Тоқаевтың сөзі немесе Көлгінов отставкаға кете ме?

22.01.2020, 10:13

44

Нұр-Сұлтан қаласына қарасты Байқоңыр ауданының әкіміАсқар ЕСІЛОВ ұсталды. Шенеунік қылмыстық кодекстің 366-бабы, яғни пара алдыдеген күдікке ілініп отыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлерікүдіктіні бір ай бойы аңдып, бақылауға алған екен. Әкім өзінің туысынан 4миллион теңге мен құны 550 000 теңге тұратын 11Pro 256 GB Айфоналған сыңайлы.

Асқар Есіловтың ұсталғаны туралы ақпарат 20 қаңтар күніәлеуметтік желіде хабарланды. Жалпы, шенеуніктердің ұсталу туралы жаңалықтың еңбірінші әлеуметтік желіде жарияланатыны үйреншікті жағдайға айналып бара жатыр.Содан кейін барып ресми органдар растап жатады. Алматы облысы әкімініңорынбсары Бағдат МӘНІЗОРОВ, Павлодар облысының әкімі Болат БАҚАУОВ ұсталғандада тура осылай болған еді.

Ақпарат агенттіктерінің жазуынша, Байқоңыр ауданы әкімінеақша мен қымбат сыйлықты былтыр 18 қарашада жасалған. «Мәрт» адам Нұртазинесімді азамат екен. Тергеудің болжамы бойынша бұндай тарту тердің ұтысының «рақметі»болған. Нұртазин 72 млн абаттандыру жұмысы үшін 72 млн теңге тендер алған.

Қазір күдікке іліген шенеунік уақытша тергеу абақтысында.Қырық жастағы әкім Есілов 2019 жылдың сәуір айында ғана аудан басшысы болыптағайындалған еді. Бұған дейін астанадағы Алматы ауданы әкімінің орынбасарыболып келген Есілов басшылық қызметте бір жылда болмай істі болды.

2019 жылдың 20 мамыр күні үкімет мүшелерімен жемқорлықпенкүрес мәселесі бойынша жиын өткен-ді. Сол кезде президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВпарамен ұсталған шенеуніктердің басшылары қыметтен кетуі тиіс деген.

«Жыл сайын елде 2мың жемқорлық қылмысы тіркелді. Орта есеппен мың адамжауапқа тартылады. Барлығымыз осы әлеуметтік дертпен күресуіміз керек. Егер қоластындағы жұмысшысы парамен ұсталса, мемлекеттік органдардың басшылары жұмыстанкетуге өтініш жазуы тиіс», — деген еді мемлекет басшысы.

Президенттің бұл тапсырмасы сөз жүзінде қалып қалмады.Арнайы заң да әзірленді. Былтырғы жылдың қараша айында Қасым-Жомарт КЕМЕЛҰЛЫ параменұсталған қызметкерлердің басшыларын да жауапқа тартатын заңға қол қойды. Егер сот Асқар Есіловті кінәлі деп тапса  Нұр-Сұлтан әкімі Алтай КӨЛГІНОВ қызметінен кету туралы арыз жаза ма екен?

Фото: today.kz

 

 

 

 


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:00
Қазақстанда салалық журналистиканы дамытуға ниеттіміз – Талғат Нәрікбаев
Сайт әкімшілігі 10:30
Бір тәулікте коронавирус жұқтырғандардың саны мыңнан асты
Еркежан АРЫН 18.01.2021, 17:16
Қорқытып, айыппұл салмай, құқық бұзушылықтың алдын алу керек
Сайт әкімшілігі 18.01.2021, 10:57
Бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны мыңнан асты
Сайт әкімшілігі 18.01.2021, 09:11
Дәрігер коронавирустың жаңа асқыну белгілерін айтты
Сайт әкімшілігі 18.01.2021, 09:07
24 875 адам короновирус инфекциясынан емделуде, 294 науқастың жағдайы ауыр

Аңдатпа


  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    09:32
  • "Сатаев - саудагер, бас серіктес - Райымқұлова"
    19.01.2021, 10:30
  • Ата-ананы өзекке тебетін заң қазаққа қажет пе?!
    19.01.2021, 09:15
  • Бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны мыңнан асты
    18.01.2021, 10:57
  • Жұрт жадындағы Жолдасбек
    10.01.2021, 00:33