Теміртаудағы Назарбаев орталығының шығыны неге құпия?

09.09.2019, 16:06

31

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢалғашқы еңбек жолы басталған Теміртау қаласында тұңғыш президенттіңтарихи-мәдени орталығы бар. Облыстық мәдениет басқармасының мәліметінше бұлжерге келушілердің саны жылына жиырмамыңнанасады екен. Сонда шамамен Теміртаудағы тұңғыш президент орталығынаайына мың алты жүзден астам, бір күнде мұндағы экспонаттарды көруге сексенненастам адам келеді деген сөз. Қарағанды облысындағы «ЖасАЛАШ»тілшісі адам қарасы бір «үзілмейтін» Теміртаудағы бірден бір беткеұстар ғимарат саналатын тұңғыш президент тарихи-мәдени орталығына барып көрді.

Орталыққа келген бойда мұндағы мамандар бірден«қай мектептен келдіңіз, әлде балабақшадан келіп тұрсыз ба?» — деп сұрады. Бұлсауалдың қойылуына қарағанда мұнда келушілердің басым бөлігі мектеп пенбалабақша қызметкерлері болғаны ғой.


Тұңғыш президенттің музейінде сабылып жүрген кісіқарасы көзге түсе қоймады. Мен орталыққа таңертеңгі сағат 10-да кіріп, түскі сағат 12-ге дейін араладым. Осы екісағаттың ішінде музейге бес алты бүлдіршінді ерткен балабақшаның екі тәрбиешісікелді.


Музейді емін еркін аралап суретке түскен балақайлардан кейін тағы үшадам келді. Сөздеріне қарағанда екі Теміртау тұрғыны Ресейден келген қонақтарынатұңғыш президенттің құрметіне ашылған музейді көрсетіп жүр екен. Екі сағаттыңішінде бұдан өзге музейге келушілер көзге түспеді. Бәлкім түстен кейін адамдаркөптеп келді ме екен?

Тұңғыш президент тарихи-мәдени орталығына кірубағасы ересектер үшін 250 теңге, ал балаларға 100 теңге. Экскурсияжүргізушісінің қызметін алсаңыз тағы да 500 теңге төлейсіз. Ал шетелдіктер үшінбаға 400-600 теңге.

Музейді қаржыландыру көзі Қарағанды облысыәкімдігіне қарасты мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы болып саналады. «ЖасАЛАШ»осыдан үш ай бұрын мәдениет басқармасынан тұңғыш президент музейінұстап тұру үшін бір жылдық қаражаттың қанша болатыны жөнінде сұрау хат жібергенедік. Алайда мәдениет басқармасы белгісіз себептермен мәліметті үш айдан соңбір-ақ жіберді.

«Орталықтыңжалпы соммасы 60 879 000 теңгелік жылдық бюджетіне негізгі еңбекақы, өтемақытөлемдері, әлеуметтік салық, мемлекеттік сақтандыру қорына әлеуметтікаударымдар, медициналық сақтандыру, материалдар сатып алу, коммуналдықтөлемдер, іс сапарлық шығындар, ғимаратты ұстап түруға жұмсалатын шығындар т.б.кіреді. Заңдық күшке ие ҚР Президентінің 1995 жылы 26 желтоқсандағы«Бухгалтерлік есеп туралы» Жарлығының 10 тармағына сәйкесбухгалтерлік есептің және ішкі бухгалтерлік есеп-қисабы коммерциялық құпия депесептеледі», — деп жауап берді Мәдениет архивтер және құжаттама басқармасыныңбастығы Еркебұлан АҒЫМБАЕВ.

«ТұңғышПрезиденттің  тарихи-мәдени орталығы»2011 жылы 22 қарашада салтанатты түрде Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫНЫҢ қатысуымен ашылғанболатын. Орталықтың архитектуралық көркем кеңістігінің жалпы ауданы 4560 шаршыметрді құрайды. Экспозициялық қоры қазіргі күнде 3420 дана, соның ішінденегізгі қорда 359, ғылыми-қосымша қорда 3061 жәдігер бар.

Теміртаулықтардыңэкс-президенттің музейіне деген көзқарастары әртүрлі. Көбісі бұл мәдениорталыққа бара қоймайтынын, тіпті бұған аса қызығушылық таныта қоймайтынынбайқатты.

«Мен негізі Теміртауда осы музейге жақынмаңда тұрамын, бірақ әлі бір рет те барып көрмеппін. Оның ішінде елбасыныңсуреттері ғана бар шығар деп ойлаймын. Негізі мұнда көбінесе мемлекеттікқызметте жүретін мамандар ғана барып жатады. Назарбаевтың көлігін қойыпты депестігенбіз, басқасын білмедім», — дейді Теміртау тұрғыны КүлзипаТҰРСЫНОВА.

Дегенментеміртаулықтар арасында аталмыш мәдени орталықты мақтан тұтатындар да кездесті.

«Бізге Ресейден туыстарымыз,таныстарымыз қонаққа келгенде оларды осы музейге алып келеміз. Ішіндетарихи мағлұматтарға толы жәдігерлер бар, сол себепті жиі болмасада арасында бір барып тұруға болады»,-дейді тағы бір теміртаулық Ольга ИВАНОВА.


Экс -президент Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған орталықтармен музейлер еліміздің өзге өңірлерінде де бар.  2012 жылы Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫНЫҢ жарлығыменНұр-Сұлтан қаласында «Назарбаев орталығы» мемлекеттік мекемесі құрылды. 2017жылы туған ауылы Шамалғанда (Алматы облысы, Қарасай ауданы) Алматы облысыәкімдігі Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының қорыныңқолдауымен ҚР Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысының «Атамекен» тарихи-мәдениорталығын ашты. Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласында 2004 жылы құрылған ТұңғышПрезидент музейі де жұмыс жасап тұр.  

Фотоларавтордікі.

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ. 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:20
Kaspi банкке шабуыл жасағандар ұсталды
Сайт әкімшілігі 11:15
Коронавирустың жаңа симптомы аталды
Сайт әкімшілігі 09:19
Коронавирус жұқтырғандар күрт көбейді
Айжан БҮРКІТБАЕВА 29.10.2020, 11:03
Мүгедекке айналған азамат әділет іздеп әлек
Мариям МАҚСАТ 29.10.2020, 10:59
Ауылдықтар ауызсуға жарымай отыр
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 29.10.2020, 10:39
Жолдың жыры келер жылы тамам болмақ

Аңдатпа


  • Мүгедекке айналған азамат әділет іздеп әлек
    29.10.2020, 11:03
  • Қайда кеткен? Қоймада коронавирустан емдейтін 12 дәрі жоқ болып шықты
    28.10.2020, 16:24
  • Kaspi.kz сервистері жұмыс істеп тұр
    28.10.2020, 15:38
  • Жалт етіп сөнген бір жасын
    27.10.2020, 09:53
  • Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
    26.10.2020, 10:04