Түркістанда беташар жасаған тұрғынға айыппұл салынды
Коронавирусқа байланысты жарияланған төтенше жағдай кезінде той-томалақ жасауға тыйым салынғаны белгілі.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев те алқалы жиында өңірде мерекелік, спорттық, мәдени іс-шараларды сонымен бірге отбасылық тойлар мен қонақасы өткізуге тыйым салынғанын еске салып, бұл мәселеге әкімдердің жауапты екендігін айтқан болатын.
Осы тыйымдарға қарамастан той-томалақ өткізгендерді әкімшілік жауапқа тарту шаралары басталып кетті. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, кезекті рейд барысында Мақтаарал ауданы Жаңаауыл әкімшілігінде бір тұрғынның беташар тойын жасап, туыстарын жинағаны анықталған.
-Қазақстан Республикасы президенті жарлығының талаптарын өрескел бұзған тұрғынның үстінен Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 476-бабы “Төтенше жағдай режимiн бұзу“ бойынша хаттама түзілді. Аудандық соттың қаулысымен оған айыппұл салынды,-делінген департаменттің таратқан ақпаратында.
Түркістан облысы полицейлері ойын-сауық, сауда орталықтары мен кафе-бар, тойхана иелеріне төтенше жағдай кезінде заң талаптарына сәйкес әрекет етіп, мүмкіндігінше көп адамның шоғырлануына жол бермеуді ескертуде.
Бақытжан ӘБДІРАШ
Тегтер:
Арайлым ЕРКЕБАЕВА
16:42
Қарағандыдағы той: судья «кінәлі» болмай шықты
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ
24.02.2021, 16:40
Зарығып күткенмен әлеуметтік тұрғын үй беріле ме?
Сайт әкімшілігі
24.02.2021, 13:45
Қаражат жымқырған мәйітхана директорына қатысты тергеу аяқталды
Сайт әкімшілігі
24.02.2021, 12:00
Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасы әшкере болды
Сайт әкімшілігі
24.02.2021, 10:07
Батпаққа батқан Алғабас тұрғындары әкімдіктен көмек сұрайды (видео)
Сайт әкімшілігі
24.02.2021, 09:49
Үлкен Алматы маңында ағаштар неге кесіліп жатыр?!