Теміржол трагедиясында зардап шеккендердің тізімі шықты

18.06.2018, 22:20

25

Жамбыл облысының Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері 17 маусымда Шу станциясы маңында болған төтенше жағдайдан қаза тапқан жасөспірім мен зардап шеккендердің аты-жөнін жариялады, — деп хабарлайды  Жас Алаш Tengrinews.kz cайтына сілтеме жасап.

«Алдын ала мәлімет бойынша, 2006 жылғы жасөспірім қаза тапты, 14 жолаушы медициналық көмекке жүгінді. Тағы бір зардап шеккен адам Шу қалалық ауруханасының травматология бөліміне жеткізілді, жағдайы тұрақты. 13 адам медициналық көмек көрсетілген соң үйлеріне қайтарылды», — делінген хабарламада. Ведомство мәліметінше, 2006 жылы дүниеге келген Шу қаласының тұрғыны Малинев Григорий Александрович қаза тапты. Зардап шеккендердің ішінде: Исламгали Ақерке Бақытқызы (1994жылғы, Балқаш) Өміржанова Әйгерім Құрманғазықызы (1992, Балқаш) Даутов Әлішер Кенжеболатұлы (2006, Астана) Байжанов Альби Махамбетиярұлы (1970, Астана) Әубәкіров Дидар Ахатұлы (1980, Талдықорған) Талғат Кәмшат (1987, Есік) Кәрімова Әйгүл (1977, Астана) Сексенбаев Уәлихан Молдағұлұлы (1978, Тараз) Воронцова Алина Юрьевна (1982, Шахтинск) Воронцова Ева Валентиновна (2013, Шахтинск) Севдеева Наталья Дмитриевна (1975, Шахтинск) Севдеева Софья Дмитриевна (2008, Шахтинск) Бозлақов Алмат Жомартұлы (1988, Алматы) Самат Сұлтанәлі (2017, Есік)https://www.youtube.com/watch?time_continue=5&v=9DLjU6IRTTM"Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 маусымда кешкі уақытта 400-ден аса жолаушы Аламтыға жеткізілді. Оларға Алматы-1 теміржол вокзалында медициналық көмек көрсетілді. Мұның алдында ҚР ИДМ баспасөз қызметі Шу станциясы маңында пойыздың рельстен шығу себептерін тексеретін комиссия құрылғанын хабарлаған.  «17 маусымда 13.25-те Сарышаған-Шу учаскесінде Астана-Алматы бағытындағы #9/10 пойызының жолаушылар отыратын 8 вагоны рельстен шығып кетті. Төтенше оқиға машинист теміржолдың қисайғанын көріп, көлікті шұғыл тежегенінен кейін болды. Оқиғаны тексеру үшін ҚР ИДМ Көлік комитеті жанынан арнайы комиссия құрылды», — деп хабарлаған еді ҚР ИДМ өкілдері. Еске салайық, кеше, 17 маусымда сағат шамамен 14.00-де Жамбыл облысындағы Отар мен Шу станцияларының арасында төтенше жағдай болған еді. Мұның алдында үш вагонның рельстен шығып кеткені хабарланған болатын.Фото желіден алынды. 
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:22
Коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті
Жарлы БАЙҒАНИН 09:16
Есектің еті ем, сүті саумал ма?
Сайт әкімшілігі 25.11.2020, 10:40
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
Мариям МАҚСАТ 25.11.2020, 09:40
Көп балалы аналар қоғамнан неге теперіш көріп жүр?
Дана Жарылқасынқызы 25.11.2020, 09:35
Арақ арқалатқан азап
Сайт әкімшілігі 25.11.2020, 09:30
Еліміздің төрт қаласында ауа ластанады

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42