06.03.2021, 16:08
20
2021 жылдың 1 сәуірінде «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ-да «DIGITAL BUSINESS SERVICES» ЖШС өкілдерімен кездесу өтті.
«DIGITAL BUSINESS SERVICES» ЖШС — көппәтерлі тұрғын үйлер қызметін цифрландыру саласында өзінің бағдарламалық өнімдері бар қазақстандық IT компания. Кездесуде көпқабатты үйлер мен коммерциялық жылжымайтын мүлікті онлайн режимінде басқаруға мүмкіндік беретін AULA мобильді қосымшасы ұсынылды.
AULA басқару компаниялары үшін CRM жүйесі ретінде жұмыс істей алады, ол резиденттерге мобильді қосымша арқылы, сонымен қатар жүйеге тіркеле отырып, басқару орталығына өтініштер жіберуге мүмкіндік береді.
ЭЦҚ-мен қол қою арқылы электрондық дауыс беру процесі көрсетілді.
Қосымша IoT Интернет заттары арқылы үйді басқару бағытында дамып келеді (бейнебақылау, шлагбаумды бақылау, домофон, сонымен қатар ішкі инженерлік желілерді бақылау).
Бүгінгі күні компания 12 мыңға жуық пәтерге қызмет көрсетеді, 6000 пәтер диспетчерлік қызметке қосылған, 1000-нан астам пәтерде ақылды үй жүйесі орнатылған.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР