Түркістан сайлауға дайын

Б. ЕРНАЗАР

17.03.2023, 14:00

651

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Түркістан облысына жұмыс сапарымен келіп, 19 наурызда өтетін кезектен тыс сайлау науқанына дайындық барысымен танысты.

Алдымен «Ұлы дала елі мұражайы» ғимаратында практикалық семинар өтті. Онда аумақтық сайлау комиссиясы және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерімен практикалық негізде іскерлік ойын жүргізілді.

Атап айтқанда, учаскелік сайлау комиссиясы мүшелері мен байқаушылардың міндеттері, дауыс беру кезінде орын алатын ситуациялық жағдайлар, сайлаудың әділ өтуін қадағалау, бекітілген нұсқаулыққа және тәртіпке сай жауапкершілікпен атқару, құқықтық қолдау, мүгедектігі бар адамдардың дауыс беруге қолжетімділігін бақылау, тыйым салынған шектеулер жайы ортаға салынды. Жауапты өкілдер сайлау учаскесі ашылған сәттен бастап, дауыс беру аяқталғанға дейінгі кезеңді қамтып, сипаттайтын іскерлік ойынға қатысты.

Практикалық семинар соңында Нұрлан Мәжитұлы республика көлемінде сайлау комиссиясының мүшелері, байқаушылар, құқық қорғау органдары және БАҚ өкілдері үшін арнайы оқыту тренингтері өткізіліп жатқанын мәлімдеді. Өйткені бұл жолғы сайлау жаңа заңнамалық өзгерістерге байланысты өткізіледі. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаевтың айтуынша, өңір көлемінде 14 ақпан – 10 наурыз аралығында 1700-ден астам байқаушы семинар-тренингтен өткен.

Сапар барысында төраға Түркістан қаласында орналасқан сайлау учаскелерін аралады. Делегацияға Мәжіліс депутаттарын сайлау жөніндегі №25 округтік комиссиясы және №900 учаскелік сайлау комиссиясының дайындық жұмысы баяндалды. Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Ерман Мұхтар сайлау науқанын өткізу бойынша Түркістан өңірінде атқарылып жатқан шаралар туралы пікір білдірді.

– Сапар аясында ел үшін өзекті де маңызды мәселелер талқыланды. Сайлау учаскелерін аралап, тұжырымдадық. Біріншіден, комиссиялар толық жасақталған. Екіншіден, комиссия мүшелерін оқыту жүргізіліп жатыр. Үшіншіден, техникалық тұрғыдан, учаскелер байланыс пен қажетті құрал-жабдықтармен қамтылғанын өз көзімізбен көріп, таныстық. Жауапты өкілдермен тілдестік. Меніңше, Түркістан облысында сайлау науқанына дайындық өз деңгейінде, – деді Ерман Тілдәбекұлы.

Мұнан соң аталған делегация облыс, қала және аудандардың тұрақты кәсіби негізде жұмыс жасайтын сайлау комиссиясы мүшелерімен кездесіп, жұмыс сапары қорытындыланды.

Ал мұның алдында Түркістан қаласында Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу мәселелері бойынша Орталық сайлау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен көшпелі семинар-кеңес өтті. Жиынға сайлау комиссиясы мүшелері, кандидаттардың сайлауалды штабтарының өкілдері, БАҚ өкілдері, электоралды жаттықтырушылар, мүдделі мемлекеттік орган өкілдері, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілдері, «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы филиалының төрағасы қатысты.

 Жалпы Түркістан облысындағы 17 аудан, қала бойынша 1 миллион 168 мың 658 сайлаушы, 941 сайлау учаскесі бар. Дауыс беру күні сайлау учаскелерінде 6984 байқаушы жұмыс істейді деп жоспарланып отыр. Байқаушылар ұсынатын 25 қоғамдық бірлестік аккредиттеуден өткен.

17 қала мен аудан әкімдіктерінің интернет-ресурстарында «Өз сайлау учаскеңді тап» іздеу қызметі, сондай-ақ сайлаушыларды іздеуге арналған телеграмм боты жұмыс істейді.

Сайлау учаскелері пандустармен, қосымша жарақтандыру және тактильді белгілермен қамтылған. Сайлау күні мүгедектігі бар адамдарға облыс көлемінде 43 инватакси және 50 әлеуметтік такси қызмет көрсетеді. Қосымша қажеттілік болған жағдайда, сайлау учаскелерінде демеушілер есебінен 60 көлік ұйымдастырылып, есту қабілеті нашар азаматтар үшін сайлау учаскесіне 114 ымдау тілі маманының қызметі көрсетілетін болады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:59
Алматыдағы тұрғын үйлерде заманауи экопункттер пайда болады
Сайт әкімшілігі 15:47
Мақсат – елдің дамуын үдету
Әділ АҚЫЛБАЙ 15:01
Офицерлердің еңбегі ерен
Б.НҰРМАХАН 13:23
Кітап оқу – мәдениет кілті
Сайт әкімшілігі 09:24
ҚазҰУ – ғылым мен білімнің ордасы
Арайлыи ЕРКЕБАЕВА 09:15
«Дені сау ұлт» жобасы аймақтарға қандай мүмкіндік береді?

Аңдатпа


  • Үкімет кетті, «Халық әртісі» мен Қошанов қайта оралды
    05:37
  • Айтыскер, блогер һәм тренер
    05:34
  • Кәсіптік білім. Диплом тарату – маман дайындау емес
    05:32
  • Жетісайдың «күрескер» әкімі Жыңғылмен күресіп жүр
    29.03.2023, 05:46
  • Нұртай Базарұлы, зейнеткер: Қарағұсованың заңына қарсылық білдіремін
    29.03.2023, 05:44