Тиімді көші-қон саясатының бір дәлелі – елге оралған қандастар

Ерзия ЕРСҰҢҚАР

17.03.2023, 15:11

272

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап еліміз тарыдай шашылған қазақтың басын бір шаңырақтың астына жинауды басты мақсаттарының бірі ретінде ұстанып келеді. Нәтижесінде елге келгісі келетін қандастарымызға көптеген қолдау жасалуда. Соның арқасында егемендік алғалы бері елімізге шамамен 1 млн 75 мыңнан астам этникалық қазақ қайта оралыпты. Әлі де болса еліміз кез келген уақытта шетелде қиын жағдайда қалған қандасына ара түсіп, елге қайтқысы келетіндерге қолдау білдіруден танбай келеді. Еліміздің көші-қон мәселесі мықтап қолға алынып, этникалық қазақтардың азаматтық алу жолдары барынша жеңілдетілу үстінде. Яғни көші-қон саясаты уақыт сұранысына сай бейімделуде.

Елге оралған қандастарымызға тек материалдық қана емес, моральдық та қолдау көрсетіліп жатыр. Соның айғағы – қайта оралған қандастарымыздың шығу тегі, тұрмыс деңгейі, діні, ділі бойынша шеттеу мен қорлауға жол бермеу заң жүзінде қарастырылған. Саясаттанушы Кемел Ақылбек «қандас мәртебесін алғандар бейiмдеу және ықпалдастыру орталықтарында тегiн бейiмдеу және ықпалдастыру қызметтерiмен қамтамасыз етілген. Жергілікті халық секілді медициналық көмекпен қамтылып, мектептерде және мектепке дейiнгi ұйымдардан орындар беріліп, техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейiнгi және жоғары бiлiм беретiн оқу ұйымдарында бiлiм алу мүмкiндiгiмен; басқалармен тең жағдайда әлеуметтiк қорғалумен; жұмыспен қамтылу секілді жағдайлар жасалған. Мәселен, қандастарымыз көшіп келу кезінде көлік құралдарын қоса алғанда жеке пайдалануға арналған мүлікке кеден төлемдерін төлеуден босатылады. Қазіргі таңда елімізге көшіп келіп, ісін дөңгелетіп, мемлекеттің қамқорлығын сезініп өмір сүріп жатқан қандастарымыз жетерлік. Әсіресе шекара асып жеткен қандастарымыздың арасында жеке кәсібімен айналысып жүргендер жетерлік екен. Ел дамуына атсалысып, туған жеріне келіп туын тіккен қандастарымызға барынша жағдай жасалуда.

Осы орайда заңгер Қамиша Есмұхаметқызы: «Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген қандастарға және олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделетін мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады. Яғни олардың сіңісіп кетуі үшін ең алдымен жұмыспен қамту көзделген. Сондай-ақ заң аясында мемлекеттік қолдау шараларынан басқа тұтыну несиесін және тұрғын үй құрылысына ипотекалық қарыз алу құқығы берілетіні анық жазылған. Тіпті қандастар немесе оның отбасы мүшелері оларды қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізгеннен кейін қайтыс болған жағдайда, мемлекеттік қолдау шаралары қандастарға немесе отбасы мүшелеріне олардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанына қарамастан ұсынылатыны айқындалған. Яғни оларға жергілікті халықпен бірдей мемлекет тарапынан көрсетілетін мүмкіндіктерді пайдалана алады» дейді. Көші-қон саясаты аясында оларға жасалып жатқан жағдай өзінің тиімділігін көрсетіп отыр. Соның арқасында елге келген қандастарымыздың жерсінбей кетіп қалуы жоққа тән.

Атап өтер жайт, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірінші орынбасары Ақмади Сарбасовтың мәліметінше биыл елімізге 1925 қандас және 6727 қоныс аударушы келмек. Және олар еліміздің барлық облысына бөліп орналастырылмақ. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау миниcтрлігінің өкілі «Өңірлерге келсек, Абай облысына 196 қандас, 238 қоныс аударушы, Ақмола облысына 270 қандас, Қарағанды облысына 33 қоныс аударушы, Қостанай облысына 150 қандас және 530 қоныс аударушы, Павлодар облысына 932 қандас, 2841 қоныс аударушы, СҚО-ға 138 қандас, 2660 қоныс аударушы, Ұлытау облысына 120 қоныс аударушы, ШҚО-ға 239 қандас және 305 адам қоныс аударғалы отыр» дейді. Қандастарымыздың көші көлікті болғай!

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:59
Алматыдағы тұрғын үйлерде заманауи экопункттер пайда болады
Сайт әкімшілігі 15:47
Мақсат – елдің дамуын үдету
Әділ АҚЫЛБАЙ 15:01
Офицерлердің еңбегі ерен
Б.НҰРМАХАН 13:23
Кітап оқу – мәдениет кілті
Сайт әкімшілігі 09:24
ҚазҰУ – ғылым мен білімнің ордасы
Арайлыи ЕРКЕБАЕВА 09:15
«Дені сау ұлт» жобасы аймақтарға қандай мүмкіндік береді?

Аңдатпа


  • Үкімет кетті, «Халық әртісі» мен Қошанов қайта оралды
    05:37
  • Айтыскер, блогер һәм тренер
    05:34
  • Кәсіптік білім. Диплом тарату – маман дайындау емес
    05:32
  • Жетісайдың «күрескер» әкімі Жыңғылмен күресіп жүр
    29.03.2023, 05:46
  • Нұртай Базарұлы, зейнеткер: Қарағұсованың заңына қарсылық білдіремін
    29.03.2023, 05:44