Туризмді дамытамыз десек...

Жақсылық КЕНЖАЛИЕВ

11.06.2021, 08:51

1013

Қазақстанның шығысында, оңтүстігінде, тіпті батысында да туристік аймаққа жататын жерлер жетерлік. Біз төменде қолға алынуға тиіс сондай жерлердің бірін тілге тиек етпекпіз.

«Жас Алаш» газетінде туризм тақырыбының кеңінен көтеріліп келе жатқанына біраз болды. Әсіресе «Туризм тұралап тұр» (№41, 25 мамыр 2021 ж.) атты материалда көтерілген мәселе өте орынды. Мұнда автор жұртты біраз жайттан хабардар етіп, оқырмандарға ой тастапты. Біз де осыған орай, көкейде көптен бері мазалап жүрген ойды ортаға салуды жөн көрдік.

Бұрын елімізде теміржол үш бағытқа қарай жүргізілсе, қазір батыс пен шығысқа қарай да жол бар. Жезқазған – Бейнеу теміржолы соның айғағы дер едік. Ал бұл жолдың туризм саласына аз да болса септігі тиетіні анық.

Ақтөбе облысының Шалқар ауданы территориясындағы тарихи орындардың бірі – Есет-Дәрібай кесенесі. Патшалық Ресейге, отаршылдыққа қарсы бас көтеріп, он жылдан астам уақыт бойы көтеріліс ұйымдастырған Есет Көтібарұлының есімі күллі қазаққа кеңінен танымал. Бұл жөнінде жазушы, марқұм Құрал Тоқмырзин ақсақал «Керзаман» атты роман-трилогиясында жан-жақты ашып көрсетеді.

Жасыратыны жоқ, сонау Кеңестер Одағы кезінде, яғни өткен ғасырдың 1965 жылдарында Бұхара – Урал газ құбыры жүргізілді. Сонда арлы-берлі ағылып, жүк тасыған көліктер осы бейіттердің жанынан өтетін. Қазақы салт-дәстүрді мойындап, әлде «әулие» деп сескенді ме, сол кездері бейітке бір тоқтап өтпей, ешбір жүргізуші әрі қарай жүрістерін жалғастырмайтын. Егер жүргізуші бейіт жанынан тоқтамай өтіп кетсе, я көлігі аударылады, я бұзылады болмаса жолда тұрып қалады. Сондықтан олар көліктерін 1-2 минутқа кідіртіп, содан кейін ғана жүрістерін жалғастыратын. Кейін бейіт (бұрынғысы іште, сақтаулы) кеңейтіліп, кесене болып бой көтерді.

Сөз басында айттық, Жезқазған – Бейнеу теміржолы, міне, осы кесененің маңынан өтеді. Жолдың бір бетінде Байқадам елді мекені. Теміржолдан ауылға дейін автокөлік 5-10 минуттай жүреді. Теміржолдың екінші жақ бетінде Шолақ жиде. Міне, осында кесене бой көтерген. Басында шырақшысы отыр. Оған теміржолдан автокөлікпен 10-15 минуттай жүріп келуге болады. Демек, екі жақ та теміржолдан қашық емес.

Кеңес Одағы кезінде шұбартаулықтардың бастамасымен қой санын 50 миллионға жеткізу жөнінде елімізде комсомол жастар шопандар бригадалары құрылғаны жасырын емес. Сонда осы Сынтас деген жерде комсомол жастар бригадасы отырды. Сынтас та тарихи жердің бірі. Бұл жерде қазақтар мен түрікмендер бетпе-бет келіп соғысқан. Елді қорғау жолында қаншама қазақтың қаны төгілді десеңші. Ол кезде шейіт болған батырларды жерлеуге мүмкіндік те болмаған. Сондықтан қаза болған қазақ батырларының әрқайсысының басына бір-бір тастан белгі қойылып кете берген. Сынтасқа барғанда сол тастарды көргенбіз. Кеңес Одағы кезінде қазақстандық ғалымдар Алматыдан барып, сол тастарды нөмірлеп кеткен екен. Одан бері де қырық жылдан астам уақыт өтіпті.

Бұдан кейін Қыздар шыққан деген жер бар, ол да тарихи орын. Реті келсе, осы тарихи орындарға дейін тас жол (асфальт) төселіп, электр желілері тартылып, ағаштар егілсе, қонақүйлер салынып, су құбырлары жүргізілсе өте орынды болар еді. Әрі қарай туристер Бейнеу арқылы Маңғыстау жеріне табан тірер еді. Онда да тарихи және көрікті жерлер жетіп-артылады. Сайып келгенде, туризмді қолға алатын уақыт жетті.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 24.09.2021, 19:47
Байбек: Nur Otan-ның сайлауалды уәделері өңірлерде 14%-ке іске асырылды
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 24.09.2021, 13:06
Баланың мұңын кім тыңдайды?
Жарлы БАЙҒАНИН 24.09.2021, 10:08
Солтүстік қазақылана бастады
Әдина ЕРҚАРАЕВА 23.09.2021, 17:30
Құл ететін құмар ойындар
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.09.2021, 15:40
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 22.09.2021, 14:20
Аралас мектептер азаюдың орнына артып кетті. Неге?

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39