Тимур Құлыбаев мектептерге жаңа пән енгізбекші

01.09.2019, 11:40

114

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасыменорта мектептің жоғарғы сыныптары мен колледждерде жаңа пән пайда болады. Биылғыоқу жылындағы жаңа пән – «Кәсіпкерліктің негіздері». Бұл сабақ тәлімгерлердіңтаңдауымен ғана оқытылатын болады екен.  

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының ресмисайтыныңжазуынша, жаңа пән ойын негізінде оқытылады екен. Ал сабаққазақстандық компаниялардың қызметтері бойынша өтеді. Мұғалімдердің қатарындаелімізге танымал кәсіпкерлер болады.

«Көптеген жастар үшін бұлпән бизнес әлеміне бастар алғаш баспалдақ болуы ықтимал. Шұғыл шешім шығаруға,сынмен қарауға және өзгеше ойлауға үйретеді. Ұжымдық күшті қадірлеу менкәсіпкерліктің неден тұратыны білуді оқытпақ», — деді Тимур ҚҰЛЫБАЕВ білімкүнгі құттықтауында.

«Атамекен» басшысының өзі сабақ бере ме екен? СебебіТимур АСҚАРҰЛЫ қазақстандық кәсіпкерлердің арасында forbes тізіміне кірген олжалы  бизнесмен. Оның байлығы  3 100 000 000 АҚШ долларына бағаланады. Дәл Тимур Құлыбаевтың табысына қарап үйретері көп деп ойлаймыз. 

«Кәсіпкерлер оқушыларғажақсы мотиватор болады. Табысқа қалай жеткендері туралы және бизнестегідағдарысты қалай жеңу керектігін айтып береді. Кәсіпкерліктің негізгі ережелері мензаңдарын түсіндіреді. Өз ісіңді қалай ашуға болатынын, қайда қаржы құюкеректігін де үйретеді. Біздің осы бір бастамамызды қолдаған кәсіпкерлергеалғыс айтамыз», — деді Тимур Құлыбаев.

Коллаж: zhasalash.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еңлік АБАҒАН 04.08.2021, 13:22
Қарасай ауданы: Қоймалжың батпақ пен қою шаң
Нұрболат ӘЛДИБЕК 03.08.2021, 11:01
«Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 03.08.2021, 09:25
«Естімейтін үкімет» пен екпеге сенбейтін халық
Елеусіз МҰРАТ 03.08.2021, 09:20
Еріккеннің ермегіне айналған әлеуметтік желіге тәртіп керек
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 14:30
Қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 21 миллиард теңге салған
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 12:04
Жаңа оқу жылы онлайн бола ма, офлайн бола ма?!

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58