«Томиристі түсіре бастағанда қазіргі саясаттың иісі де болмаған»

01.10.2019, 07:20

53

Қарағандыда бюджеті 2,5 миллиард теңгені құраған«Томирис» фильмінің тұсауы кесілді. Бұл кино туындыда  аты аңызға айналған сақ патшайымы Томиристіңөмір жолымен ерлігі сомдалған. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында жарыққашыққан кино жоба екі жарым жыл бойы түсірілді.

Кино туынды көне түрік тілінде түсірілген. ДегенменҚарағандыдағы кинотеатрда көрсетілген Томирис фильмінің  дубляжының қазақ тілінде емес, орыс тіліндеболуы көпшілікке ұнай қойған жоқ.Киноны көрген қарағандылықтар көптен беріжарыққа шыққан фильмнің қазақ тіліндегі дубляжбен көрерменге бірінші болып, жолтартпағанына наразы болып әлеуметтік желіде бұл жөнінде көп талқылаған. Киноныңтұсау кесерінде фильмнің режиссері Ақан САТАЕВ туындының соңындағы титрларынлатын тілінде жазу барысында қате кеткенін мәлімдеді.

«Кинода финалдықтитр деген болады онда фильмді түсіруге ат салысқан адамдардың барлығының атыжөндері көрсетіледі, сонда латынша жазған едік, осы жерде қате кетіп қалды. Құқықтықжағынан алғанда мұндай  қатемен киноныкөрсетілімге жіберуге болмайды.Сол себепті қазақша дубляжбен шықпады, жақындабұл қателіктер түзетіліп қайта шығатын болады»,- деп мәлімдеді киноныңқоюшы режиссері Ақан Сатаев.

Негізі Томирис фильмін түсіру идеясын экс-президент НұрсұлтанНАЗАРБАЕВТЫҢ қызы Әлия НАЗАРБАЕВА ұсынған еді.

Ел билеген Сақ патшайымы Томиристің өмірін насихаттағанфильмді қазіргі уақытта жұртқа белсенді түрде ұсынудың астарында халықты әйеладам билей алады деген саясат жоқ па деген ой да көпшілікті мазалайтыны анық. Осыорайда қойылған сауалға Ақан Сатаев «саясатпенкиноны араластырмаймыз, осыдан үш жыл бұрын кино түсіру идеясы болған кездеқазіргі саясаттың исі де болмаған еді» деген пікірін білдірді.

Кинодағы басты рөлге түсу үшін 15 мың адам кастингке қатысқан.Дегенмен кастингке қатыспаған Әлмира ТҰРСЫННЫҢ фотасын инстаграмм желісіненкөрген киноны түсірушілер өздері шақырыпты. Бағы жанып киноға келген ӘлмираТұрсын мамандығы бойынша бұған дейін психолог коучинг болып еңбек етіп жүргенеді.

Томирис киносы Иранда көрсетілгенде сол жақтада сынғаұшырап қалыпты. Ақан Сатаев бұл тұрғыда кино Геродоттың нұсқасына бағытталыптүсірілгені Ирандықтарға ұнаған жоқ деген пікірін білдірді.Бүгінде кино Түрікелінде және Қырғызстанда көрсетіліп жатыр.

Фото: tengrinews.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айжан БҮРКІТБАЕВА 11:09
Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
Сайт әкімшілігі 10:54
Алматы "сары" аймаққа кірді - Сағынтаев
Бифат ЕЛТАЕВА 27.11.2020, 16:22
Атыраудағы зейнеткердің жанайқайы: емхана емдемейді, әкімдік тыңдамайды
Сайт әкімшілігі 27.11.2020, 11:31
Жексенбі күні қоғамдық көліктердің жүрмейтіні мәлім болды
Сайт әкімшілігі 26.11.2020, 10:22
Коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті
Жарлы БАЙҒАНИН 26.11.2020, 09:16
Есектің еті ем, сүті саумал ма?

Аңдатпа


  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    13:30
  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    11:09
  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    27.11.2020, 09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    27.11.2020, 11:36