05.10.2019, 09:29
107
Қазақтаншыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Әлжан ЖАРМҰХАМЕДОВ Алматыға келді.
Белгілі тарбағатайлықмеценат Дулат ТҰРСЫНҰЛЫ өзі тағайындаған Assyltas медалімен Әлжан Жармұхамедовті 75 жаста толуына орайарнайы шақырып марапаттады. Медальді Дулат Тұрсынұлы өзі табыстады. Бұл жайындаіс-шараға барып, чемпионмен тілдесіп қайтқан «Жас АЛАШ» тілшісі хабарлайды.
Чемпионға қазақышапан жауып, арнайы төсбелгімен марапаттаған соң, бірер ауыз сөзге тартқанедік.
— Қазақстан үкіметітарапынан қандай да бір сый-құрметтер жасалды ма?
— Жоқ, ешқандай да, мынау алғашқысы.
— Қазақстанда туыстарыңызтұра ма, араласып тұрасыз ба?
— Бар, өте көп. Қызылордада аталас бауырларым бар,Астанада, Жезқазғанда, сыныптастарым достарым бар.
— Қазақстанға көшіп келетінойыңыз жоқ па?
— Ой, уақыт өтіп кеттіғой (күлді). Мәскеуге әбденүйреніп қалдым. Ондай ойым жоқ.
— Ресейде чемпион ретіндеқандай құрметке бөлендіңіз?
— 2 орденім бар, Кеңестік, Ресейлік. Мәскеудеотбасыммен тұрамын, екі балам бар. Тренер боп істейді.
Естеріңізге салакетсек, Әлжан Жармұхамедов 1972 жылғы Мюньхен олимпиадасында баскетболдан Советодағы құрамасында ойнаған, әрі чемпион болған тұңғыш қазақ. Былтыр ғана жарыққашыққан «Движение вверх» фильмі сол чемпиондардың жеңісіне арналған тарихи көркемфильм болатын.
Фото: Жас АЛАШ
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР