Түркістан ет экспорты бойынша көш басында

Сайт әкімшілігі

04.03.2021, 15:47

1086

Агроөнеркәсіптік кешен — халықты аса маңызды азық-түлікпен қамтамасыз ететін, сондай-ақ елеулі экспорттық әлеуеті бар Түркістан облысының негізгі саласы. Облыс бірқатар ауыл шаруашылығы көрсеткіштері бойынша республикада жетекші орынға ие. Жыл қорытындысымен жалпы саладағы өнім көлемі 729,7 миллиард теңгені құраған. Нәтижесінде республикадағы үлесі 12%-ға жетіп, облыс елімізде 3-орынды иемденді. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов брифингте мәлімдеді.

-Облыста ауыл шаруашылығы негізгі капиталына 58,1 миллиард теңге инвестиция тартылды. Инвестициялардың ауқымды бөлігі Кентау қаласы, Ордабасы ауданы, Сайрам және Бәйдібек аудандарына  тиесілі. Республика бойынша ірі қара мал санының — 14,4 пайызы, ұсақ малдың — 23 пайызы, жылқының — 12,1 пайызы, түйенің — 15,1 пайызы және өндірілген еттің — 12 пайызы, сүттің — 12,5 пайызы біздің өңірдің үлесінде. Республикада ірі қара мал етін экспорттау бойынша облыс 1 орында, — деді басқарма басшысы.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі былтыр 847,9 мың гектар аумақты құраған. Ал жылыжайлар 131,6 гектарға салынып, жалпы көлемі — 1 246 гектарды құрады.

Жылыжайлардың негізгі бөлігі Сарыағаш, Келес, Ордабасы, Қазығұрт аудандарының үлесінде. Республикада жылыжайлардың 67 пайызы облыстың еншісінде. Тамшылатып суғару технологиясы — 21,9 мың гектарды, жаңбырлатып суғару технологиясы — 2,2 мың гектарды құрады. Агроөнеркәсіп кешенінде еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру мақсатында «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» бағытында 2 мыңға жуық жоба жүзеге асырылып, 262,5 мың тонна өнім өндірілді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрболат ӘЛДИБЕК 11:01
«Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 09:25
«Естімейтін үкімет» пен екпеге сенбейтін халық
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 14:30
Қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 21 миллиард теңге салған
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 12:04
Жаңа оқу жылы онлайн бола ма, офлайн бола ма?!
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 09:19
Қапшағайда демалысқа уақытша тыйым салынды
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 09:12
Бес қалада жаңа шектеулер күшіне енді

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58