Тоқаев "Сарыөзендік суперменді" "Шапағат" орденімен марапаттады

13.12.2019, 10:23

27

Тәуелсіздік күні қарсаңында«Nur Otan» партиясының орталық аппаратында еліміздің әлеуметтік-экономикалықжәне мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, жемісті қоғамдық қызметі үшінпартияның белсенді мүшелері мемлекеттік және партиялық наградаларменмарапатталды.

«Тәуелсіздіктіңалғашқы жылдарында аға буын өкілдерін егемендігімізді сақтап, елдігіміздінығайтып, еңсемізді тіктей аламыз ба деген ойлар мазалағаны рас. Сол кезде кәсіпорындаржабылып, жаппай жұмыссыздық орын алды. Халықтың тұрмыс-тіршілігі ауыр болды.Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың табандылығы мен өз халқына дегенқалтқысыз қызметінің арқасында аз уақыт ішінде қиындықтарды еңсере білдік.Қажетті нарықтық реформалар жүргізіліп, 300 миллиард доллардан астам тікелейшетелдік инвестиция тартылды. Барлық халықаралық қауымдастық мойындағанмемлекеттік шекарамыз бекітілді.Мыңдаған шақырым жол мен мектептер, ауруханаларсалынды. 90-шы жылдары қазақстандықтардың үштен бірінен астамы кедейлік шегіндеөмір сүрсе, бүгінде бұл көрсеткіш 4,6% -ға дейін төмендеді. Біз бүгін еңқасиетті мерекеміз – Тәуелсіздік күні қарсаңында мемлекеттілігіміздің дамуына,қоғамдық татулық пен тұрақтылықты, ауызбіршілікті сақтай отырып, Елбасыныңмемлекеттік бағыты төңірегінде топтасуға атсалысқандарды құттықтауға жиналдық»,- деп атап өтті партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.

Бауыржан Байбек марапатталғандардыңарасында Қарағанды облысындағы шалғай жатқан Тікенекті ауылының 82 жастағытұрғыны Миниагзам Авляримовты ерекше атап өтті.

Жарты ғасырдай ДТ-75 тракторынтізгіндеген қария, ауыл тұрғындарына күн сайын көмек қолын созуға әзір. Жаздабарлық мұқтаж ауылдастарына қысқы мал азығын жинауға, шөп шабуға жәрдемдеседі.Өзендегі судың деңгейін бақылап, бөгеттердің бұзылмауын қадағалап жүреді.Алқыста ауыл халқы 300 шақырымнан асатын қашықтықтағы аудан орталығына қиналмайжетуі үшін жолдарды қардан тазартады. Осының барлығын ақсақал тегін жасайды. Ешкімнен,ешқандай ақы алған емес. Осындай істері үшін ауыл балалары оны «Сарыөзендік Супермен»деп атап кетті.

Қария туралы жаңалықтардан естіп, білгенпрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев «Сарыөзендік суперменді» «Шапағат» мемлекеттікмедалімен марапаттауды арнайы тапсырды.

«Күш-жігерімбар кезде жұмыс істей беремін. Отаның мен халықтың игілігі үшін талмай еңбекетсең, күш-қуатың да сарқылмайды. Осыдан 60 жыл бұрын Сарыөзен совхозынатракторшы болып жұмысқа орналастым, қазір бұл ауыл Тікенекті деп аталады.Осыауылда отбасын құрып, бес бала тәрбиелеп өсірдім. Өзімнің DT-75 тракторымдыДос-Темірдеп атаймын. Бұл темір дос дегенді білдіреді. Өмірімді тракторсыз мүлдем елестетеде алмаймын. Оның моторының дауысы, маған жүрек қағысы секілді естіледі. Ешқашанатаққа ұмтылып, ешкімнен марапат сұрап көрмеппін. Бар ойым, адал еңбек жолымменжастарға үлгі бола алсам екен деймін», — дейді Миниагзам ата.

Салтанатты рәсім барысында елПрезидентінің атынан «Құрмет» орденімен «Болашақ» корпоративтік қорының төрайымыДинара Шайжүнісова марапатталды. «Кедергісіз келешек» партиялық жобасыныңаясында Қор еліміздің барлық 17 аймағында инклюзивті білім берудің 43 кабинетінашты. Инклюзия саласына бейімделген 420 арнайы жұмыс орны ашылды. Ерекшеқажеттілігі бар балалардың құқықтарын қорғау мақсатында, тек «Болашақ» қорыныңмүшелері заңнамалық актілерге инклюзивті білім беруді дамыту мәселелері бойынша60-тан астам сапалы ұсыныс пен түзету енгізді.

«Қассиетті жол» қоғамдық қорының негізінқалаушы Динара Закиева да «Құрмет» орденіне лайық деп танылды. Ол басқаратынұйым сал ауруына шалдыққан балаларға қолдау көрсетуге қатысты бірқатар сәттіжобаларды жүзеге асырды. «Бақытты отбасы» және «Кедергісіз келешек» партиялықжобалары аясында көпбалалы отбасылар мен ерекше қажеттілігі бар жандарға бірлескенқолдау көрсетіліп келеді.

«Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалі «ДОС»Тәуелсіз өмір орталығы» мүгедектер қауымдастығы директорының орынбасары АрдақОторбаевқа табысталды. Бірнеше ай бұрын ол арбасындағы би халықаралық турниріндекүміс медаль жеңіп алған еді.

Фото: «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметі


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15:58
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылысқа қатысты жаңа деректерді жарияланды
Сайт әкімшілігі 13:40
Нұр-Сұлтандағы дәмханада болған жарылыс: үш адам жансақтау бөлімінде жатыр
Қарлығаш Зарыққанқызы 11:20
«Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
Сайт әкімшілігі 09:56
Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
Сайт әкімшілігі 09:40
Дәмханадағы жарылыс: кінәлі адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Сайт әкімшілігі 09:18
Бір тәулікте 716 адам коронавирус жұқтырды

Аңдатпа


  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    09:56
  • "Көлігім жоқ болса да қарыз төледім" - салық органдарына шағымданатындар көп
    21.11.2020, 11:05
  • Билбордтардан не пайда, жемқорлар саны азаймаса?
    21.11.2020, 10:52