Түркістанда ағын су мәселесі шешіле бастады

Сайт әкімшілігі

22.04.2021, 12:20

91

Түркістанның іргесінде жаңадан салынған Кеңсай-Қосқорған-2 су қоймасына су келді. Осылайша мол су қоры жоқ шаһардағы ағын су мәселесі шешіле бастады. Қарасу өзенінің мөлдір, таза суын сақтауға арналған жаңа қойманың іске қосылуы  су тасқыны қаупін азайтуға да сеп болмақ. Аталған жоба былтыр облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен қолға алынған болатын.

«Болашақта Кентау мен Түркістанның арасы оазиске айналады. Жаңа су қоймаларының саны артады. Бұл өңірде балық дамытуға септігін тигізеді. Су қоймаларының жағалауында демалыс аймақтары ашылады. Осылайша суды тиімді пайдаланып, оны сақтап, суармалы жерлерге жұмсауға болады», – деді шаһардағы су қоймаларының құрылысын бақылаған өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев.

 Түркістан облысында ағын су тапшылығын шешу мақсатында ірі су нысандарының құрылысы жүріп жатыр. Сыйымдылығы 18 млн.м3 су қоймасына 1 млн.м3 су жиналды. Алдағы уақытта 10 млн.м3 дейін жеткізу жоспарлануда. Жоба толық іске асқан жағдайда Түркістан өңіріне қосымша жылына 34 млн.м3 ағын су жеткізілетін болады.

 «Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары» аясында ағын су тапшылығын шешу мақсатында «Түркістан магистралдық арнасы» күрделі жөндеуден өтуде. Сыйымдылығы 18 млн. текше метр Кеңсай – Қосқорған-2 су қоймасы салынып, Жетікөл көлдер жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ Түркістан магистралдық каналын толтыру үшін Сырдария өзенінен машиналық канал салынуда. Нәтижесінде, жылына ағын су пайдалану көлемі 195,4 млн. текше метрге артып, жыл сайын қосымша 14,7 млрд. теңгенің өнімін өндіру мүмкіндігі пайда болады. Өңір басшысының тапсырмасына сәйкес, облыс аумағындағы барлық су арналары цифрлы жүйеге көшеді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 11:57
Университеттер арасында алғашқы болып елордалық ЖОО «Ashyq» жобасын қолдады
Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТ 09:19
Жат жерде белгісіз жағдайда көз жұмған қандастар
Сайт әкімшілігі 13.05.2021, 13:03
"Қазақстандағы демократиялық институттар" тақырыбындағы инфографика байқауы
Сайт әкімшілігі 13.05.2021, 12:35
Әкімдіктен қайран жоқ, Алматы тұрғыны қалада тегін әжетхана салуға бел буды
Еркежан АРЫН 13.05.2021, 09:51
Волонтерлік – Қазақстандағы азаматтық белсенділіктің жаңа түрі
Қонысбай АҚПАН 12.05.2021, 08:07
Қонаев болсын, басқа болсын, күйе жақпайық

Аңдатпа


  • Қор болған Қазақстан
    11.05.2021, 11:12
  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    07.05.2021, 09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09
  • «Олар ұлт сатқындары!»
    29.04.2021, 09:06