Тоқаев кеңесшісі ел тыныштығын үйінің төрінен іздеп жүр (видео)

10.09.2019, 20:35

4


ПрезидентҚасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ (штаттан тыс) кеңесшісі Мақсат ЫСҚАҚОВ әлеуметтік желідевидеоүндеу жариялап, «Ел тыныштығын қалай сақтаймыз?» деген төтенше сұраққойыпты. Президент кеңесшісі бұл үндеуін өзі кеңес айтуы тиіс тікелей бастығынаарнады ма, әлде, қарапайым халыққа айтқан ақылы ма, ол жағын нақтыламайды. Бірақ,үндеудің әлеуметтік желіде жариялану ретін бірден «ақпарат алмасқан заманмен» ақтапалады. Оның үстіне айтқаны орыс тілділерге де түсінікті болу үшін жүгіртпеаударма жасапты.

«Қазір ақпараттың алмасқан заманы. Осы ақпарат алмасқанзаманда саясаткерлердің басты мақсаты елдің тұрақтылығын сақтап қалу. Елдіңтұрақтылығын қалай сақтап қаламыз?» – деп Мақсат ЫСҚАҚОВ әлеуметтік желідегі көрерменіне сұрақты төтесіненқояды. Президент кеңесшісінің өзі осылай сөйлеп тұрған соң, елдегі жағдайтұрақсыз екен деген ой келетіні сөзсіз.

«Қазіргі кездерде жан-жақтан оқу бітіріпкелген мамандар әр елдің тәжірбиесін жүргізгісі келеді. Бірақ біздің өз жолымызбар. Өзіміздің ата-бабамыздан қалған сара жол – ғылым мен біліміміз бар», –деп бір қайырады. Осы сөйлемнен кейін кеңесшінің «Ел тыныштығын қалайсақтаймыз?» деген сұрқайы да сұмдық сұрағының құпиясы ашылғандай.  Байқадыңыз ба, «Қазіргі кездерде жан-жақтаноқу бітіріп келген мамандар әр елдің тәжірбиесін жүргізгісі келеді» дейдікеңесші. Яғни, өзі айтқан ата-баба сара жолын бұзғысы келетіндер – «жан-жақтаноқу бітіріп келгендер». Міне, біз осылардан сақтануымыз керек екен.  

«Ел тұрақтылығынсақтап қалуда біздің бабаларымыз айтады екен: «Ел болатын елдің алты қасиетібар, ел болмайтын елдің төрт белгісі бар» деп, әлгі «жан-жақтан оқу бітіріпкелгендерден» ата-баба жолымен қалай сақтанудың жолын да баяндай өтеді.

Дегенмен, ол айтқаносы алты қасиетті шамаңыз келгенше ұйқастырып, бүгінгі күнге, өзіңіздіңұстанымыңызға сай бұрып алып, пайдалана беруге болады. Әлгі біздің ауызәдебиетінде 1-ден бастап 10-ға, 100-ге дейін кете беретін «біріншіден нежаман?» деген сияқты той-томалақтарда айтылатын зиянсыз кеңестер сияқты бірдүние. Әрине, Мақсат ЫСҚАҚОВ айтқан сөздің ішіндегі екі қасиет – «жастары –тәубешіл, халқы – сабырлы» ел – әсіресе билік үшін өте ыңғайлы. Ал, «басшысы –әділ» ел дегенді шенеуніктеріміздің қалай тәпсірлейтінін жақсы білеміз...

Президент кеңесшісініңайтуынша «әлемде болып жатқан әлеуметтік жағдайлар – дүниенің жетпейтіндігі,ақшаның жоқтығы емес», «мейірім мен махаббаттың» аздығынан болып жатыр екен.Мақсат ЫСҚАҚОВТЫҢ осы сөзіне сенбескелажыңыз қалмайды. Себебі, видеоүндеуге түскен жеріне қарасаңыз, дүниесіжеткілікті, ақшасы баршылық, ал елге деген мейірімі мен махаббаты алабөтенкөрінеді.

Айта кету керек,шешендік өнерге негізделген бұл видеоматериалдың аса салтанатты фондатүсірілгені. Материалда көзге алдымен сөйлеп тұрған автор емес, оның оң-солы,алды-артындағы құнды жиһаздар мен қымбат әшекейлер, ауыр да қалың перделертүседі. Үлкен үстелдің жартысын гүл басып тұр. Видеооператор біліп істеді ме,білмей істеді ме, камераны жарыққа қарсы қойып, сөйлеушінің жүзін бұлыңғырлаптастапты. Есесіне, президент кеңесшісінің артқы жағынан жарық, жарық дейміз-ау,нұр төгіліп тұр. Мұнысы «сөзіме ерсеңдер, нұрлы әлем менің артымда» дегендейидеологиялық емеуіріні болса керек.

Ысқақовтың галстуктағып, костюм-шалбармен шікірейіп тұрғанын көріп, бұл салтанатты фон – оныңкеңсесі ме деген ой келді. Сұлулап сөйлегенді ұнататын шенеунік жұмыс кабинетінде келістіріп жасапты дедік. Бірақ, кеңсеге келіңкіремейді. Әлде, бір дөкейдіңқұдалығын басқаруға барып (шешендігіменаты шыққан жігіт қой), сол жерде тұрып репетиция ретінде түсіріліп қалғандүние ме екен деген де ой келді. Сөйтсек, бұл оның өз үйі болып шықты. Оны интернеттен кездейсоқ тауып алдық. «Асыл арнаның» жігіттері бұл кісі Баспрокурордың аға көмекшісі болып тұрған кезінде дәл осы үйге ауызашарға келіпті.Оны арнайы бағдарлама жасап тұрып, елге ұсынған.

Сосын, Мақсатмырзаның өз үйінде де галстук тағып, шітірейіп жүре ме деп ойладық. Бірақ,ауызашарда басқаша, ал мынаусы, халыққа сөз арнаған соң шенеунік екенім білініптұрсын дегені шығар. Ауызашар мен біз айтып отырған видеоүндеудіжақындастыратын тағы бір ортақ белгі бар: Ол Мақсат ЫСҚАҚОВТЫҢ жұртқа ақылайтқанда төрде тұрып (отырып) сөйлегенді ұнататыны. Және өз үйінің төрінде.

Өз үйінің төріндетұрып президентке әлде халыққа видеоүндеу жолдайтын кеңесшінің сөзі біз ең көпестіп келе жатқан және бір лепес – «ата-бабаларымыз аңсап өткен Тәуелсіздіктісақтап қалу үшін не істеу керек?» деген тұрлауы жоқ уағызға ұласады. Қош,сондағы кеңесшінің мақсаты не?

Елде тыныштық жоқдеген ақпаратын жеткізу ме? Әлде, бастығы Қ.Тоқаевтың «халықпен диалог құру»бастамасын қолдаған түрі ме? Егер соңғысы болса, халықпен әлеуметтік желіарқылы жүздесуінде видеоға тым болмағанда көшеге шығып түссе не етті? Өзі екісөзінің бірінде айта беретін ата-бабамыздан және қалған «аш бала тоқ баламенойнамайды» деген нақылды ескеріп, халыққа байлығы мен дүниесін көрсетпей, аз даболсын мейірім мен махаббатпен қараса, ел де тыныш болмай ма!

Фото: youtube.com


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты
Айжан БҮРКІТБАЕВА 17.09.2020, 11:16
Кәдеге аспаған диплом
Б. НҰРЛЫБАЕВ 17.09.2020, 11:03
Бар кінә өзімізде
Мариям МАҚСАТ 17.09.2020, 09:26
Жетімдердің жанайқайы мемлекет оларға қашан үй береді?
Қарлығаш Зарыққанқызы 17.09.2020, 09:10
«Тұрмысты түзейді»
Сайт әкімшілігі 16.09.2020, 15:53
Қазақстандықтардың қарызын кешіру ұсынылды

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04