Тоқаевқа жерлесі түрмеден хат жолдады

09.09.2019, 07:46

232

Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ халыққа арнаған жолдауынтүрмеде жазасын өтеп жатқандар да көріп, қызу талқылап жатқанға ұқсайды. «ЖасАЛАШТЫҢ»қосынына Алматы облысы Іле ауданы Жауғашты ауылында орналасқанЛА-155/4 әйелдерге арналған колониядан Дина ЫСҚАҚОВА деген жаза өтеуші хабарласты.

Дина Ысқақова «ЖасАЛАШ»тілшілеріне бұған дейін де хабарласып, түрмеде болып жатқанзаңсыздықтар туралы айтқан болатын. Бұлжолы ол президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауына қатысты пікір білдірді. «Менібас бостандығымнан айырса да сөз бостандығынан ешкім айырған жоқ» дегенД.Ысқақова президентке мынандай өтініш білдірді:

"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, мен Ысқақова Дина ЛА-155/4 колониясындаэкономикалық қылмыс жасағаным үшін жазамды өтеп жатырмын. Өзім Алматы облысыҮштөбе қаласының түлегімін. Сіздің жерлесіңізбін. Халыққа арнаған жолдауыңыздытапжылмай отырып тыңдадым. Жолдаудың қолдайтын тұстары көп, сонымен бірге мұндаайтылмай қалған нәрселер де бар. Түрмеде үш жыл отырып, заңсыздық көрсем демемлекеттен, Сіз уәде еткен әділеттен күдерімді үзбеймін. Шын мәнінде халықәбден қажыды. Қағаз жүзінде бәрі әдемі, іс жүзінде олай емес. Жолдауыңыздақылмыстық атқару жүйесі туралы ештеңе айтылмай қалғанына қынжылдым.Сотталғандардың өмірі, сот жүйесінен зардап шегіп жүргендер туралы көп нәрседенбейхабар сияқтысыз. Сондықтан сіздің жеке қабылдауыңызға кіріп, сотталғандарғажасалып жатқан әділетсіздіктер туралы мәліметтерді айтқым келеді. Мені жекеқабылдауыңызды өтінемін. Менің осы өтінішіме «Жас алаш» арқылы жауап беруіңіздісұранамын",-дейді Д.Ысқақова.

Дина Ысқақованы 2018 жылдың маусымында Талдықорғанқалалық соты алаяқтық бабымен 8 жылға бас бостандығынан айырып, рақымшылықзаңын қолдана отырып, түпкілікті 3 жыл 10 ай, 18 күнге бас бостандығынанайырған. Ол бұған дейін бізге түрмеәкімшілігі прокуратура органдарына колониядағы 500 әйелдің 75 пайызын жұмыспен қамтыдық деп есеп бергенімен, шын мәнінде жаза өтеушілердің 100-і де жұмыспен қамтылмағанын айтқан еді. Заңбойынша жазасының жартысын өтегендер бостандыққа мерзімінен бұрын шыға алады.Алайда түрме әкімшілігі өзінежақпағандарға «қоңырауға дейін», яғни аяғына дейін отырасыңдар дейтінге ұқсайды.

«Түрмеде 200 миллион теңге шығын келтіргендер мерзімінен бұрын босап жатыр,200 мың теңге шығыны барларды шығармайды. Рецидивистер, яғни қылмысты қайталапжасағандар мерзімінен бұрын босайды, екі баласы барлар шыға алмайды. Бәрібелгілі ғой. Сонда біз мерзімінен бұрын шығу үшін тағы  қылмыс жасап, пара беруіміз керек пе?» дегенеді Дина Ысқақова.

Осы жолы ол мерзімнің қалғанын қоныс колониясында өтеугетолық мүмкіндігінің бар екендігін, алайда оған түрме әкімшілігі негізсізжібермей отырғанын айтты.

— Енді 10 ай жазам қалды. Шамасы жазамды ақырына дейін түрмеде өтейтінсияқтымын, — дейді Д.Ысқақова.

Фото:fishki.net

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ. 

 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бифат ЕЛТАЕВА 23.09.2022, 14:38
Қазақ балалары – Венада
А.ЖАБАЙ 23.09.2022, 08:37
Аймағамбетовтің құлағына «Алтын сырға»
Жадыра МҮСІЛІМ 22.09.2022, 17:25
Скринг саулықтың кепілі ме?
Сайт әкімшілігі 22.09.2022, 16:14
"Орташа тариф 250 теңге болады" - Алматы әкімдігі автобустарда жол жүру ақысы туралы айтты
Нұрлан ТОБАҚАБЫЛОВ 21.09.2022, 08:48
Министр мұғалімдерге «мат» қойды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.09.2022, 14:47
Жебе ұшындағы бөгет кімнің мүддесін көздейді?

Аңдатпа


  • Безбүйрек үкімет. Қуыршақ депутат. Таңдаусыз сайлау
    23.09.2022, 08:47
  • Жемқорларға жем болған Қазақстан
    23.09.2022, 08:42
  • Аймағамбетовтің құлағына «Алтын сырға»
    23.09.2022, 08:37
  • 25 қазан ұлттық мереке: Парламент заң қабылдады
    22.09.2022, 13:38
  • Әкімді әйел билесе...
    22.09.2022, 08:41