңтар айында байқауда жеңіске жеткенфирмаға осындай қызметі үшін бір жылға 1,1 млн теңге төлеп келісімшарт жасасқанекен. Алайда бұл фирма жұмысын дұрыс атқармағандықтан, шенеуніктер сотқа жүгініпті.Сотта жеңіліп қалған жекеменшік фирма қаражатты кері қайтаратын болған. АлайдаТеміртау қаласы әкімдігінің  осы уақытқа дейін мұндай шара үшін қаншақаражат төлегені беймәлім күйде қалды. Дегенмен әкімдік мамандары «мұндағы мақсатәкімнің имиджін көтеру емес, халықтың пікірін білу еді» деп азарда-безер болыпотыр. Ал Теміртаудағы қазақ газетінің мәселесі шешіледі деген үміт те жоқ.

АрайлымЕРКЕБАЕВА

Теміртауқаласы


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еңлік АБАҒАН 13:22
Қарасай ауданы: Қоймалжың батпақ пен қою шаң
Нұрболат ӘЛДИБЕК 03.08.2021, 11:01
«Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 03.08.2021, 09:25
«Естімейтін үкімет» пен екпеге сенбейтін халық
Елеусіз МҰРАТ 03.08.2021, 09:20
Еріккеннің ермегіне айналған әлеуметтік желіге тәртіп керек
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 14:30
Қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 21 миллиард теңге салған
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 12:04
Жаңа оқу жылы онлайн бола ма, офлайн бола ма?!

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58