Тоқмәди таптыра ма?

09.03.2018, 06:23

68

Тараз қалалық ІІБ басшысы Е.Қасымның ҚАІІБ басшыларына Мұратхан Тоқмәдиге іздеу жариялаған бағыттамасы әлеуметтік желілерге тарап кетті. Бағыттамадағы мәліметке сүйенсек, Тараз қаласындағы облыстық ауруханада емделіп жатқан М.Тоқмәди наурыздың 8-і күні кешкі сағат 19:30-20:00 кезінде қашып кеткен. Қашқын күдіктінің үстінде тізесінен келетін қара түсті күртеше, джинсы шалбар және аяғында крассовка немесе туфли болған деп жазылған.

Бірақ бұл ақпаратты Әділет министрлігі қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз орталығының басшысы Ғалымжан Хасенов жоққа шығарып, растамайтындарын жеткізді.

Дегенмен, қазіргі таңда тараздық полицейлер аяқтарынан тік тұрып, қаладан шыға беріс автовокзалдарда әр көліктің жүк салғышына дейін тінтіп жатыр.

Ақпанның 16-сы күні басталған 78 томнан тұратын «Тоқмәди соты» бойынша алдағы дүйсенбі күні, яғни 12-ші наурызда жарыссөз болатыны хабарланған. Ал үкім апта соңына қарай шығады деп күтіліп отырған еді.

Естеріңізге сала кетсек, кезінде «аңшылықтағы жазатайым оқиғаға» санап, жылы жауып келген банкир Ержан Тәтішевтің өліміне қатысты біраз ақпараттың бұрмаланғаны арада 13 жыл өткеннен кейін Тоқмәди сотында айтылған болатын.  Өз кезегінде жұртшылыққа «Шыны королі», қылмыс әлеміне «Мурка» лақап атымен жақсы таныс М.Тоқмәди Таразда басталған соттың алғашқы отырысында-ақ банкир Ержан Тәтішевті Мұхтар Әбілязовтың тапсырысымен өлтіргенін мойындап, ол үшін 4 миллион доллар алғанын айтқан болатын.

Нұрболат Әлдибек

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:45
Бір тәулікте 689 адам коронавирус жұқтырды
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 30.11.2020, 16:17
Адам өміріне араша түскен полицейлер марапатталды
Сайт әкімшілігі 30.11.2020, 13:59
"ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
Сайт әкімшілігі 30.11.2020, 11:53
COVID-19: 222 адамның жағдайы нашар
Сайт әкімшілігі 30.11.2020, 10:22
Коронавирустан 900-ден астам бала емделіп жатыр
Бифат ЕЛТАЕВА 30.11.2020, 09:56
Туған баласынан безінетіндер неге көбейіп кетті?!

Аңдатпа


  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04
  • Көлік қаққан балалардың құқы аяқ асты таптала бере ме?! (видео)
    29.11.2020, 10:26
  • Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
    28.11.2020, 17:05