Тұрарбек Құсайынов: Қазақстанға Исматулла тақсыр қалай келді?

12.02.2019, 00:15

528

«Жас Алаш» газет пен сайтқа шыққан таңдаулы мақалалардың аудионұсқасын жариялауды бастайды. Алғашқы аудиохабар – Тұрарбек ҚҰСАЙЫНОВТЫҢ «Қазақстанға Исматулла тақсыр қалай келді» мақаласына арналады. Тұрарбек Құсайыновты былтырғы жылы «Жас Алаш» газетіне шыққан «Мен қалай рухани жаңғырдым» топтама мақалаларынан кейін қалың оқырман жақсы таниды. Автор мақалаларында Қазақстандағы діни-саяси ахуалдар мен діни топтар арасындағы тартыстарды баяндайды. Мақаланың құндылығы сонда – автор өзі жазып отырған оқиғалардың куәгері және діни сауатты адам.«Мен қалай рухани жаңғырдым» мақалаларынан кейін автор қазір ел ішінде жиі айтылатын дін төңірегіндегі сөздердің түсініктемесі ретінде «Шырмауық» атты шағын кітап жазды. Қазақ қоғамы көбінде аңыз тектес болмаса алыпқашпа сөз ретінде айтатын, көп жағдайда үрейлі кепте әңгімелейтін діни ағымдардың ұстанымдары мен өзіндік ерекшеліктері, олардың түпкі мақсаты, саясатпен астасып жатқан кейбір әрекеттері төңірегінде толыққанды мағлұмат беруге тырысады. Діни идеологиялық күрестер мен олардың билікке ұмтылуы, қоғамда ықпалын арттыруға тырысу әрекеттері соңғы жылдары қаптап кеткен түрлі ағымдардың түпкі мақсатынан хабар береді.Автордың ойы мен көзқарасы редакцияның ұстанымын білдірмейді!Тексті оқыған Алмас НҮСІП.Фото: time.kz
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.09.2021, 15:40
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 22.09.2021, 14:20
Аралас мектептер азаюдың орнына артып кетті. Неге?
Батыр ЖАСҰЛАН 22.09.2021, 12:00
Заң астарындағы «жасырынған жоба»
Сайт әкімшілігі 22.09.2021, 11:41
Михаил Ломтадзе мен Kaspi.kz Kazakhstan Growth Forum-да үш марапатқа ие болды
Сайт әкімшілігі 21.09.2021, 12:16
«Astana Media Week – 2021» биыл жаңашылдыққа толы болмақ
Сайт әкімшілігі 20.09.2021, 16:07
Экс премьер-министр Серік Ахметов жазасын өтеп шықты

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39