25.09.2019, 15:49
49
Алматыдағы №4 аурухананың бас дәрігері Қанат ТЕЗЕКБАЕВуақытша тергеу абақтысынан босатылды. Дәрігерден қаладан ешқайда шықпау туралықол хат алынған.
Дәрігер Алматы қалалық полиция департаменті басшысы СерікКҮДЕБАЕВТЫҢ ұлы Нұрсұлтан КҮДЕБАЕВТЫҢ өлімінен кейін қызметінен түсіп, артыншақамауға алынған еді. 22 қыркүйек күні мамандандырылған ауданаралық соты оны екіайға қамау туралы шешім шығарған.
Бүгін күдіктінің әйелі Дина ТЕЗЕКБАЕВАНЫҢ БАҚ бетінде президентҚасым-Жомарт ТОҚАЕВҚА жазған хаты жарияланған-ды.
«Нұрсұлтан Күдебаев Германияда қайтыс болғананкейін, яғни, операциядан кейін 26 күн өткен соң күйеуім қызметінен түсіп қалды.Еш нәрсе түсіндірместен, себепсіз қамауға алынды. Кепілдік арқылы босатуқұқығынан да айрылған. №4 ауруханада Нұрсұлтан Күдебаевқа операция жасалғанкезде менің жолдасым екі ассистенттің бірі ғана болды. Және операцияныңнәтижесіне жауапты маман болған жоқ», — делінген хатта.
Хат иесінің айтуыншагенералдың ұлы 2019 жылдың шілде айында жол апатына түсіп, №7 ауруханағажеткізіледі. Артынша №4 ауруханаға ауыстырып ота жасалған. Кейін Германияғаапарғанымен сол жақта көз жұмады. Сондай-ақ, бұл іс бойынша анестезиолог АсқарТҰҢҒЫШБАЕВ та қамауға алынған. Бірақ, Тоқаев желідегі жазбасында екі дәрігер туралы да айтқанмен, әзірге анестезиологтың бостандығы туралы ақпарат жоқ.
Дина Тезекбаева, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт КЕМЕЛҰЛЫНАН бұл істітікелей бақылауына алуын сұрайды. Жәнетергеу мен соттың ашық жүргенін қалайды.
Дәрігер Тезекбаевтыңәріптестері «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары БауыржанБАЙБЕКТЕН араша сұраған-ды.
Президент Тоқаев бұл істіестігенін twitter.comәлеуметтік желісінде жазды. Және бұл істе тексеруге бұйрық беріп. Президентәкімшілігі, денсаулық сақтау министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінетапсырған. «Жас АЛАШ» тілшісі Қанат МАРДЕНҰЛЫНА хабарласты. Алайла ұялытелефоны сөндірулі екен.
Генерал Күдебаевтың ұлыквадроциклмен жол апатына түскен болатын. Тамыз айының соңында Германиядағыауруханалардың бірінде қайтыс болды. 29 жастағы Нұрсұлтан Күдебаев Алматықаласына қарасты Алатау ауданы прокурорының орынбасары қызметін атқарған.
Фото: moscow.sm-news.ru
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР