Теңіз кенішіндегі шетелдіктер ешқайда кетпейді

02.07.2019, 14:05

135

Теңіз кенішіндегі оқиғадан кейін әлеуметтік желілерді жаулаған фотосуреттермен аудио, бейнежазбаларда есеп жоқ. Атыраудағы «Теңізшевройл» компаниясыныңресми өкілі оның бірқатарын «фэйк» деп бағалады.

— Теңізден шетелдіктерді жаппайкетіріп жатыр деген ақпарат шындыққажанаспайды. Қытайдың 780 азаматын шығарыпты дейді. Теңізде қытай компанияларымүлдем жоқ. Ал ССЕР компаниясы ТШО-ның 2018 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанірі мердігерлерінің бірі болып табылады. Ол «Келешек кеңею жобасы» Үшінші буын зауытын салу менэлектромеханикалық құрал-жабдығын монтаждаумен айналысады және олар жаңазауыттың құрылысы біткенше жұмыс істейді, — деді «Теңізшевройл» ЖШСҮкіметпен және қоғаммен байланысбөлімінің Бас менеджері Рзабек АРТЫҒАЛИЕВ.

Жанжал шыққан ССЕР компаниясында 8 мыңдайадам жұмыс істейді екен, оның 600-ден астамы – шетелдік азаматтар болыптабылады.

Тағы бір жоққа шығарылған жаңалық –жараланғандарға қатысты. Бейнебаяндарда басы жарылып, қызыл ала қанға батыпжатқан жұмысшылар көрінгенмен, отыздан астам жарақат алғандардың ішінде ауыржағдайда жатқандары жоқ көрінеді, кейбіреулері ауруханаға барудан да бастартқан.

Сондай-ақ, Атырау облысы полициядепартаменті де Теңіз вахталық қалашығында жезөкшелікпен айналысуға арналғанпритондардың барын жоққа шығарып, «арандатуға бой алдырып, шындыққа сәйкескелмейтін ақпарат таратқандар заң бұзушылық үшін қылмыстық жауапкершіліккетартылатынын» мәлімдеп отыр.

Қазіргі күні Теңіздегі жергілікті жәнешетелдік жұмысшылардың қақтығысына әлеуметтік теңсіздік себеп болды дегенмен,дәл осы бойынша ССЕР мекемесінен кәсіподаққа шағымданғандар жоқ болып шықты.

— Мұнай-газ кәсіподақтарында шетелдік жұмыс күшіне атқарылатын жұмыс көлемібірдей болса жалақының бірнеше есе көп төленетіні жөніндегі мәселені біз осығандейін де көтеріп келеміз. Ол әлі де шешілмей келе жатқан проблеманың бірі.Бұдан бөлек, жұмысшыларды алалап әртүрлі тамақтандырады екен, шетелдіктердіңжатақханадағы төсек-орнын жиі ауыстырып, «өзіміздің» адамдарға жүрдім-бардымқарайды екен деген сияқты әңгімелер де айтылып жүргенмен, олар бойынша нақтышағымданып келгендер болған жоқ. Солай болған күннің өзінде, жұмысшылардыңжаппай тәртіпсіздік жасап, басқаларды ұрып-соққанын жақтамаймын. Мәселеніқұқықтық жолмен шешуге ұмтылу керек еді, — дейді «Мұнай-газ кешеніқызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстықфилиалының төрайымы Салтанат РАХИМОВА.

Фото: inbusiness.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:07
Экс премьер-министр Серік Ахметов жазасын өтеп шықты
Сайт әкімшілігі 12:00
Маминге "Алтын-Емел" және "Шарын" ұлттық саябақтарын дамыту тұжырымдасы таныстырылды
Сайт әкімшілігі 11:09
Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты
Сайт әкімшілігі 09:51
Павлодарда киімі үшін оқушыны қорлаған мектеп директоры жазаланды
Сайт әкімшілігі 09:30
49 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 09:20
Қазақстанда 8 облыс "қызыл" аймақта

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39