Теміртаудың "қара қары" тексеріліп жатыр

21.02.2020, 21:00

7

Қарағанды облысы билігі үшін, қалың түскен қарменқоса, Теміртауға жауатын қара қар " бас ауыртатын" мәселеге айналғаны анық.

Жалпы  Теміртаудың экологиясы облыс әкімімен экологтар бас қосқанжиналыстарда қозғалады да әрі қарай «жабулы қазан жабулы» күйде қалыпқояды. Бүгін экология департаменті Теміртаудағы қара қардың зерттеліп жатқанынмәлімдеді.
Экологтар «Арселор Миттал Теміртау » компаниясының  және«ТЭМК» АҚ, «Bassel Group LLS » ЖШС санитарлық аймағы және Теміртауқаласының  тағы жеті аумағының ауа қабатынанзерттеуге сынама алған. Бұл сынамалар 14 зерттеу бөліктері бойынша тексерілмекші.
" Қазгидромет" мәліметінше,  31 қаңтар мен 1 ақпан аралығындаТеміртау қаласында ауа райы желсіз, тымық болғандықтан,ауа қабатына шыққан лас қалдықтар әрі қарай кетпей,қалада аумағынатүскен. Сондықтан,  «бұл қалдықтар ауағатарамай жерге сіңіп кетті ",- деп мәлімдеді баспасөз маслихатында Экологиядепартаментінің бастығы Қанат Мұсапарбеков .
Дегенмен де,  Теміртаужұртшылығы қаладағы қар түсі ылғи да қарақошқылданып тұратынына наразы. Әзірге экологтар алған сынаманың қорытындысы шыққанжоқ. Теміртау қаласынан экологтар,  ауа қабатымен қоса, қардыңда  сынамасын алған. Бұған дейін жасалған ресмизерттеу қорытындысы бойынша,  Теміртау қаласына таралған зиянды қалдықтардың87 пайызы " Арселор Миттал Теміртау " компаниясының металлургиялықкомбинатынан шыққан. Дегенмен де, «Арселор МитталТеміртау » компаниясының басшылығы,  осыдан бір апта бұрын, Теміртауда өткен «жасылкеңес» жиналысында бұл зерттеудің нәтижесімен келіспейтіндігін білдірген болатын. Ал, Теміртаулықтардың айтуынша, қала тұрғындары  арасында соңғыжылдары онкологиялық және жүрек қан тамыры сырқатына шалдыққандар қатарыартқан. Алайда,  денсаулықсақтау саласы мұндай мәліметті жариялай бермейді. Соңғы жылдары ауа райыныңластануына байланысты Теміртаудан көшіп жатқандардың қатары артқан.

ФОТО ашық ақпарат көздерінен

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 11:37
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді
Сайт әкімшілігі 11:31
Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты
Айжан БҮРКІТБАЕВА 17.09.2020, 11:16
Кәдеге аспаған диплом
Б. НҰРЛЫБАЕВ 17.09.2020, 11:03
Бар кінә өзімізде
Мариям МАҚСАТ 17.09.2020, 09:26
Жетімдердің жанайқайы мемлекет оларға қашан үй береді?

Аңдатпа


  • Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
    11:31
  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58