Тоқаев көшесінің тұрғындары Тоқаевтың кім екенін білмейді

02.05.2019, 16:10

51

Шымкентте Тоқаев деген көше бар. Көпшілік бұл көшегепрезидент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ әкесі Кемел ТОҚАЕВТЫҢ есімі берілген депесептейді. Алайда көше тұрғындары бұлай болуы мүмкін емес деп отыр.

Тоқаев көшесінің ұзындығы бар-жоғы жарты шақырым.«Ескі шаһардағы» Әйтеке би көшесінен басталып, орта жолда Қ.Тұрысов көшесімен қиылысады, соңы Түркістан көшесіненаяқталады. Бұл көшенің бойында ескі екі қабатты тұрғын үйлер көп. Сондай-ақ,«Энергопоток» серіктестігі, бір кездері атағы алысқа кеткен «Восход» тігінфабрикасы, Қаратау аудандық соты,  басқада кәсіпорындар бар. Тоқаев қаланың қарапайым ғана көшесі. Әрине, Назарбаевдаңғылымен салыстырғанда. Бірақ Тоқаевтың Шымкенттің шетіндегі тас төселмеген,лай-батпақ өте көп көшелерге қарағанда әлдеқайда бақытты екендігі рас.  Көпшілік көше қазақтың жазушысы, қазақ әдебиетінде детективтік жанрдың негізінсалушылардың бірі Кемел Тоқаевтың есімімен аталады деп ойлайды. Алғашқыдабіздің де  солай ойлағанымыз рас.

Біз ғана емес, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі десолай деп сенсе керек. Ақпарат құралдарында жазылған мәліметтергеқарағанда,  жуырда Шымкентке келгенсапарында Қасым-Жомарт Тоқаевтің өзі бұл көшеге әкесінің есімі берілгенін атап өтіпті. Президенттің өзі айтқан соң солайболмағанда қалай болушы еді...

Алайда көше тұрғындары Тоқаевтың кім екендігінбілмейтін болып шықты. Бірақ олар бұл президенттің әкесі Кемел Тоқаевқа ешқатысы жоқ деп отыр. Түркістан- Тоқаев көшелерінің қиылысындағы көпқабатты үйдетұратын жасы жетпістен асып қалған Людмила есімді апай осы үйде 1974 жылданбері тұратынын, бұл көше сол кезде Тоқаев деп аталатынын айтты:

-Ол президентТоқаевтың әкесі емес. Ал көше атын иемденген Тоқаевтың кім екенінбілмейміз,-деді ол.

-Мен Шымкентте 1967жылдан бері тұрамын. Бұл көше сол кезде Тоқаев деп аталатын. 1971 жылы осы үйгекөшіп келдік. Сол  жылы бұл көше Тоқаев,ал мына көше Түркістан деп аталатын,-деді біз әңгімелескен Мәнсия апай.

Алпысыншы жылдары Кемел Тоқаев Қазақ КСР ЖоғарғыКеңесі «Ведомостарының» бас редакторы болып істеген.

Ал белгілі ақын, ұзақ жылдардан бері облыстықономастикалық комиссияның мүшесі болып келе жатқан Қабылбек ТӨРЕТАЙМЕНхабарласқанымызда ол:

-Бұл Тоқаев жазушыТоқаев болмауы мүмкін. Татардың Ғабдолла Тоқаев (кейбір деректерде Тоқай депаталады) деген ақыны бар. Бұл сол Тоқаевтың құрметіне қойылған-ау. Өйткені  Кемел Тоқаев әлі танымал болмай тұрған кездебұл көше Тоқаев деп аталатын. КазГу-ді бітіріп, Шымкентке келген алпысыншыжылдардың аяғында Тоқаев көшесі еді,-деді.

Шымкенттегі «Ақжайық» шағын ауданында тұратынЖолдасбек ҚОРҒАНБЕКҰЛЫ «көше қырқыншы жылдардың аяғында Тоқаев еді» деп отыр.

-Мен 1949 жылы Тоқаевпен қазіргі Тұрысов көшелерінің қиылысында орналасқан Спатаев мектебініңбесінші сыныбына бардым. Мектепке қарама-қарсы бетте от диірмен болатын. Міне,сол жылы бұл көше Тоқаев деп аталатын. Бірақ Тоқаевтың кім екендігінбілмейтінбіз. Бұл мәселені зерттеу керек,-деді ол. 

Қырқыншы жылдардың аяғында Кемел Тоқаев университеттіжаңа бітірген әлі жас маман. Оның еңбек жолы «Лениншіл жас» газетінен қазіргі«Жас алаштан» басталған.

Осы жерде айта кетейік, Ғабдолла Тоқаев (немесе Тоқай)1886 жылы дүниеге келген. Татардың Халық ақыны, әдебиет сыншысы, публицист,қоғам қайраткері, аудармашы. Шымкенттегі көшеге осы азаматтың есімі берілгенболуы мүмкін. Бірақ бұл болжам ғана, нақты емес.

Соныменен Шымкенттегі Тоқаевтің кім екендігі жұмбақ күйінде қалды. Біз осы жөнінде қалалық әкімдіктегі жауапты қызметкерлерден де сұрап көрген едік. Алайда олар жарытып ештеңе білмейтін болып шықты. Сонда президент Тоқаев қателесті ме? Бір қызығы, аталған көшедегі тақтайшаларға көше атауы «Тоқаев» деп жазылған. Басқа көшелерде адамның аты да, тегі де көрсетілген. Тоқаев та тым құрыса бұл да жоқ. Шамасы тақтайшаларды орнатушылар да Тоқаевтың кім екенін біле алмаған сияқты

Фото автордікі.

МАТЕРИАЛДЫ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш Зарыққанқызы 28.11.2020, 17:05
Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
Айжан БҮРКІТБАЕВА 28.11.2020, 16:52
Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
Айжан БҮРКІТБАЕВА 28.11.2020, 11:09
Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
Сайт әкімшілігі 28.11.2020, 10:54
Алматы "сары" аймаққа кірді - Сағынтаев
Бифат ЕЛТАЕВА 27.11.2020, 16:22
Атыраудағы зейнеткердің жанайқайы: емхана емдемейді, әкімдік тыңдамайды
Сайт әкімшілігі 27.11.2020, 11:31
Жексенбі күні қоғамдық көліктердің жүрмейтіні мәлім болды

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09
  • Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
    28.11.2020, 16:52
  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    28.11.2020, 13:30
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    27.11.2020, 11:36