Тоқаев келеді: Кәлпе ауылы қызу дайындық үстінде

04.04.2019, 14:30

54

Кремльдің қожайыныВладимир ПУТИН Қазақстанның екінші президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ алдынанөзі шығып қонақжайлық танытпаса да, мемлекет басшысының атақонысы – Кәлпе ауылықызу дайындық үстінде екен.

Президент ретінде алғашқы ресми сапарын Мәскеуге жасаған президент Тоқаевты «Внукова» әуежайында тым құрығанда сыртқы істер министрі Сергей ЛАВРОВТЫҢ өзі қарсы алмаған еді. Алайда, Алматы облысы, Қаратал ауданына қарасты Кәлпе халқы өзінің жерлестері деп есептейтін Қасым-Жомарт Кемелұлының келуіне дайындықты бастап кетіпті. Бұл ауылда президенттің әкесі Кемел ТОҚАЕВ дүниеге келген.

Президенттіатажұртына  сәуірдің 8-де келеді депестіген кәлпеліктер аулаларын тазалап, абаттандыру жұмыстарын  бастаған екен.

«Ауылға бастық, шенеуніктер келгенде жолжөнделіп ауыл тазаланады. Өзіме президент келеді деп ешкім хабарлаған жоқ. Дегенменсубботникке шығыңдар, Тоқаев келейін деп жатыр деген әңгіме болды.   Бірақ, мен тазалап жатқан жер өзім жұмысістейтін дәрігерлік амбулаторияның ауласы ғой. Сондықтан, ол келмесе детазалауым керек», — дейді Кәлпетұрғыны Берік ЕСІМБЕКОВ.

«Барлық жаңалықты таксистерден естиміз ғой. Маған олар8-де келеді деп айтты. Негізі жол жөнделіп, жаппай ауылды тазартып жатқанынақарағанда Тоқаев келетін сияқты», — дейді тағы бір ауыл тұрғыны Қуатбек ТӨКЕН.

Қазір Кәлпе ауылынакіретін негізгі жолдың құрылысын Талдықорған қаласынан келген мердігер компанияқолға алған екен. 30-дан астам адам мен бірнеше ауыр техника көшедегі жолдардыжамап, асфальт төсеп жатыр.

Тоқаев келуі мүмкіндеген хабарды ауыл әкіміне облыс басшысының орынбасары Серікжан БЕСКЕМПІРОВайтқан екен. Ауа-райы қолайлы болса президентке қант қызылшасы егілетіналқаптарды көрсетуді жоспарлаған көрінеді. Ауыл әкімінің айтуынша, президент аралайтынегістік алаңы да дайын екен.

«Нақты қай кезде келетінін ешкім айтпады. Бірақ сәуірдіңсегізі күні келеді деген хабар бар. Соған орай ауылда ағаш кесу, ақтау, сырлау жұмыстарын бастап кеттік. Бір сөзбенайтқанда санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Ал, жол жөндеп жатқанмердігерлер былтыр аяқай алмай кеткен жұмыстарын жалғастырып жатыр. Тоқаевтыңсапарына оның еш қатысы жоқ»,- Жолбарыс батыр ауылдық округінің әкімі СержанАНДАСБАЕВ.

Екі  апта бұрын (наурыздың 20-сы күні ) Қасым-Жомарт Тоқаев уақытша президент болыптағайындалған кезде  Жас АЛАШ тілшісі мемлекет басшысыныңатажұрты Кәлпе ауылына арнайы барып қайтқан болатын. Ол кезде ауыл әкімініңкабинетіндегі президент портретіне арналған орын бос болған. Қазір онда тұңғышпрезидент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ суреті тұр.

Фотолар автордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 30.11.2020, 16:17
Адам өміріне араша түскен полицейлер марапатталды
Сайт әкімшілігі 30.11.2020, 13:59
"ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
Сайт әкімшілігі 30.11.2020, 11:53
COVID-19: 222 адамның жағдайы нашар
Сайт әкімшілігі 30.11.2020, 10:22
Коронавирустан 900-ден астам бала емделіп жатыр
Бифат ЕЛТАЕВА 30.11.2020, 09:56
Туған баласынан безінетіндер неге көбейіп кетті?!
Сайт әкімшілігі 29.11.2020, 17:57
"Nur Otan" партиясының қатарына тағы 1,5 мың қазақстандық қосылды

Аңдатпа


  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04
  • Көлік қаққан балалардың құқы аяқ асты таптала бере ме?! (видео)
    29.11.2020, 10:26
  • Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
    28.11.2020, 17:05
  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09