Тұрғын үй дауы: Талдықорғанда делдалсыз пәтер ала алмайсың

17.02.2020, 20:22

8

Талдықорған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығынан дау шықты. 

Редакциямызға Талдықорған қаласындағы«Айша бибі» аналар бірлестігінің төрайымы Жазира Қамолданова есімді азаматшахабарласып, бес жылдан бері әділдікке жете алмай жүргенін айтты. Оның айтуынша,облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылагенттігі Талдықорған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында болып жатқан заңсыздықтарғабайланысты жазған арызын осы уақытқа дейін қарамаған.

«Бес жыл бойы Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдықшаруашылық  бөлімінің заңсыз әрекеттерінайтып, жазып келемін. Бірақ ұлттық бюро қызметкерлері менің арыздарымдытексерместен, ТКҮШ бөліміне қайтарып жібереді. Мысалы, біздің қалаға ешқандай қатысыжоқ, Жамбыл ауданы Ақтерек ауылында тұратын Алипбаев Базарбай деген азаматкоммуналдық қордан тегін пәтер алып, заңсыз жекешелендіріп отыр. Осы жағдайдыайтып бірнеше рет арыз жаздым, еш нәтиже жоқ», – дейді Ж.Қамолданова.

Талдықорған қаласыныңаппараты Ж.Қамолданованың Б.Алипбаевқа қатысты арызына аталмыш азаматтың «1-2топ мүгедектік» санаты бойынша 2019 жылдың 23 қаңтарында қалалық әкімдіктің тұрғынүй комиссиясы отырысының негізінде «Қаратал» шағынауданынан үй алғанын растаған.  «АзаматБ.Алипбаев «1-2 топ мүгедектік» санаты бойынша 2019 жылдың 23 қаңтарындағыТалдықорған қалалық әкімдігінің тұрғын үй комиссиясы отырысының негізіндемемлекеттік тұрғын үй қорынан Талдықорған қаласы «Қаратал» ш/а №40 «А» үй, №30 пәтеріберіліп, қоныстанған болатын. Жалдаушы (жалға алушы) тұрғын-жайды жалдаушартындағы тұрғын-жайды немесе оның бір бөлігін тұрақты немесе уақытша иеленугежәне пайдалануға алушы тарап болып саналады», – делінген әкімдік берген жауапта.

«Айша бибі»бірлестігінің төрайымы әкімдіктің осындай жауабынан кейін, өз бетімен тексеру жұмыстарынжүргізген. Ол тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жүйесіне делдал арқылы кіріп, тұрғынүй кезегінде тұрған азаматтардың орнын жылжытуға болатынын анықтаған.

«Алипбаевтың заңсыз пәтер алғаны жайлы жазылған арыздыңжауабын тексеру үшін былтырғы ақпан айынан бастап өз бетіммен тексеру жұмыстарынжүргіздім. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жүйесіне делдал арқылы кірдім. Нәтижесіндетұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың кезегін жылжытып, тіпті тіркелгенжылдарын ауыстыруға болатынын білдім. Яғни мен бұны іс жүзінде дәлелдедім. Анықтамаларыбар», – деді Ж.Қамолданова.

Бұдан бөлек, ЖазираҚамолданова қазір аталмыш жағдай бойынша жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігітергеу жүргізуді бастағанын, бірақ әлі күнге дейін өзін куәгер ретінде шақырмағанынайтты. Осыдан кейін біз тергеуді жүргізіп жатқан Диас Нүсіп есімді ұлттық бюро қызметкерінехабарластық. Бірақ ол басшылықтың рұқсатынсыз ешқандай пікір бере алмайтынынжеткізді.

Қазақстан тәуелсіздікалған 28 жылдың ішінде тұрғын үй мәселесі еш уақытта күн тәртібінен түскенемес. Былтырға дейін жас отбасыларды үймен қамту мәселесі айтылса, кейіннен оғанкөпбалалы аналар қосылды. Жалпы, Қазақстанда тұрғын үй маңайындағы дау бұғандейін де болған. 2009 жылғы дағдарыстан кейін республика бойынша борышкерлер мәселесібұрқ ете қалған. Баспана аламыз деген борышкерлер ақырында банктер алдында қарызғабатқан. Сол уақыттан бері олардың да мәселесі толықтай шешілді деп айту қиын.Бірақ бұның барлығы үлкен проблеманың бір шеті ғана. Негізінде, тұрғын үйсаласында шешілмеген мәселе шаш етектен.

Фото ашық ақпарат көздерінен.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты
Айжан БҮРКІТБАЕВА 17.09.2020, 11:16
Кәдеге аспаған диплом
Б. НҰРЛЫБАЕВ 17.09.2020, 11:03
Бар кінә өзімізде
Мариям МАҚСАТ 17.09.2020, 09:26
Жетімдердің жанайқайы мемлекет оларға қашан үй береді?
Қарлығаш Зарыққанқызы 17.09.2020, 09:10
«Тұрмысты түзейді»
Сайт әкімшілігі 16.09.2020, 15:53
Қазақстандықтардың қарызын кешіру ұсынылды

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04