Тұңғыш президентті де, Тоқаевты да тыңдамайды...

21.11.2019, 14:24

8

Шығыс қазақстандықшенеуніктер үшін кәсіпкерлердің құны бес тиын секілді. Олай деуімізгежергілікті жердегі бизнес жасаймын деген жандардың басынан өткен жағдайы түрткіболып отыр. Мәселен мына бір ғана мысалды келтірейік. Серікқазы ҚҰСАИНОВ есімдіазамат, Жарма ауданының аумағынан құм мен қиыршық тас қазып алатын карьергеқажетті лицензияны екі жыл бойы ала алмаған. Бір жапырақ рұқсат қағазға боламемлекеттік органдардың есігін талай қағып, табалдырығын әбден тоздырған.Ондағы қызметкерлердің артынан балаша еріп, тәуір-ақ салпақтағаны шаршатып қанақоймай, шымбайына да қатты батқан.

Шаруа иесінің бастымақсаты қазір құрылысы жүріп жатқан Талдықорған-Өскемен бағытындағы авто жолдыңжөндеу жұмысына ат салысу болған. Республикалық трассаның бойындағы Аягөз қаласынан880 шақырымына дейінгі аумаққа қажетті құм мен қиыршық тас секілді инерттіматериалдарды жеткізіп беруі керек еді. Ол үшін сол аймақтағы жолдың бірбөлігін жөндеп жатқан «КазДорСтрой» мекемесімен келісім шарт тажасасқан. Алайда айтқан уәдесін уақытында орындай алмаған соң, аталған құрылыскомпаниясы келісім шартты бұзған.

«2018 жылы жол құрылысына қажетті материалдарды жеткізіпберу үшін жасасқан келісім шартымның күші жойылды. Өйткені біз ол кісілергеайтқан материалымызды әзірлеп бере алмадық. Оған тек лицензия ала алмауым себепболды. Басқа құжаттарымның бәрі бар. Ал лицензия алуға өтініш білдіріп, екі жылжүгіргенімнің өзі айтып тауыса алмайтын ұзақ жыр. Тиісті мекемелерге барамын.Ондағылар ана қағазыңыздың ана жері, мына құжатыңыздың мына жері дұрыс емесдейді. Оны бір қайтарып тастағаннан кейін, келесі қарауларына 15-20 жұмыс күніқажет. Қайтарған құжатты айтқандарындай дұрыстап апарсам, тағы да бір сылтаутабады. Оны тағы да қабылдамай өзіме береді. Жұмысты бастағаннан кейіншегінерге жол жоқ. Тиісті құжаттарды соңына дейін түзетіп апарып берейін депшешіп, өздерінің сұрағандарындай тағы да апарып беремін. Ол да дұрыс болмайшығады. Оған тағы да 15-20 күн уақыт кетті. Осылай уақыт өтті», – дейдікәсіпкер Серікқазы Құсаинов.

Ол, ол ма? Құзырлымекеме қызметкерлерінің арасында құжат арқалаумен күні өтіп, сандалудан қажығаназамат алайын деген карьердің "өзге иесі бар" деген сөздерінестігенде тіпті күйінген. Бұған да шыдап, сұраныс хат жіберу арқылы көздегенкарьерының қожайыны жоқ екенін өзі анықтаған. Құжат беруші органға оны дадәлелдеп қағаздарын алып барған. Осылайша екі жыл бойы еріксіз қиналып, шығынғада шаш етектен баттым деген Серікқазы Құсаинов:

«15 млн теңге шығын шығардым. Ол қаражат карьерді алғансоң жұмыс істеу туралы, жер қыртыстарының қай қабатын қазып алатыным жөнінде,қазылған жерді қайта қалпына келтіру туралы үш түрлі жоба жасатуға жұмсалды.Әрқайсысының құны үш, үш жарым миллион теңге тұрады. Жол шығыным тағы бар. Мынақызықты қараңызшы! Бір құжатқа қол қойғызу үшін сонау Семей қаласынан облысорталығы Өскеменге күніне 2 мәрте келіп-кетіп жүрдім. Жолдың бір жағыныңқашықтығы 200 шақырым. Осы жолды сегіз сағаттық жұмыс күнінің ішінде үлгеріп, 4рет жүріп өткенде 800 шақырым жол болады. Екі жыл бойы табыс әкелетін қаншаматехникаларым да қаңтарылып бос тұрды», – деді.

Бұдан арығашыдамай, арлы-берлі сандалып біткен шаруа иесі облыстағы сыбайлас жемқорлыққақарсы іс-қимыл департаментіне хабарласқан. Мемлекеттік қызметкерлердің төзімінәбден тауысқанын айтып шағымданған. Ондағылар кемшілікті анықтап, екі жыл бойыартынан жүгірткен лицензияны 2 аптаның ішінде қолына ұстатқан. Айта кетейік,департамент өкілдері кәсіпкердің мәселесі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсыбизнес пен инвестицияны қорғау» жобасы аясында шешілді дейді. Аталған арнайыжобаның игілігін осы Серікқазы Құсаинов секілді, Шығыс Қазақстан облысындағы 19адам көріпті. Олар құрылыс пен ауылшаруашылық секілді салаларда іс бастап,кедергіге тап болған кәсіпкерлер екен. Өз ісінде салғырттық танытқан жетімемлекеттік қызметші әкімшілік жауапкершілікке, 15-і тәртіптік жауапкершіліккетартылыпты. Бірақ, екі аптада алуға болатын құжатты екі жыл бойы бермей келгеншенділердің біреуі де жұмыстан шеттетілмеген.

«Бізге шағымданған адамдардың істерін қарау барысындамемлекеттік қызметкерлердің арасынан жай маманнан бастап, аудан әкімініңорынбасарына дейін жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде бөлім басшысы да бар.Оның ішінде сектор меңгерушісі де бар. Оның ішінде департамент басшыларыныңорынбасарлары да бар», – деді ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдепартаментінің қызметкері Арыстан АСҚАР.

Билік«Бизнеске қамқор болайық!» деп, ұрандатқанда алдына жан салмайды.Жаны ашыған кейіп танытып, кәсіпкерлер үшін деген жобаның неше түрін шығарды.«Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамту жолкартасы-2020», "Қазақстан 2020: Болашаққа жол", "Қазақстан2030 стратегиясы", "Қазақстан 2050 стратегиясы", «ЦифрлықҚазақстан», «Кәсіпкерлікті дамытудың ұтымды 10 қадамы»,«Мүгедек кәсіпкерді қолдау», "Әйел кәсіпкерді қолдау",«Жас кәсіпкерді қолдау» секілді, тағысын тағылар. Толып жатқан карта.Одан қалды стратегия. Айтпақшы, күллі ұстаздар мен зейнеткер кемпір-шалдардыжинап алып, сағаттап оқылатын жылдағы «ЖОЛДАУ» тағы бар. Бірақбәрінен де озып, бағы жанып тұрған «БЮРОКРАТИЯ».

Фото: sputniknews.kz


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 11:37
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді
Сайт әкімшілігі 11:31
Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты
Айжан БҮРКІТБАЕВА 17.09.2020, 11:16
Кәдеге аспаған диплом
Б. НҰРЛЫБАЕВ 17.09.2020, 11:03
Бар кінә өзімізде
Мариям МАҚСАТ 17.09.2020, 09:26
Жетімдердің жанайқайы мемлекет оларға қашан үй береді?

Аңдатпа


  • Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
    11:31
  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58