Теңіз оқиғасынан соң: Қазақстанға енді келмеймін

04.07.2019, 19:11

14

Теңіз кенішіндегі оқиғада соққыға жығылған шетелдіктердіңкейбірі Қазақстанға енді келмейтіндерін айтады. Олар 2 шілде күні аман-есенелдеріне жетті. Бұл туралы олар royanews.tv-ге берген сұхбатында айтқан.

Иордания сыртқыістер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанда жұмыс істепжатқан 107 иорданиялықтың 41-і еліне оралған. Мәліметте олардың компаниядажұмыстарын жалғастыра беретіні айтылған.

Қазақстаннаноралған 41 Иордания азаматын ұшақтан түскен бойда сыртқы істер министрі АйманСАФАДИ күтіп алған. Сафади Иорданияға оралу туралы шешім қабылдағанотандастарына ханзада Хусейн ибн Абдалла ІІ-нің сәлемін жеткізіп, оныңҚазақстанда болған оқиға кезінде иорданиялықтардың өміріне ешқандай қауіптөнбеуіне үлкен күш бергенін айтты.

Жалпы, елдерінеоралған иорданиялықтар өте қуанышты. Алған жарақаттарының ауыр емес екенін,қазіргі таңда жағдайлары жақсы екенін айтады. Иорданиялықтардың бірі болғаноқиғаға ливандықтың желіге салған суреті себеп болғанын растады. Және«Қазақстанға енді келмеймін» деді. Олардың айтуынша, шетел азаматтарынкомпанияда жұмыс істейтіндер ғана емес, өзге де қазақстандықтар соққыға жыққан.

41 иорданиялықпенқоса 125 ливандық та еліне оралды. Ливан басшылары болған оқиғаға ең алдыменкомпания басшыларын айыптайды.

Еске салсақ, 29маусым күні Атырау облысындағы Теңіз кенішіндегі жұмыскерлер арасында жанжалшығып, оның арты үлкен төбелеске ұласқан. Нәтижесінде 45 адам зардап шеккен.Басым бөлігі шетелдік жұмысшылар, 4-і қазақстандық.  

Фото: royanews.tv

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Амангелді СЕЙІТХАН 11:05
Атамекенім қайда екен?
Айжан БҮРКІТБАЕВА 10:52
Желтоқсаншылар жеткілікті деңгейде құрметтеліп жатыр ма?
Қарлығаш Зарыққанқызы 10:30
Хрущев салған үйлерді Сағынтаев модернизациялай ала ма?
Махамбет САПАРМҰРАТОВ, 10:28
Менің "Қарызстаным"
Қарлығаш Зарыққанқызы 09:45
Дүниеге несібемен емес, несиемен келіп жатыр қазақтың баласы...
Сайт әкімшілігі 28.09.2020, 13:50
Қазақстанға құс тұмауын жабайы құстар әкелген болуы мүмкін

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16