10.06.2019, 22:39
196
Президенттік сайлауда 70,76 пайызбенжеңіске жеткен президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВҚА арналған ән жазылды. Бұл туралыақын Балтабек НҰРҒАЛИЕВ өзінің facebook.comәлеуметік желісіндегі парақшасында жазды. Сөзін Балтабек Нұрғалиевтің өзіжазған. Темірқазақ деп аталатын ән авторы Әбдіғапар ТЕМІРХАНОВ болса, ДәуренТАШПЕНОВ орындапты.
2017 жылы көршілес Өзбекстан елінде әнші Дильфуза ИСМАИЛОВА өз елінің екіншіпрезиденті Шавкат МИРЗИЯВКЕ арналған әнді салған еді. Сол кезде өзбектің екіншіпрезиденті өзі туралы ода жазуға тыйым салған-ды. Қызық, Қазақстанның екіншіпрезиденті мадақтар мен арнауларға қалай қарайды екен? Айтпақшы, 2019 жылдың сәуір айында Ақтауқаласында Қасым-Жомарт Тоқаевтың суреті бейнеленген үлкен билборд ілінген еді.Қазақстанның екінші президенті оны алдырып тастаған болатын.
Темірқазық
1)
Жүрегіміз лүпілдеп соғады,
Бəрі жақсы болады, болады.
Басымызға бір бақыт қонады!
Темірқазық, жол көрсет, Темірқазық!
Қайырмасы:
Сізге шын ереміз,
Сізге шын сенеміз.
Алдағы болашақ өмір жарық!
Үміті елдің де,
Үміті жердің де,
Қасым-Жомарт Кемелұлы!
Өзіңіз Темірқазық!
Темірқазық!
2)
Кемел əке болыпты ел ері,
Әкеңіздің дарыпты өнері!
Елбасының сенімді серігі,
Темірқазық, жол көрсет, Темірқазық!
Қайырмасы:
Сізге шын ереміз,
Сізге шын сенеміз.
Алдағы болашақ өмір жарық!
Үміті елдің де,
Үміті жердің де,
Қасым-Жомарт Кемелұлы!
ӨзіңізТемірқазық!
Темірқазық!
Фото: interessant.ru
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР