Тоқаев Семейге Абайды емес, АЭС-ті айту үшін келді ме?

28.04.2019, 02:17

11

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Семейге келгенсапарында қала активімен жиын өткізіп, бірқатар мәселенің бетін ашты.  Облыс әкімі Даниал Ахметов пен қала әкімі ЕрмакСәлімовтің «төбесінен қарайтын төрдегі» келсе, «Қарағайлыға» жетелей жөнелетінәдетінен бұл жолы да жаңылған жоқ. Шындығында қазір көшелерінің көркі қашып,асфальт жолдарының астаң-кестең тұстары көп қаланың әлеуметтік проблемасы дашашетектен. Өңір басшылары жаманын жасырып, жақсысын асырып жеткізугетырысқанымен, Тоқаев аса жіби қойған жоқ. Тіпті, қаланың беткеұстарысанатындағы бірқатар қаймақтары қатысқан жиында сөз алған Арап Еспембетов,Сәуле Жұмашқызы майын тамыза мақтауын келтіргенімен, «Мені ұлықтаудың қажеті жоқ. Тапсырма беріңіздер» деп төтесіненқайырып, төбесінен қойып қалды.

Бір байқалғаны Қасым-Жомарт Тоқаев семейліктерменкездесуге әбден дайындалып шығыпты. Сөзін Абай мұрасын ұлықтап, ұрпақ санасына сіңіругешақырудан бастаған ол алдағы жылы ақынның 175 жылдығын республикалық көлемдеатап өту керектігіне тоқталды. Қазақ үшін ұлы Абайдың қадір-қасиеті қаншалықтыекенін президент айтпаса да біліп отырған жұртшылық оның әкесі Құнанбайдыңтарихи бағасын таныту туралы ойына іші жылып қалды. Президенттің сөземеуірінінен байқағанымыз-алдағы жылы Абаймен қатар әкесінің есімін паш етугеде көңіл бөлінеді.

Семейді тілге тиек еткенде, ядролық полигон ошағын ешкімайналып өте алмайтыны анық. Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей ядролық полигонынжабудағы еңбегі дүниежү.зіне үлгі болғанынан тоқталып, жаттанды ойынжалғастырғанымен, Қасым-Жомарт Кемелұлының полигон заардабының әсері әлі де барекендігін мойындағаны да көпшіліктің ойынан шықты. Яғни, жергілікті халықәлдеқашан қол үзіп қалған ядролық полигоннан зардап шекккендердің әлеуметтіккепілдігін жыл соңына дейін анықтап, тиісті көмегін жандандыруға күш салатыныелдің үмітін оятты.

— Семейде және осы өңірге қарасты ауылдарда1300-ден астам мүмкіндігі шектеулі бала бар. Қажеттіжағдай жасалмаған тар ғимаратта орналасқан оңалту орталығы бір уақытта 35 балағана қабылдай алады. Бұл – шындық. Мұндайжағдай мүлде сын көтермейді. Облыс әкіміне мәселені дереу қолға алып, тиістішаралар қабылдауды тапсырамын, – деді президент.

Жағдайдыбес саусақтай білетіндігін осылай аңғартқандай болған мемлекет басшысысалынғанына неше жыл өтсе де миллиардтаған қаржыларға шетелден әкелінгенмедициналық құрал-жабдықтары әлі күнге дейін қосылмаған Семейдегі ядролықмедициналық орталық құрылысын да назардан тыс қалдырған жоқ. «Орталықтььыңқұрылысы әбден созылып кетті. Бұл тиісті мемлекеттік органдардың адам тағдырынасоншалықты селқос қарап отырғандығын көрсетеді» деген Қ. Тоқаев бұл тұрғыдағыайтыс-дауды тоқтатып, мәселені қысқа мерзім ішінде де шешуді облыс әкімі ДаниалАхметовке қатаң тапсырды.

Осылайша әп-әйбәт сөздеріментамаша әсер қалдырып отырған Тоқаевтың кенеттен АЭС салуға қатысты білдіргенпікірі тосын көрінді. Мемлекеттің басқару тізгіні қолына тиісімен шетелгесапарын Ресейден бастаған Тоқаевты қабылдаған кезде В. Путиннің ҚазақстандаАтом электр стансасын салу керектігін айтып қалғаны белгілі. Оған қарсылықкөзқарас бірден қалыптасып, халықтың жүйкесіне тигені мәлім. Дәл осы күйіптұрған жайды атом сынағын бастан өткерген семейліктердің алдында не үшінқозғағанын кім білсін, уақытша президент жұрт қажет етпесе де айтар ойын айтыпқалды.

-Бұл – күрделі мәселе. 2030 жылы Қазақстанда электр энергиясының жетіспеушілігі байқалуы мүмкін. Сондықтан, осы мәселені қазір шешуіміз қажет. Дегенмен, көпшіліктің пікірін ескермей, атом электр станциясын салу туралы шешім қабылдауға болмайды. Бүгінде бұл станцияның қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатын көптеген технология бар. Сонымен қатар, АЭС жаңа жұмыс орындарын ашып, Қазақстанның энергетикалық дербестігін қамтамасыз ете алатынын ескерген жөн, – деп салды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Фотоны автор ұсынды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 30.09.2020, 14:47
Атырауда блок-бекеттердің неге қойылғаны белгілі болды
Сайт әкімшілігі 30.09.2020, 10:26
Министр темекі шегетін орын қандай болуы керектігін айтты
Сайт әкімшілігі 30.09.2020, 10:07
Денсаулық сақтау министрі халықаралық әуе рейстерін шектеуді ұсынды
Сайт әкімшілігі 30.09.2020, 09:30
Телефонын қуаттаймын деп қайтыс болды
Еркежан АРЫН 30.09.2020, 00:40
52 миллиард теңге: Қазақстандағы экономикалық қылмыстан келген шығын
Амангелді СЕЙІТХАН 29.09.2020, 11:05
Атамекенім қайда екен?

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    29.09.2020, 10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    29.09.2020, 09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16