Төтенше жағдайда несие алмаған дұрыс

25.04.2020, 06:26

46

Төтенше жағдай және карантин кезінде, біздің азаматтарымыздың қаржылық жағдайы нашарлаған кезде кейбір кісілердің табысы төмендеді, сондай-ақ жинақ ақшасы да таусылып қалып, жедел несиені ресімдеуге қызығушылық артуда. Осы жерде және қазір тіршілік үшін кредит алу, карантин мерзімі аяқталғанда және жұмыс күндері қайтып оралғанда оны жабу оп-оңай боп көрінуі мүмкін. Ал бұл ұзақ уақыт бойы сізді сергелдеңге салып қоятын сағым секілді дүние, одан кейін құтылу оңай емес.

Кредит – ыңғайлы және көбіне аса қажет қаржы құралы. Бірақ кредит – екі тарап: сіз және оны беретін ұйым үшін де үлкен жауапкершілік.

«Қарызға алынған ақшаны үшін ерте ме, кеш пе есеп айырысу және кредитті пайызымен, ал егер кредитті онлайн кредиторлардан алған жағдайда, тіпті үлкен пайызбен қайтару керек болады. Қарызға қызмет көрсету бойынша шама-шарқыңызды әрдайым айқын бағалаңыз!», – деп атап өтті ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев.

Коронавирус пандемиясы адамның ертеңгі күніне деген сенімінің қаншалықты қауқарсыз екенін көрсетті. Сол себепті кредит алмас бұрын өзіңізге қаншалықты сенетіңізге шынайы жауап беріңіз. Сіздің болашақтағы қаржылық ахуалыңыз кредит ауыртпалығын көтере ала ма? Егер дағдарыс ұзаққа созылса, жағдай өзгеруі мүмкін бе? Бұрынғы жұмыс орныңызды сақтай аласыз ба әлде қазіргі уақыттағыдай карантинде отыруға мәжбүр боласыз ба? Денсаулығыңыз сыр берса, кредит бойынша төлемдерді қайтара аласыз ба?

Өкінішке орай, бұрынғы жайбарақат кездің өзінде қарыз алушылардың кейбірі кредит ұйымының қарызын өтей алмаған. Тіпті қазіргі сәтте кірісіңіз тұрақты болса да, бұдан былайғы жағдайыңыз сіз ойлағандай болып шықпауы әбден мүмкін.

«Онлайн қарыздарды отбасылық бюджетіңіздің ойсыраған жерін жамайтын амалдың бірі деп қабылдауға болмайды. Әрине, онлайн кредиторлардан «жалақыға дейін кредит ала тұру» оңай тәсіл, алайда қарыздың төленетін пайыздары екінші деңгейдегі банктермен салыстырғанда айтарлықтай жоғары болады. Мұндай борыштың кредиттік төлемі алдағы уақытта өзіңізге шамадан тыс салмақ түсіреді», — дейді қаржы реттеушісінің өкілі.

Қарыз бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін тексеру үшін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің интернет ресурсында «Қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау» бөлімінде кредит калькуляторы бар, оның көмегімен қарыз алушы өзінің борыш жүктемесін есептей алады.

Егер СЖТМ-ның шекті мәндері асып кеткен және қарыз бойынша артық төлем анықталған жағдайда қарыз алушы өзінің құқықтарын қорғау үшін Агенттікке және заң талаптарына сәйкес келмейтін қарыз шартын жарамсыз деп тану туралы сотқа жүгіну қажет. Сондай-ақ, жасырын комиссияларға байланысты артық төлем төлеуді болдырмау үшін шарттың барлық талаптарын мұқият оқып шығыңыз.

Ақшалай салымдар арқылы жоғары кіріс алуға сенім тұдыратын күмәнді жобаларға немесе ұйымдарға ақша салып инвестициялау үшін несие алу керек емес. Дағдарыс кездерінде әдеттегідей, қаржы алаяқтарының белсенділігі артады.

«Әрине, қысқа мерзімде керемет пайда әкелетін сиқырлы қаржы құралдарына қаржы салу үшін қарызданушылар кредит алып, ақшасын тәуекелге тігеді. Қаржы алаяқтары аңғал қазақстандықтар арқасында ойындарын жүргізіп, пандемия жағдайында тіптен белсенді болады және түрлі алаяқ схеманы ойлап тауып және іске асыра отырып, азаматтарды тонап жүр», — деп ескертті А. Терентьев.

Сіз клиент болғыңыз келетін кредиттік ұйымының сайтында орналастырылған ақпаратты міндетті түрде тексеріңіз. Егер ұйым, мысалы, өзін ломбард деп атайды, бірақ өзінің сайтында көп пайыз беретінін уәде беріп депозиттерді қабылдаса, онда сақтықпен қарауыңыз керек. Депозиттерді қабылдау дегеніміз банк операцияларына жатады, заңнамаға сәйкес қаржылық реттеушінің тиісті лицензиясы бар оларды екінші деңгейдегі банктер, сондай-ақ Ұлттық пошта операторы ғана жүзеге асыра алады.

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры кредиттік ұйымдарының ішінен қаржылық реттеушінің қатаң бақылауында екінші деңгейдегі банктер және есептік тіркеуден өткен микроқаржы ұйымдары тұрғанын ескереді.

Ұйымдарды ломбард сияқты кредиттік ұйымдар, сондай-ақ онлайн кредиттеу компанияларын реттеуді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі осы ұйымдар есептік тіркеуден өткеннен – 2020 жылғы 1 шілдеден кейін жүзеге асырады. Бірақ қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында және есептік тіркеуден өткенге дейін осы ұйымдардың қызметі тексеріледі.

«Кредиттік ұйымға жүгінетін қаржылық қызметтерді тұтынушылар оның қызметі ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тарапынан реттеуге жататын-жатпайтындығын тексеріп алуы тиіс. Мұны қаржы реттеушісінің wfinreg.kz сайтында «Рұқсаттар мен хабарламалар тізілімі» айдарынан тексеруге болады. Егер компания тізімде болмаса, ол есептік тіркеуден өтпеген және оның қызметі уәкілетті орган тарапынан реттеуге жатпайды дегенді білдіреді», — деп түсіндіреді А. Терентьев.

А. Терентьев азаматтар қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша, сондай-ақ қаржылық алаяқтық анықталған жағдайда ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне мына жедел желі телефондары: +7 (727) 2788 122, 2788 144 немесе Fingramota@finreg.kz жәнеTAL@finreg.kzэлектрондық поштасы арқылы жүгіне алатындығын еске салады.

Қазақпарат
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш Зарыққанқызы 28.11.2020, 17:05
Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
Айжан БҮРКІТБАЕВА 28.11.2020, 16:52
Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
Сайт әкімшілігі 28.11.2020, 11:09
Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
Сайт әкімшілігі 28.11.2020, 10:54
Алматы "сары" аймаққа кірді - Сағынтаев
Бифат ЕЛТАЕВА 27.11.2020, 16:22
Атыраудағы зейнеткердің жанайқайы: емхана емдемейді, әкімдік тыңдамайды
Сайт әкімшілігі 27.11.2020, 11:31
Жексенбі күні қоғамдық көліктердің жүрмейтіні мәлім болды

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09
  • Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
    28.11.2020, 16:52
  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    28.11.2020, 13:30
  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    27.11.2020, 09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16