"Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды

Сайт әкімшілігі

15.08.2022, 08:58

1161

Алматы облысы Талғар қаласының тұрғындары 1200 орындық жаңа мектептің сапасына наразы, — деп хабарлайды <a href=«http://»Тек бірінші қабаттағы қабырғалар жарыла бастаған. Кемшіліктер қайта жөнделеді. Мектеп ішінде ұл-қыздарға бөлек-бөлек дәретханалар бар. Сонымен қатар жоба бойынша аулада да әжетхана салу қарастырылған. Мердігер компания мектептегі кемшіліктерді 25 тамызға дейін түзеуі тиіс", — делінген әкімдік хабарламасында.">Жас Алаш

 Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мектеп дәретханасы далада орналасқан. Мектептің қабырғалары жарылып, сыз тартып, төбесі опырылып жатыр. Ал мектептің бюджетіне үш миллиард теңге жұмсалған.

"Әкімдік бұл жерді кімге мақтану үшін салды. 1200 орындық таңдаулы, заманауи мектеп деген еді. Ал қазір мектепке  оқушы жинай алмай отыр. Бастауыш сынып оқушыларын басқа мектептен ата-ананың рұқсатынсыз ауыстыруды ұйғарыпты. Ал заң бойынша қай мектепке баруды, қай мектепке бармауды ата-ананың өзі таңдайды емес пе? — дейді ата-аналар.

Бұл мәселеге қатысты Талғар аудандық әкімдігі кемшіліктерді мердігер компания жаңа оқу жылы басталғанға дейін түзейтінін айтты.

«Тек бірінші қабаттағы қабырғалар жарыла бастаған. Кемшіліктер қайта жөнделеді. Мектеп ішінде ұл-қыздарға бөлек-бөлек дәретханалар бар. Сонымен қатар жоба бойынша аулада да әжетхана салу қарастырылған. Мердігер компания мектептегі кемшіліктерді 25 тамызға дейін түзеуі тиіс», — делінген әкімдік хабарламасында.

Тегтер: мектеп білім шара

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бифат ЕЛТАЕВА 23.09.2022, 14:38
Қазақ балалары – Венада
А.ЖАБАЙ 23.09.2022, 08:37
Аймағамбетовтің құлағына «Алтын сырға»
Жадыра МҮСІЛІМ 22.09.2022, 17:25
Скринг саулықтың кепілі ме?
Сайт әкімшілігі 22.09.2022, 16:14
"Орташа тариф 250 теңге болады" - Алматы әкімдігі автобустарда жол жүру ақысы туралы айтты
Нұрлан ТОБАҚАБЫЛОВ 21.09.2022, 08:48
Министр мұғалімдерге «мат» қойды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.09.2022, 14:47
Жебе ұшындағы бөгет кімнің мүддесін көздейді?

Аңдатпа


  • Безбүйрек үкімет. Қуыршақ депутат. Таңдаусыз сайлау
    23.09.2022, 08:47
  • Жемқорларға жем болған Қазақстан
    23.09.2022, 08:42
  • Аймағамбетовтің құлағына «Алтын сырға»
    23.09.2022, 08:37
  • 25 қазан ұлттық мереке: Парламент заң қабылдады
    22.09.2022, 13:38
  • Әкімді әйел билесе...
    22.09.2022, 08:41