Тоқаев өзін қолдаған Жазушылар одағына екі Toyota Camry-70 сыйлады

15.06.2019, 23:29

85

Қазақстанның жаңа президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ өзін  қолдап келген Жазушылар одағы екі автокөліксыйлады. Бүгін президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі АидаБАЛАЕВА Ұлықбек ЕСДӘУЛЕТКЕ Toyota Camry-70 машиналарының кілтін табыстады.

Бұл жапониялық көліктердің құны арзан емес. Бағасы 10 420 000 мен 17 120 000 млн теңге арасында тұрады.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ отставкасынан кейін мемлекет басшылығына келген Қасым-ЖомартТоқаевтың әр бастамасын жазушылар одағы қолдап келеді. Жазушылар одағы  Қасым-Жомарт КЕМЕЛҰЛЫНЫҢ  Астана атын Нұр-Сұлтан деп өзгертуін құптағанеді.

2019 жылдың 23 наурызы күні Қазақстан Жазушылар Одағының осыған ораймәлімдемесі ақпарат құралдарында жариялан.

«Жаңа Мемлекет басшысы барша қазақстандықтардың алдындаЕлордамызға «Нұр-Сұлтан» атауын беру жөнінде ұсыныс білдірді. Бұл орындыұсыныс. Бұл әлем халықтарының тәжірибесінде бар дүние. Сонымен қатар, ЕлбасыныңАстана қаласының салынуында сіңірген еңбегін еш нәрсемен өлшеу мүмкін емес», — делінген еді мәлімдемеде.

Сондай-ақ, Жазушылар Одағыекінші президенттің халыққа жасаған алғашқы үндеуінде қолдап шықты. 9-сәуіркүні Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президенттік сайлау өткізетінін жарилағанеді. Сол күннің ертеңінде-ақ жазушылар жиын өткізді.

«Кеше ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндеу жариялады.Онда биылғы 9 маусым күні бүкілхалықтық президент сайлауы өтетінін мәлімдеді.Елдің ішіндегі тұрақтылықты сақтау үшін және ішкі, сыртқы саясаттың ары қарайүйлесімді дамуы үшін бұл сайлау қажет екені белгілі. Ертең күніміз не боладыдеп жүрмей, айдың аманында, күннің жарқырап тұрған кезінде президентіміздісайлап алғанымыз дұрыс қой деп ойлаймын», — деген еді Ұлықбек Есдәулет.

23 мамыр күні президентҚасым-Жомарт Тоқаев өзін үнемі қолдап жүретін қоғамдық ұйым басшысы ҰлықбекЕсдәулетті қабылдаған. Төраға мемлекет басшысына Жазушылародағының атқарған жұмыстары және алдағы жоспары жөнінде мәлімет берген-ді.

Айтпақшы, Қасым-ЖомартТоқаевты Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық Одағы да қолдаған.Өздерінің II құрылтайында Жүрсін ЕРМАНбастаған айтыскерлер президенттік сайлауда «Нұр Отан» партиясының кандидатынқолдайтынын мәлімдеген. Тоқаев Ерманов басқаратын Одаққа автокөлік тарту ете меекен? Әлде, онсызда айтыста автомашина мінетін айтыскерлерге басқа сыйлықжасалып қалар.  

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.01.2021, 11:31
Бір жарым мың адам коронавирус жұқтырды
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 16:45
Министрлікте жаңа лауазымдар пайда болды, оларды бұрынғы жауапты хатшылар иеленді
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 15:50
Әділет министрлігі 2,1 миллиард доллар көлемінде Қазақстан мүддесін қорғады
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 14:30
Онлайн петиция беру үшін "тыйым салынған" тақырыптар белгілі болды
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 13:36
«Nur Otan» партиясының Қоғамдық саясат институтының директоры тағайындалды
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 12:30
Мұздатқыштағы сәби өлімі: дәрігерлер неге сот үкімімен келіспейді?

Аңдатпа


  • Қазақ қызы АҚШ президентінің протокол басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды
    22.01.2021, 13:10
  • «Жас Алаш» – әділдіктің трибунасы
    21.01.2021, 13:59
  • Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?
    20.01.2021, 09:21
  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    20.01.2021, 09:32
  • "Сатаев - саудагер, бас серіктес - Райымқұлова"
    19.01.2021, 10:30