ТМД елдері қарулы күштері штабтарының басшылығы әскери ынтымақтастықты дамытуды талқылады

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

08.06.2021, 22:01

462

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары — Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Бектанов Санкт-Петербург қаласында өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің қарулы күштері штаб бастықтары комитетінің отырысына қатысты.  

Бас қосуда қатысушылар  әлемдегі әскери-саяси ахуал мен оның Достастық елдеріне әсерін талдап, 2025 жылға дейінгі Әскери ынтымақтастық тұжырымдамасын жүзеге асыру жайын талқылады.  Бұл елдердің келешектегі өзара іс-қимылын бағдарлауды айқындайды. Генерал-лейтенант Мұрат Бектанов практикалық тәжірибе алмасудың, ынтымақтастық негізінде әскери саладағы өзара іс-қимылдың бірлескен жүйелерді дамытудың маңызын атап өтті. Бұл әуе шабуылына қарсы қорғаныстың біріккен жүйесі, мемлекеттік радиолокациялық танудың бірыңғай жүйесі, әскери авиацияның ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша ақпарат алмасу жүйесі, бірлескен (Біріккен) байланыс жүйесі, РХБ жағдайды бақылау мен бағалаудың бірлескен жүйесі және өлшем бірлік жүйесі. Оқу-жаттығу ағымдағы жылдың қыркүйек айында Қазақстан мен Ресейдің әскери полигондарында өтеді. 

«Жауынгерлік бауырластық 2021» бірлескен оқу-жаттығуын талқылау барысында қазақстандық тарап бүгінгі күні ТМД әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірлескен жүйесі – ол әскери ынтымақтастық аясында интеграциялық процестің ең маңызды жетістіктерінің бірі екенін атап өтті. Талқылауға арқау болған тақырыптардың бірі  радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлерінің COVID-19 таралуына қарсы күреске қатысу тәжірибесі. Қазақстанда бұл бөлімшелер әлеуметтік маңызы бар және карантиндік объектілерді, адамдар көп жиналатын орындарды, блок бекеттерді, Қарулы Күштер объектілерін, қалалардың және мемлекеттік әкімшілік объектілердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуді, жаяу жүргіншілер аймақтары мен жол учаскелерін өңдеу үшін қолданылды.

Бұл ретте отырысқа қатысушылар 2022 жылға жоспарланған бірлескен іс-шараларды, әуе-ғарыштық қорғаныс жүйесін құру саласындағы зерттеулерді және авиацияның ұшу қауіпсіздігінің жай-күйін талқылады.ТМД нормативтік құқықтық базасын жетілдіру маңызды мәселенің бірі болып қала береді. 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 24.09.2021, 19:47
Байбек: Nur Otan-ның сайлауалды уәделері өңірлерде 14%-ке іске асырылды
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 24.09.2021, 13:06
Баланың мұңын кім тыңдайды?
Жарлы БАЙҒАНИН 24.09.2021, 10:08
Солтүстік қазақылана бастады
Әдина ЕРҚАРАЕВА 23.09.2021, 17:30
Құл ететін құмар ойындар
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.09.2021, 15:40
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 22.09.2021, 14:20
Аралас мектептер азаюдың орнына артып кетті. Неге?

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39