Тоқаевтың жолдауын қазақтар емес үнділер жақсы түсінеді

09.12.2019, 15:47

153

Ақтөбе қаласы әкімдігі өзгеше байқау өткізді. Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартКЕМЕЛҰЛЫНЫҢ жолдауына шығарма жазып студенттер жарысқа түсті. Қалалық ішкісаясат бөлімінің басшысы Елеусіз НҰРҒАЛИЕВ ұйымдастырған байқаудың бас бәйгесінүндістандық студент ұтып алды. Президентті ұлықтаудың түрлі формасын іздейтіншенеуніктердің екінші президентпен екінші тыныстары ашылғандай. Әкімдіктеболған марапаттау рәсімінде қала басшысы Мавр АБДУЛЛИННІҢ өзі болмады.Орынбасары  Айгүл АРЫНҒАЗИВА жеңімпазғаөз қолымен алғыс хат тапсырып, смартфон сыйлады.

Ақтөбеде үндістандық азамат Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ жолдауын насихаттауғаарналған байқауға қатысып, жеңімпаз атанды. М. Оспанов атындағы БҚМУ 3 курсстуденті Джай КУМАР ГАРХВАЛ елінде Қазақстандағыдай президент жолдаулары мүлдемжолданбайтынын айтады. Дегенмен Қазақстан президентінің халыққа жолдаған соңғыжолдауын интернеттен қарап оқып шығыпты.

«Мен жолдаудыжаттап алмасам да түгел оқып шықтым деп айта аламын. Әрине орыс тіліндеболғандықтан түсінбеген жерлерімді кураторымнан сұрап-біліп алдым.Байқауға барынтаммен қатыстым. Жүлделі болатынымды да білдім. Бірақ біздің елдепрезиденттер Қазақстандағыдай  халыққажолдау жолдамайды», —  дейді үндістандықазамат Джай Кумар Гархвал.

Студент шығармасын ағылшын тілінде жазып тапсырыпты. Байқау комиссиясыныңмүшелері президенттің жолдауын насихаттайтын мұндай байқаулар шет ел азаматыныңбірінші рет қатысып отырғанын айтады.

«Бұл тарихтаалғаш рет болып отырған жағдай. Бізде көп жұмыс плагиаттан өтпей қалды. Саяситақырып болған соң оңай емес. Бұл үндістандық азаматтың шығармасы ерекше болды.Шығарманы өз ойымен талдап жазған. Жаһандану мәселесіне көбірек тоқталған. Ендібіздің елде болып жатқан жаңашылдықтар олар үшін қызықты», —  дейді комиссия мүшесі Жаннұр ИСИНА.

«Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуініңнегізі» атты жолдауды насихаттауға арналған байқауды Ақтөбе қаласының әкімдігіұйымдастырған. Оған жоғарғы және арнаулы оқу орындарынан барлығы 34 студентқатысқан екен.

Фото автордікі.




Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

М.СӘУЛЕБЕК 30.07.2021, 12:14
«Қайтыс болғандардың ешқайсысы екпе алмаған»
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 11:34
Вирус жұқтырғандардың саны 7778-ге жетті
Дайындаған Айдын ОЛЖАЕВ 30.07.2021, 09:00
Ей, енді не істейміз?
Дарын ЗАМАНБАЙ 29.07.2021, 08:41
Жалқау қазақтың ғалымдары да жалқау болды
Еркежан АРЫН 28.07.2021, 08:45
Заң көмегінің сапасы артуда
Сайт әкімшілігі 26.07.2021, 14:54
Нұр-Сұлтанда жаңа қаулы күшіне енді

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15