Туған баласынан безінетіндер неге көбейіп кетті?!

Бифат ЕЛТАЕВА

30.11.2020, 09:56

645

Өткен аптада, Павлодарда 8-10 айлық шамасындағы сәбиді анасы қақаған аязда автовокзалға  тастап кетті.   Одан тағы бір әйел босана салып, шақалақты дәретханаға тастап, үсіріп өлтірді. Сондай-ақ балаларына алимент төлемей жүрген әкелер мен балаларының жәрдемақысын алып, қашып жүрген аналар да толып жүр. Бұл  барып тұрған қатыгездік емес пе? Қатыгездік өзге түгілі өз бауырымызды өзекке тебетіндей  қоғамымызды жалмағаны қалай?  Халықты тұрмыс, ақша билеген заман болған сайын, қатыгездік те өршіп бара жатқан секілді.  Бала тұрмақ, кішкентайынан мәпелеп өсірген, дәрменсіз күйге жеткен әке-шешесін қоқысқа тастағандай, қарттар үйіне апарып тастайтыны қай сасқаны?

Бұл жайында психолог Жанат Айханова:

— Қоғамымызда қатыгездік жайлауының себебі – халықтың матриалдық жағдайының күрт төмендеуі,  ата-аналардың жұмыссыздығы, елдегі әлеуметтік-экономикалық дағдарыстар, білім беру мен тәрбие жүйесіндегі өзгерістер, білім беру мен мәдениет салаларының жекеменшікке айналуы және төлемақысының өсуі, экологиялық, стихиялық апатты жағдайлар және т.б. болуы да мүмкін. Бірақ толық жағдайы бар отбасында да осы жағдайлар кездеседі. Әке-шешесінің психикасының бұзылуы, ұрысып қалса, бар ренішін баласын ұрып-соғу арқылы да баладан кек алады. Бұл фактілер адамның санасына жағымсыз әсер етіп, нәтижесінде отбасылық қарым-қатынастарға кері ықпалын тигізеді. Оның салдарынан демографиялық көрсеткіш төмендейді, ажырасу жағдайлары, толық емес отбасылар көбейеді, үй-күйі жоқ кезбе балалар пайда болады.  Ата-анасынан айырылған, не болмаса жәбір көріп өскен балалардың жалпы психикалық, әлеуметтік жағдайы төмен болады. Өзіне-өзі жауап беруі, сенімсіздігі, өмірге құштарлығы жоғалады. Әрдайым бойын үрей басып, көңіл күйі жабырқау болады. Тек бұл емес, эмоционалдық талпынысы төмендейді де, интеллектуалдық дамуы да тежеледі. Осының барлығы қосылып, адамдар қатыгездікке қалай бой алдырғанын білмейді. Бұл біздің қоғамымызды жайлаған дерт десек те болады, – дейді.

Әрине, осы қатыгездіктің салдарынан бала болып ойнамайтын, ата-анасына еркелей алмайтын бүлдіршіндердің саны жылдап артып келеді. Туған ата-анасы тасбауыр болса, ол сәбиді басқалардың келіп, басынан сипамасы анық. Бұл тек бір ғана отбасының емес, қоғамды жайлаған қасірет десек те болады. Жарық дүниеге келмей жатып, тастанды болған бала, ата-анасының жылуының орнына айқай-шуын, арадағы дауды көріп өскен бала келешекте ол да зорлық-зомбылыққа жақын болмасына кім кепіл?

Тегтер: қоғам бала ата-ана психология озбырлық дерт қатыгездік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.01.2021, 11:31
Бір жарым мың адам коронавирус жұқтырды
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 16:45
Министрлікте жаңа лауазымдар пайда болды, оларды бұрынғы жауапты хатшылар иеленді
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 15:50
Әділет министрлігі 2,1 миллиард доллар көлемінде Қазақстан мүддесін қорғады
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 14:30
Онлайн петиция беру үшін "тыйым салынған" тақырыптар белгілі болды
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 13:36
«Nur Otan» партиясының Қоғамдық саясат институтының директоры тағайындалды
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 12:30
Мұздатқыштағы сәби өлімі: дәрігерлер неге сот үкімімен келіспейді?

Аңдатпа


  • Қазақ қызы АҚШ президентінің протокол басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды
    22.01.2021, 13:10
  • «Жас Алаш» – әділдіктің трибунасы
    21.01.2021, 13:59
  • Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?
    20.01.2021, 09:21
  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    20.01.2021, 09:32
  • "Сатаев - саудагер, бас серіктес - Райымқұлова"
    19.01.2021, 10:30