Түркістанның әкімі Әбдірахымовтың сенімді кадры

05.07.2019, 02:17

20

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ ШӨКЕЕВ аудан, қалаәкімдері арасында ауыс-түйісті бастады. Облыс орталығы Түркістан қаласыныңәкімі ауысты. 

Жаңа әкім – Рашид АЮПОВ.Ол «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Әр жылдары Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде,Премьер-министрдің кеңсесінде жұмыс істеген. Аюповтың қызметтік жолы Шымкенттіңәкімі Ғабидолла ӘБДІРАХЫМОВПЕН тығыз байланысты. 2015 жылы Әбдірахымов Шымкенткеәкім болып келген соң Аюпов әкім аппаратына басшылық жасады. 2017 жылы олӘбдірахымовпен бірге елордаға, «Нұр Отан» партиясына кетті. 2018 жылы екеуібірге Шымкентке қайтып оралды. Аюпов соңғы бір жылда «Шымкент» әлеуметтіккәсіпкерлік корпорациясына басшылық жасап келген еді.

Ал Түркістанға бұғандейін басшылық жасаған Әліпбек ӨСЕРБАЕВТЫ тәжірибесі мол әкім деуге әбденболады. Облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметін де атқарған. Былтыр маусымдаТүркістан облыс орталығы болған соң Түймебаев өзінің бірінші орынбасарынТүркістанның әкімі етіп тағайындаған болатын. Жалпы еңбек жолында ӨсербаевТүркістанға үш рет әкім болған шенеунік.

Жаңа әкімді таныстырубарысында Өмірзақ Шөкеев Өсербаевтың жақында басқа қызметке тағайындалатынынмәлім етті.    

Фото автордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Амангелді СЕЙІТХАН 11:05
Атамекенім қайда екен?
Айжан БҮРКІТБАЕВА 10:52
Желтоқсаншылар жеткілікті деңгейде құрметтеліп жатыр ма?
Қарлығаш Зарыққанқызы 10:30
Хрущев салған үйлерді Сағынтаев модернизациялай ала ма?
Махамбет САПАРМҰРАТОВ, 10:28
Менің "Қарызстаным"
Қарлығаш Зарыққанқызы 09:45
Дүниеге несібемен емес, несиемен келіп жатыр қазақтың баласы...
Сайт әкімшілігі 28.09.2020, 13:50
Қазақстанға құс тұмауын жабайы құстар әкелген болуы мүмкін

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16