Тергеуші Бишімбаев және азап тартқан әулет

28.09.2019, 09:52

58

Көңілге күдік тудырмас құжаттардыңкөшірмесімен редакциямызға келген осы мақаланы жариялауда көп ойландық.Редакция қызметкерлерінің пікірі де бір жерден шықпады. Елге есімдері белгіліәулеттің баласы мен немересі әкесі мен атасының ісіне жауапты емес, оның үстінесан жыл ұстаздық етіп мыңдаған шәкірт тәрбиелеген адамның қартайған кезінде, қайбіржылдары істі болып қамалған ұлына қамығып жүрген кезінде жығылғанға жұдырықсілтегендей болмайық деді бір ойымыз. Бірақ екінші бір ойымыз «бұл мақаланыңбаласы мен немересіне еш қатысы жоқ» дейді. Жазықсыз жапа шеккен жарты ауылдың,жиырма шақты шаңырақтың жанайқайын, қасіретін қалай айтпай, қалай жарияламайкетуге болады? Біздіңше қоғам өткен күннің шындығын, құпиясын ашып айтудыүйренбей, одан қорытынды шығармай, бүгінде түзу жолға түсуі мүмкін емес. Алмәртебелі шындық қашанда бір жақты емес. Егер осы мақалаға қатысты екіншітараптың айтар сөзі, уәжі болса, оны да жариялауға дайын екенімізді айтқымызкеледі.

Тұрсын Жұртбайдың «Жас Алаш» газетінде 2019 жылдың 2 мамырында жарық көрген «Мағжан Жұмабаев және кеңестік жазалау саясаты» атты  тарихитолғауын оқығанда түрлі ойға шомып, жүрегіме ине шаншығандай сезімде болдым.

Автор  мақалада: «Осы арада ескертекетерміз, Мағжанды тіміскілеткен, не тұтқындаған, біз танысқан АхметБайтұрсыновтың ісіне де қатысы бар тергеушілердің біреуі кейіннен Қазақстанныңбірінші басшысы, екіншісі –қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары,үшіншісі – ішкі істер министрі, төртіншісі – төбе би (Жоғарғы Кеңес төрағасы)болды. Олардың үрім-бұтақтарының өтініші бойынша аты-жөндерін қағыс қалдырдық.Ол үшін бізді жазғырудың жөні болмас», – дейді.

Сонда,  олардың атын атамай, қағысқалдырғаныңызды құптап, қуануымыз керек пе? Мақала авторының  қағысқалдырғандары  кімнің ұрпақтары  екені атам заманнан белгілі. Зұлмат тарихымызды  ғасыр бойы жаркүшіктер мен олардыңұрпақтарының ар-намысы үшін   жасырып,қағыс қалдырғанда не ұттық? Әрбір  ұлтөзінің сатқындарын да, сататындарын да білуі керек емес пе? Оның үстіне  бұл мәліметтердегі «құпиялық» белгі РесейФедерациясының 1991 ж. «О реабилитации жертв политических репрессий» заңыментолық құпиясыздандырылып,  интернетте жарияланған.

Мысалы, Мағжан істі болған 1935-39 жылдарда НКВД құрамында  істеген41 671 кісінің толық тізімі   http//nkvd.memo.ru/index.php?titleпарақшасына  енгізілген. Сонымен қатарғаламтор беттерінде  1935-41 жылдар аралығында  41 668 адамның аты-жөні, оныңішінде  тергеу жүргізіп, айыптарды ойданқұрастырған 40 мыңнан астам жендеттің аты-жөндері анықталған.  Осылардың 39 950-і туралы қысқаша мағлұмат«Мемориал» сайтында жарияланды. Бұл тізімде  Қазақстандағы репрессияны жүргізген  1080-дей адамның, оның ішінде 170-інің ұлтықазақ екенін білдірген. Олардың арасында Шәкәрім өлімімен танымал Абзал Қарасартов  пен 1940-50 жылдары Қазақ ССР-нің басшысыболған Жұматай Шаяхметовтің де  атыаталады. Осыншама мағлұматты ашып, аттарын атап, репрессия құрбандары мензардабын көргендерге  шын көңілменжанашырлық білдіріп отырған ресейліктерге ризашылық білдіруіміз керек.

Ал енді  біздің  1993 ж. 14 сәуірде қабылданған «Саясиқуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» заңымыз болса, керісінше, осы жаркүшіктер мен олардың ұрпақтарының атына сызаттүсірмеу мақсатында «жамауланған», қауқарсыз,  формалды заң болып шықты.

Мен де осы репрессия зардабын тартқан көп қазақтың бірімін. Сондықтан  өзім өткен ауыр жолмен  сіздерді таныстырайын, сонда  мәліметтердіңжылдар бойы қалыста қалдырылып,   «құпиялануы»  неге  әкелгенін түсінерсіздер.

1996 жылы қызмет бабыныңерекшелігіне байланысты Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша  қауіпсіздік комитетінде (ОҚО ҰҚК) болып,  оларға өмірбаяным  туралы қысқаша мәлімет бердім. ОҚО ҰҚК-нің жауапты  кісілері менің өмір тарихыма, өскенортама  көп зейін салып, тіпті елге барыптексеріпті. Таниды-ау деген кісілермен сұхбаттасып әрі жергілікті  өкілетті органдардан ақпараттар жинақтайды.Қауіпсіздік комитетінің қызметкері пікір алмасуға шақырып, әңгіме барысында:

– Байеке, сіздің әкеңіз қайжылы қайтыс болды? – деді.

– 1947 жылы.

– Осы 1947 жылға байланыстыөмірбаяныңыз толық жазылмапты. Толықтырып, әкеңіз қандай жағдайда қайтысболғаны туралы мәліметті кеңірек баяндап, жазып берсеңіз болар еді, – деді.

    Шынымды айтсам, «Әкеңіз қай жылықайтыс болды?» деп сұрақ қойылғанда жан дүнием қозғалып, жүрегім аузыматірелді. Себебі 1945-53 жылдары менің әке-шешем мен туған-туыстарымның көп азапшеккенін білемін,  бірақ еліміздің тарихидеректерінде бұл жөнінде ештеңе айтылмайды. Бұл сұрақтың  шешуін таппай мен де қиналатынмын.  Уақыт өткен сайын 1947-нің қайғысы ескіжарадай  қабыршықтанып, ұмыт болабастаған-ды. Ал бұл кісі сол жараның бетін тырнап, қайта қанатты.  Қайтейін, сыр шертпей, сұрланып біразотырдым. «Қылыш жарасы бітеді, тіл жарасы бітпейді» деген рас екен.   Санам астаң-кестен. Өз өмірім, әкеммен бірге мәңгілікке итжеккенде сүйектеріқалғандар мен олардың артында қалған жетімдері мен жесірлерінің көрген жаназабы мен тән азаптары    көз  алдымнан кетпей, іштей булығып қан жұттым.

Мен 1947 жылдың 6 қыркүйегінде дүниеге келіппін. Өмір пердесін ашқаныма үшкүн толғанда – Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданындағы «Жұмыскербригада» колхозының  бастығы ЖанұзақовЖаппардың 12.04.1947 ж. өліміне байланысты бір колхозды құраған  шағын екі ауылдың жиырма шақты азаматыТүркістан әскери трибуналының 9 қыркүйектегі үкімімен РСФСР-дің  Қылмыстық іс кодексінің 58-бабының 8, 11,12-тармақтарымен «саяси қылмыскер» деген кінәмен дүние-мүліктері  толықконфискацияланып, 10 жыл мен 25 жыл аралығына сотталған. Солардың арасынан екеуі 13 жылдан соң елге оралды,  ал қалғандарының сүйектерінің қайда қалғаны бүгінгі таңға дейін  «мемлекеттік құпия» болып келді. Біраз нәрсенібілетінмін, бірақ өзіме-өзім «мұндай жерде өзіңді-өзің ақтап, шыж-быж болғаннансабыр сақтап, қажетті құжаттарды жинақтап, қайта келген дұрыс-ау» дегентоқтамға келдім.

Қауіпсіздік комитетінің қызметкері менің қиналып отырғанымды сезді, бірақнеге қиналғанымды қайдан білсін, керісінше, сұрақтарын жалғастырып:

–  Сіз «Егеменді  Қазақстан» газетін оқисыз ба? – дегені.

– Жоқ.

– Онда сізден өтініш, осы жылдың сәуірінде шыққан басылымының бірінде  «Қырық жыл қарсы барлауда жүргенде бір рет темүлт кетпеген» деген айдармен шыққан мақала бар,  танысыңыз! – деп, мысқылмен жымия қарағандайболды.

Ойында  не тұрғанын кім білсін? Денемебіз сұққандай тітіркеніп, маңдайымнан суық  тер шықты. Осымен арадағысұрақ-жауап аяқталып, булыға сыртқа шықтым.

Ол кездерде  бізге қарағанда ауылдағыағайындар «Егеменді  Қазақстанға»жақындау болатын.   Сенбіде ауылға тайыптұрдым. Ойым дұрыс шықты. Ағам, Бисұлтанұлы Ерназар, 1996 жылдың 22 сәуіріндешыққан газеттің №78 нөмірін бүктеп, тығып қойыпты. Көңілі құлазыған. Ішіалай-дүлей болса керек. Сыр бергісі келмейді, бірақ мен бауырымның жандүниесін  жақсы танимын, жарылайын дептұр. Мән-жайды айта бергенім сол еді:

 –Мә! – деп, газетті алдыма тастады.

    Газеттің бір бетіне кезіндеНКВД-нің, онан соң Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінде көп жылдар бойы тергеуші,кейін Қызылорда облысы қауіпсіздік комитетін басқарып, зейнеткерлікке шыққанҚозыке Бишімбаевтың 70 жасқа толуына байланысты «Қырық жыл қарсы барлауда жүргенде,бір рет те мүлт кетпеген» немесе «Құпия қызмет қырлары» деген айдарменжурналист Серік Жұмабекұлының көлемді мақаласы  мен  Қ.Бишімбаевтың мерейтойлықсуреті басылыпты. Таныстым.

Апта соңында  телефон  шылдыр ете қалды. Алдым.  Сымтетіктің арғы басындағы кісі:

– Мен облыстық КНБ-денмін. Сізді облыстық қауіпсіздік комитетінің бөлімбастығы ертең жұмыс соңына, 5-терге келсін деп жатыр. Келе аласыз ба? – деді

– Иә, уақыт табуға әрекет етемін. Өзім де елге барып, сіздер талап еткенмәселеге байланысты біраз мән-жайды анықтадым, күтсін! – дедім.

Келесі күні  әлгі «Байеке, «Сіздіңәкеңіз қай жылы және қандай жағдайда қайтыс болғанын айтып, жазып бересіз бе?»деп сұрақ қойған бөлім бастығына кірдім.

Әкемнің 1947 жылы Түркістан әскери трибуналының шешіміне сәйкес,  РСФСР Қылмыстық кодексінің  58-8,11-баптарымен сотталып, кейін, 1960 жылыСССР Жоғарғы соты пленум қаулысымен қайта қаралып, барлық сотталғандардың жәнеәкемнің де   ақталғандығы туралы  анықтаманы қолына  ұстаттым. Обалы не  керек, қызметкер  өзі берген дөрекі сұрағынан өзі ұялып,кешірім өтінді.

Қауіпсіздік комитеті қызметкерлерімен болған әңгіме және репрессия құрбандарының Жоғарғы сот пленумы  қаулысымен ақталғандығы туралы  мәлімет сол күні  Қ.Бишімбаевқа  да  жетіпті. Ол кісі  мені тауып, жеке   кездесу  ұйымдастыруды комитет қызметкерлеріне жүктейді. Бірақ менің ол кісіден көңілімнің суығаны соншалық – өзімді-өзім  қаншалықты ақылға шақырғаныммен, оның жүзінкөргім келмеді.  Мен үшін ол  баяғы Абайдың бауыры  Шәкәрімді атқызып, сүйегін  34 жыл бойы құдық түбінен алдырмай, шіріткенГПУ-дің  аудандық басшысы болған АбзалҚарасартовтың, 1930 жылы Қазалы НКВД-нің бастығы болып, «Асан көтерілісін»  желеу етіп қазақтың қанын судай ағызғанӨмірзақ Түркебаевтың   «Южный  варианты» деген ойға тоқтағанмын. Аяқ та, көңіл де тартпады. Соның өзінде мен  ашуды сабырға жеңдіріп,  ҰҚК  қызметкеріне  мына өтінішті  жеткізуін  сұрандым: 

–Ол кісінің бойында кішкене де болса өз ұлтына  деген жылы сезімі қалса, жазықсыз кеткен аруақтардысыйласа, онда өзі  қырғынға ұшыратқан«Жұмыскер бригадасына» келсін. Ол ауылдың тұрғындары 1947 жылдың қырғынынан соңауылда тірек болар жарамды еркек кіндік қалмай, амалсыздан Корниловка, қазіргіЖас Кешу ауылына ауған. Репрессия құрбандарының артында қалған жетім-жесірлерімен ағайын-бауырларының  басын қоссын.Болған істі ашық, жасырмай,  қоспасызайтсын. Кешірім сұрасын. Қазақ  кекшілхалық емес.  «Алдыңа келсе, әкеңнің құнынкеш!» деген әдет-ғұрыпта тәрбиеленгенбіз. Кешіреміз. Мен де қатысамын. Жалғыз  менімен кездесіп, кешірім сұраудың қажетіжоқ. Мен елден биік емеспін, –  дедім.

Өтініш сол күні-ақ  Қозыкеге  айтылды. Амал не? Бұлар кешірімнің  мәнін түсінбейді әрі олар үшін  кешірімнің қажеті де жоқ. Себебі 1993 жылы 14 сәуірдегі «Жаппай саяси қуғын-сүргінқұрбандарын ақтау туралы», 1990 жылы 15 наурыздағы «Мемлекеттік құпиятуралы»  заңдар  нағыз қуғын-сүргін  құрбандары мен  қуғын-сүргіннің зардабынтартқандардың  ар-намысы мен құқықтарын  қорғау үшін емес, керісінше, осыжаркүшіктердің ар-намысы мен ожданын қорғау үшін әрі осылардың тікелей араласуымен қабылданған.

Енді  шындыққа  көз жеткізу үшін Серік Жұмабекұлының 1996 жылғысәуірдің 23-і күнгі «Егеменді Қазақстан» газетінің  №78 басылымында жарық көріп,  компьютерлік сканирлеу әдісімен  жүйеленген мақаласынан үзінділер беріп, таныстырайын.

ҚҰПИЯ  ҚЫЗМЕТ ҚЫРЛАРЫ 

ЖҮРГЕНДЕ БІР РЕТ ТЕ МҮЛТ КЕТПЕГЕН

«1947 жылы Түлкібас ауданы «Жұмыскер бригада» колхозында сұмдық бір қайғылыоқиға болды. Колхоз төрағасын әлдекімдер өлтіріп кетіпті. Жұрттың айтуынақарағанда, бұл кісінің өлімі сол маңдағы шешендерден келген сияқты. Соғыс жылдары, соғыстан кейін Қазақстанға жераударылған шешендер Түлкібас ауданында ауыл-ауыл болып жеке отыратын. Ел ішідүрлігіп, ұлтаралық жанжал өршіп кететін түрі бар. Осы қылмысты ашуды тікелеймаған жүктеді. Мен ол кезде әлі 20-ға жетпеген жас  жігітпін. Соған қарамастан,3-4 күннің ішінде тапсырманы мүлтіксіз орындап шықтым. Колхоз төрағасынөлтірген қазақтардың өзі екен. Рулық бақталастықтан шыққан көрінеді.

Қара  қойдың басы

Жиырма шақты адам қолға түсті. Бәрі тиісті жазаларын алды. Қайғылы оқиғаныңсоңы ұлтаралық қанды қақтығысқа ұласып кетпеуі үшін ауданнан, облыстан адамдаркелді. Жергілікті тұрғындардан сұрастырсақ, бәрі шешендерге жабады. Сосын, осыауылдағы жасы 70-ке жақындаған  қарияменақылдасқанды жөн көрдім. Ол кісі: «Балам, қазақта ескіден қалған мынадай біржаман дәстүр бар. Егер бірнеше адам бір адамды өлтіреміз деп шешсе, олар қарақойды сояды да, өзара пәтуаласып, бата жасасып, қойдың басын суға тастайды.Ішек-қарнын басқа жерге апарып көмеді, осыны еске сақтағайсың», – деп, сөзініңсоңын жұмбақтай аяқтады.  Байқаймын,қария маған тұспалдап бағыт беріп отырғандай. Өзі де бірдеңені білетін тәрізді,бірақ ашық айта алмайды.

Бұл әңгімеден кейін ауылдың шетінде ағып жатқан өзеннің бойын шарлауғакірістім. Біраз жүргеннен кейін, айтқандай-ақ, жылғаның шетіне тамандау, тайызжерде жатқан қара қойдың басын тауып алдым. Шал бекерден-бекер бірдеңені меңземегенінекөзім жете бастады. Ауданнан келген прокурорға қойдың басын дерек ретінде іске тіркеттім. «Жіптің ұшы» қолғаіліккендей. Енді не  істеу керек? Солқарияның өзін «қыспаққа» алсам ба  депбір ойланып тұрдым да, тағы да алға қарай жүре түстім.

Өзенді   қиғаштай кесіп өтіп, қарсыжағадағы белеске қарай өрлеген жалғызаяқ жолдың сұлбасын байқадым. Ол жақта елжоқ сияқты еді. Осы белес бір сырды бүгіп жатқандай әсер етті.  Суды кешіп, жалғызаяқ жол бойымен белескекөтерілдім. Біраз жер жүргеннен кейін алдымнан жалғыз үй кезікті. Үйиелерімен  сөйлестім. Ешқайсысының  ештеңе айтқысы жоқ.      Сосын, ақырындап шарлауға кірістім.Сөйтіп жүргенімде анадай жерде бір елеусіздеу жердегі жас топырақ үйіндісінкөзім шалды. Қаздырып қарағанда жас сойылған қойдың ішек-қарны шықты. Соңынанқара қойдың терісі де қолға түсті. Бұдан кейін бұл үйдегі ересек адамдардыңбәрі қамауға алынды.

Тергеу барысында олар түгелдей шындықты айтты. Билікке таласқан басқа рудыңөкілдері, сөйтіп, жазықсыз жанның жанын қиған».

Міне, тергеушінің версиясы бойынша жазықсыз жан  – Жаппар  Жанұзақов биліккеталастың  құрбаны болған. 

 Ал енді құжаттар не дейді?

«Осы, тергеуші Бишімбаев версиясында айтылған айғақтар рас па?» дегенсұрақты мен  де  өзіме қойып, «құпия» құжаттармен  толық  танысуды қалған  өмірімнің мәні етіп, 1996 жылдан беріізденісте болдым.

«Ақтау туралы» және  «Құпиятуралы»   заңдардың әлсіздігінен әрі әділетсіздігінен24 сот процесіне қатысып, ұтылдым. Барлық деңгейдегі өкілетті органдардың  да алдынан өттім, бірақ қылмыстық іскебайланысты құжаттармен  таныса алмадым. Содан,амал жоқ, Ресей Федерациясының және Өзбекстанның мемлекеттікмұражайларымен   жұмыс жүргізіп,  2015 жылы СССР Жоғарғы сотының 1960 жылғыпленум хаттамасы мен шешімін алып, шындықтың біраз бетін аштым.

Осының арқасында  республикамыздыңөкілетті органы – ҚР Ішкі істер министрлігінің ақпарат-аналитикалықорталығы   25.08. 2017 ж. № Б-3430/1  хатымен  бұл «құпияларға» деген өздерінің азаматтық ұстанымын өзгертіп,құпиясыздандыру жұмысын бастайтынын хабарласа, 2019 жылдың 10 ақпанында  Жаппар Жанұзақовтың өліміне байланысты  «құпия» қылмыстық істің үш томдық құжаттарынқолыма ұстатып, имандылық танытты.

Құжатпен таныссам, саяси қуғын-сүргін құрбандары өздеріне қатысты тергеуамалдары заңсыз өткенін өкілетті органдарға жазып отырыпты.    Соның арқасында КСРО-ның өкілеттіоргандары  тарапынан 1957-58 жылдарықайта тергеу амалдары  мен сот экспертизаларыжүргізілген.

Қосымша жүргізілген осы тергеу  материалдары  мен экспертиза қорытындысын  басшылыққа алған КСРО  Жоғарғы сотының 10.02.1960 ж. пленумы  «… дело с органами следствиясфальсифировано» дей отырып,  тергеуамалдарының  директиваға сәйкесжүргізілгенін меңзейді. Ал тергеушінің 1947 жылы Жанұзақов Жаппардың өліміне байланысты  жүргізген «процессуалдық  іс-әрекеттерін» КСРО Жоғарғы сотының  хаттамасы мен қаулысы  былай көрсеткен: «… признание осужденных в убийстве председателя колхоза нельзя признатьза доказательство, так как в жалобе после осуждения указанные лица заявляли,что признали себя виновными в этом тяжком преступлении под физическимвоздействием  следователей». 

Мысалы, сотталып кеткен 20-ның бірі Еркінов Есқара 15.05.1955 ж.  СССР бас прокуратурасына жазған арызында және29.05.1957 ж. осы іске байланысты қайта тексеру жүргізген Иркутскінің ИТЛ УВДтергеушілері Чуиский мен Саперовқа берген хаттама-түсініктемесінде  қылмысты мойындауын  былай түсіндірген: «… Они избивали, холоднойводой обливали, собакой травили, скручивали головы и руки специальными железами и резиновым обручем, надевали специальныерубашки и стягивали всех членов тела.  Япотерял зрение, речь, слух. Стал инвалидом». «Протоколы допросаследователи… записывали заранее, как им было необходимо… я был вынужденподписывать такие протокола», – дейді Есқаракөкеміз.

Міне, мойындамастан басқаамал жоқ: не ажал, не өмір. Мойындаудың арқасында 13 жылдан соң елгеоралды.  Ал мойындамағандардың бірде-біреуіелге оралмады.

Есқара өкілетті органдарғаберген арыздарында ағасы Есмағанбет екеуінің Жанұзақовты өлтірген күні түніменүйде болғанын дәлелдейтін, Қазима, Оразкүл, Хатира, Сейсекүл т.б. куәгерлерболғанын, бірақ бұл куәгерлердің бірде-біреуі куәгерлікке шақырылып, олардантүсінік те алынбағанын көрсеткен.

КСРО Жоғарғы сотыныңматериалында «… Дополнительной проверкой установлено, что осуждены наосновании противоречивых показаний обвиняемых и сфальцифированныхдоказательств» дейді.

Мысалы,   куәгерлікке алдын ала дайындалған Баршагүлден Жаппар өліміне 50 күн толғанда,  03.06.1947 ж. мына мәтінде қосымша:  «… Бисұлтан совместно сҚалабаем должны были зарезать барана, принадлежащим Байсбаевым, погрузить наишака и отправить в балку и непосредственно участвовать участие в убиствеЖаппара», – деген  түсініктемеалынып,  менің әкем ШөжекбаевБисұлтан  кейінгі,   қосымша тізімге ілінеді.

Сол күні ОҚО УМГБ-нің ағатергеушісі, капитан Алтунбаевтың «… преступление носит террористическиихарактер и одним из участников этого убиства является Чужекбаев Бисултан»деген   тұтқындауға шешімі  шығып, оны УМГБ басшысы Сергунов  03.06.1947 ж. бекітіп, ОҚО прокуроры,  аға әділет кеңесшісі Ягненков   сол күні Бисұлтанды  абақтылауға санкциялайды.

Күн айналмай,  04.06.1947 ж. түнделетіп тергеу тобы Бисұлтанның табалдырығын аттап,  төрде жатқан ұйқыдағы ағам Ерназардысирағынан ұстап қарсы дуалға лақтырғанда, анамАқжарқын  есінен танады. Содан есін енді жиып, неістерін білмей абыржып тұрғанда тергеуші шырылдап жылап жатқан Ерназардың сирағына қайта жабысып: «Бай керек пе,бала керек пе?» деген өзінің «ең сүйікті» сұрағын қойып, анама дайындап алыпкелген «протокол допросын» ұсынады. Анамның қол қоюдан басқа амалы болмаған.

«Жабағы тонның биті ащы, жаман адамның тілі ащы»  демекші, 1947 жылы бұл ауылдағы аналар  мен әкелер үшін осы сұрақтан ащы сұрақболмаған. Қозыкенің алдында «жиырма шақтының» бәрі де мойындап,  бауыры бауырын,әйелі күйеуін, ағайын-туыстары да бірін-бірі ұстатып, ұлттық бейне мен адамиқасиеттерден жұрдай болды.

«Далее, обвиняемыепоказывали, что они наносили  Джанузаковуудары  обыкновенными ножами /перочиннымии столовыми/. В действительности же, как это установлено экспертизой, резано-колотыераны Джанузакову нанесены обоюдоострыми ножом типа  кинжала» деп, Жаппардың арнайы дайындалған қанжарменөлтірілгені  де  кейінірек дәлелденеді.

Ең сорақы сәті «органамследствия было известно в ходе предварительного следствия из показаниясвидетелей.… однако этот свидетель /Төлешов Райымқұл/ даже не был допрошен несматря на известностьследствию, что он был очевидцем преступления».

Жанұзақовты «өлтірген»  деп табылған кісілердің киімдеріне жағылғанқан құрамының  өлген кісінің қаныменсәйкес  еместігі де  Ташкентте жүргізілген сот-медициналық  экспертиза қорытындысымен дәлелденген. Бірақ  1947 жылғы сот процестерінде бұл ақиқатқа дамән берілмеген.

  «… В материалах дела имеются и другиедоказательства, из которых видно, что убийство Джанузакова совершено неосужденными по данному делу,  а другимилицами...»

 Жанұзақов Жаппарды қанжар сұғып өлтірген«другими лицами»-дің бірі Попов Николай Константинович (бүркеме аты – КулаковПетр Васильевич) болған. Оған  біркездерде  Германияның СССР-дегібарлаушысының агенті  деген кінә тағылып,басы қатерге тігіліп,  өмірі істі болуменөтіп, НКВД-нің ерекше бақылауында тұрған өте керекті, есептегі   қанішері болған. 

Міне, біздің құқық қорғау,сот жүйесінің өз халқынан жасырып, бүгінгі күнге дейін «құпиялап»  келген  ел аумағындағы 113 258 саяси қуғын-сүргінқұрбандары мен зардабын тартқандар туралы ел аумағында  жинақталған  «процессуалдық іс-әрекеттердің» әрі «қарсыбарлау, жедел іздестіру қызметі мен өзге де құпияға жатқызылатындеректердің»  мазмұны осы   тектес қылмыстық істер.

1996 жылы, яғни  49 жылдан соң,   тергеуші  Қ.Бишімбаевтың   «қара қойдың басын» мақтанышпен жазып, аруақшақыруы орынсыз еді. Осы, «Егеменді Қазақстан» газетіне шыққан мақаладан  кейін ағам Бисұлтанов  Ерназардың жүйкесі  сыр беріп, өмірдің мәні мен сәні  кетіп, құлазып,  ақылы адасып, өз еркімен өмірден озды (суицид). Ағам анамды еркелете білетін әрі анамның ашуын да көтеретін «көмпісі»еді. Ол кеткен соң, анам жетімсіреп,   артынан ол да кетті. Ағамның артында жеңгем жесір, сегіз баласы жетім қалды. Бұл жағдай біздің отбасымызды қазір де қорлапкеледі. Мұндай қорлықты  репрессияқұрбандарының артында қалған талай жетімдер мен жесірлер, әке-шешелері менбауырлары  көрді.

Сондықтан мұндай қияметқанды  қылмысты   өз ортамызда жүрген  шенділер мен шекпенділердің ар-намысы үшін   «құпиялап», аттарынатамай  қалыста қалдырып  отыру кешегі аруақтар мен  бүгінгі және ертеңгі ұрпақ   алдындағы қылмыс. Оның үстіне шындықтың дер кезінде ашылмауы  нағыз қылмыскерлерден ұлттық батыр, ал нағызел қамын ойлайтын текті  ел азаматтарынан«қылмыскер»  жасады. Осы тарихиқұжаттар қазіргі таңда  қолды болып,мұражайлардан жоғала бастаған  (бұлмәлімет Шымкент қаласы полиция департаментінің ақпарат-аналитика орталығының маған  20.01. 2019 №19829/61берген  хатында  расталды). Бұл деген өз тарихымызды өзіміздің қадір тұтпауымызды білдіреді. Осыныескеріп, саяси қуғын-сүргін құрбандарына байланысты әрі басқа да ел, мемлекеттағдырымен қатысты құжаттарды сақтаудың жаңа принциптерін заңдастыруды өтінішетіп парламент депутаттарына ұсыныс бердім.

        «Өлігін құрметтесе, бабасынқастерлесе,

        Халықтың қасиеті бұрынғықалпына түседі», – деген қытай философиясының негізін қалаушы Конфуцийдің ұстанымынқабылдап,   репрессия құрбандарына дегенкөзқарасымызды қайта қарап,  келерұрпаққа сабақ болардай  жаңа ұлттық  рухани ойтүйін қалыптастырып, руханижаңғыруды осы тұншыққан тарихымызды ашудан бастауымыз керек сияқты. Айтпақшы,19.04.1960 ж. Түркістан  әскери прокуратурасы  КСРО Жоғарғы сотының шешімін басшылыққа алып,«мүлт кетпеген» тергеушімізден түсініктеме алады. Сонда Қ.Бишімбаев: «… я участвовал в качествепереводчика… я больше никаких следственных действии по этому делу участие непринимал», – деп, «Қырық жыл қарсыбарлауда  жүргенде мүлт кетпеген»батырымыз  жалт беріп, өзі істегеністерін мойындамай, қашқақтайды. Ал құжаттарға көңіл аударсақ,  аудармашылықжұмыспен Садықов, Мейірманов, Муратов, Нуритдинов,Шерниязов т.б. аудармашылар айналысқан. Ал 1996 жылы «Егеменді Қазақстан»газетіндегі  мерейтойлық мақаласында«мүлт кетпеген»  тергеуші «қылмысты ашутікелей маған жүктелді» деп мақтанады. Сонда Қ.Бишімбаевтың  кім болғаны?

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш Зарыққанқызы 28.11.2020, 17:05
Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
Айжан БҮРКІТБАЕВА 28.11.2020, 16:52
Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
Айжан БҮРКІТБАЕВА 28.11.2020, 11:09
Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
Сайт әкімшілігі 28.11.2020, 10:54
Алматы "сары" аймаққа кірді - Сағынтаев
Бифат ЕЛТАЕВА 27.11.2020, 16:22
Атыраудағы зейнеткердің жанайқайы: емхана емдемейді, әкімдік тыңдамайды
Сайт әкімшілігі 27.11.2020, 11:31
Жексенбі күні қоғамдық көліктердің жүрмейтіні мәлім болды

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09
  • Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
    28.11.2020, 16:52
  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    28.11.2020, 13:30
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    27.11.2020, 11:36