Төбелес: Желтоқсаншылар ұйымындағы сайлау

09.04.2019, 01:09

15

Кафеде өткен конференция

Алматыда қаласында Патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» Республикалық қоғамдықбірлестіктің IV есеп беру және қайта сайлау жиыны өтті. Қызу өткенсайлауға полиция мен дәрігерлер де келді.

Желтоқсандықтар конференция деп ат берген съездге облыстарданжүздеген адамдар жиналды. Қызығы бір ұйымның екі төрағасы бар болып шықты.  

Жиынға келген бірлестік мүшелерінің бір тобында БолатҚҰРМАНБАЕВТЫҢ мөрі басылған куәлік болса, енді бірі Жақсылық ЖЕКСЕНБАЕВТЫҢжасап берген куәлігімен келген. Күн тәртібіне сәйкес Болат Құрманбаев төрағаретінде есеп беруі тиіс еді. Алайда, қос билік арасында тартыс басталып кетті.  

«Жексенбаев берген куәліктің ешқандай күші жоқ. Сіздер дежиынға қатыса бересіздер. Алайда, сайлауда дауыс бере алмайсыздар», — дептүсіндіріп өтті жиынды жүргізуші Ұлболсын СЕЙІТҚАЗЫ.  

Сонымен кезек есеп беруге де жетті.  

«Құрметті желтоқсаншылар! Желтоқсан көтерілісі — тәуелсіздіктің бастауы екені анық. Бұрын анда-мында қашып жүріп жиынөткізетінбіз. Қазір Жазушылар одағынан орын беріле бастады. Ондағы мақсат — желтоқсаншылардыңбасын біріктіру. Бірақ, осы үрдіс біреулерге ұнамады білем. «Мен сіздергестатус алып беремін. Жағдайларыңызды жақсы етемін. Ананы-мынаны жасаймын» дегенбелсенділер көбейіп, арамызға жік түсті. Бірлігіміз шашырай бастады. Осыныкөрген соң қатарымызға қосылған желтоқсаншылар қайтадан теріс айнала бастады.Соның кесірінен ырду-дырду басталып, желтоқсаншылармен билік те санасуды қойды»,- деп бірлікке шақырған БолатҚұрманбаев ары қарай атқарған істерін, нақтырақ айтсақ, Желтоқсаншылардыңбалаларына ЖОО-да білім алуға мүмкіндік туғызып бергенін, жетімдерге, қарттарғакөрсеткен көмегін айтып, есеп берді.

Бұдан кейін жарыс сөз басталды. Алғашқы болып сөздіЛәззат ЖАПАШЕВА алды.

«Мені тыңдаңыздар! III конференция болған жоқ. Конференциядеген соң жиналдық. Бірақ оны ресторанда тойладық, тек қана тойладық. Сондабұл IV конференция қайдан шықты?» — деп наразылығын білдіріп, "қайта сайлау" деп жазылғаныныңөзін қате деп сөкті.

Дегенмен, бұл үндеуге құрылтайшылардан өзге жұрт"қош!" деген жоқ. «Арада 2 жыл өтті. Осы уақытқа дейінқұрылтайшылар неге үндемедіңдер. Сендер өткіздіңдер ғой соны. Мен де қатысқанжоқпын», деген Ұлбосын Сейітқазы ары қарай қаржылық есеп берді. ҰлбосынСейітқазының берген есебі бойынша ұйым төрағаға 300 мың теңгеден аса қаражатқарыз екен. Алайда мұнан кейін сөз сөйлеген Гүлзатхан ТЕМІРБЕКОВА мұның бәрінтеріске шығарып, дау тағы да өршіді.

Айтпақшы, осы арада тараздық желтоқсаншылар ұйымнанкеткенін мәлімдеді. Бұл туралы өзін Тараз желтоқсаншыларының төрағасымын деп таныстырғанИсмаил ХОДЖАМҰРАТОВ айтты.

Төрағаның есебінен кейін сайлау өткіземіз бе, өткізбеймізбе деген мәселе ұзақ талқыланды. Қазіргі төраға Болат Құрманбаевтың екіншімерзімге сайлану үшін кандидат болуы қаншалықты заңды деген сұрақ 2-3 сағат бойысөз болып, соңы жанжалға ұласты.

Дауды тоқтатамын деп ортаға ардагер желтоқсаншы АйшаАЙТЖАНОВА шықты. «Сендерге не болған? Сонша неменеге таласып жатырсыңдар?Мұнымыз жарамайды!» дегенмен, бірін бірі жағасынан алған жұрттың беті беріқарамады. Бір-біріне бокал лақтырып, кейбір желтоқсандықтардың қан қысымы көтеріліп кетті.Ақыры, сайлау қорытындысы полиция және жедел жәрдем қызметкерлерінің қатысуыменанықталды.

Төраға болуға 4 адам ұсынылды. Жанат НҰРМҰХАНБЕТОВ,Гүлмира НҰРБОЛДИНА, Дәлелхан СҰЛТАНОВ және Болат Құрманбаев. Болат Құрманбаев 162 дауыс — жәшіктен; 451 дауыс — Ақтау, Атырау, Жаңаөзеннен; 172 дауыс — Тараз қаласынан; 30 дауыс — Нарынқол мен Кегеннен,­ ­– барлығы 815 дауысжинады. Дәлелхан Сұлтанов жәшіктен — 40, ШҚО-нан – 80, – барлығы 120 дауыс жинаса, Ұлбосын Сейітқазы – 1; ал Жанат Нұрмаханбетов – 0 дауыспен сайлауды қорытындылады.

Конференция жиын соңына дейін қалған аздаған желтоқсаншылардыңөз орнына қайта сайланған төрағаларын құттықтауымен аяқталды.

Фотолар автордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 30.09.2020, 14:47
Атырауда блок-бекеттердің неге қойылғаны белгілі болды
Сайт әкімшілігі 30.09.2020, 10:26
Министр темекі шегетін орын қандай болуы керектігін айтты
Сайт әкімшілігі 30.09.2020, 10:07
Денсаулық сақтау министрі халықаралық әуе рейстерін шектеуді ұсынды
Сайт әкімшілігі 30.09.2020, 09:30
Телефонын қуаттаймын деп қайтыс болды
Еркежан АРЫН 30.09.2020, 00:40
52 миллиард теңге: Қазақстандағы экономикалық қылмыстан келген шығын
Амангелді СЕЙІТХАН 29.09.2020, 11:05
Атамекенім қайда екен?

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    29.09.2020, 10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    29.09.2020, 09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16