Тендер "ұтып бергіш" алаяқ ұсталды

Сайт әкімшілігі

21.09.2020, 11:59

1014

Алмалы аудандық Полиция басқармасының тергеу бөлімі мемлекеттік сатып алулар бойынша бірқатар алаяқтыққа қатысты қылмыстық істерді тергеп жатыр, деп хабарлайды  «Жас Алаш» Polisia.kz сілтеме жасап.

Ведмоства өкілдерінің  хабарлауынша, күдікті – 1983 жылы туған К.есімді азамат, Алматы облысының тумасы, тендер өткізу ресурсы арқылы тапсырыс берушілерді тауып, оларға электр қондырғыларын орнату және нысандарды салу үшін қысқа мерзімде тауарларды жеткізу бойынша өз қызметтерін ұсынған.

— Ер адам жоқ электронды шот-фактураларды, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді қолдан жасаған. Осылайша, ол адал кәсіпкерлерді жолдан тайдырып, алдап-арбауына түсірген. Полицияға арызбен 15-тен астам адам жүгінді. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті Алматы қалалық ПД уақытша ұстау изоляторына орналастырылды, – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Сонымен қатар, полиция К-ның қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды Алмалы ауданының Полиция басқармасына келесі нөмірлер бойынша хабарласуын сұрайды: 8-708-707-92-02; 8-702-333-42-64; 8-705-711-13-71.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 08:45
Заң көмегінің сапасы артуда
Сайт әкімшілігі 26.07.2021, 14:54
Нұр-Сұлтанда жаңа қаулы күшіне енді
Сайт әкімшілігі 26.07.2021, 09:15
Қазақстанда COVID-19 жұқтырудың 6 637 жағдайы тіркелді
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 23.07.2021, 14:17
Бал татыған балық сорпасына зар болып қалмайық
Еркежан АРЫН 23.07.2021, 11:18
Қазақстан өнімдерінің сапасы стандарт бойынша қалай артып жатыр?
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 23.07.2021, 08:49
Өзге елдер вируспен, ал біз жемқорлықпен күресіп жүрміз

Аңдатпа


  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15
  • «Жас Алаш» Түркістан төрінде
    07.07.2021, 08:59
  • Жайыққа келді «Жас Алаш!»
    28.06.2021, 09:02
  • "Жас Алаштықтар" "Қазақстанның құрметті журналисі" атанды
    24.06.2021, 13:55