Түрксіб ауданының әкімін тұрғындар мәселесі қызықтырмайды

Бифат ЕЛТАЕВА

18.08.2022, 20:17

2534

Тамыз айының басында «Жас Алаш» газетінің редакциясына хабарласқан Нұржан Бейсенбайұлы есімді тұрақты оқырманымыздың Түрксіб ауданындағы тұрғын үй алаңдарындағы қоқыстарға қатысты шағымын жариялаған болатынбыз. Алайда Түрксіб ауданының әкімдігі бұл мәселеге назар аудармаған секілді.

Нұржан Бейсенбайұлы алдында берген пікірінде көпқабатты 7 үйге қарасты тұрғын үйлердің жанындағы балалар алаңы қоқыстан көз ашпайтынын, әрі маскүнемдердің көңіл көтеретін орнына айналғандығымен қоймай,  тұрақты түрде тазалық жұмыстары жүргізілмегеніне көп болғандығын айтқан болатын. Бұл мәселе «Жас Алаш» газетінің сайтында жарияланғанымен, аудан әкімі не себепті селт етпегеніне ренішін білдірді.

— Балалар алаңына қатысты мәселені сіздерге жариялағаныма көп болса да, әлі шешімін таппай келеді. Нәтиже жоқ. Тұрғын үй мен балалар алаңы қашанғы маскүнемдердің көңіл көтеретін алаңына айналмақшы? Әкімдікке барсақ, әкімге жолығуымыз да екі талай ғой. Ал алаңның шашылып жатқанына 2 ай болды. Оған арнайы аула тазалаушы бөлінбесе, тұрғындар тарапынан жинауға еш мүмкіндік жоқ. Өйткені барлығының өз тірлігі бар. Қаланың шеті емес, іші. Осыған әкімдік бір адам тағайындаса, тазалар еді. Егер әкімдік аула тазалауға арнайы бір адам бөле алмаса, ауладағы отыратын қоқыс жәшіктері мен отыратын орындықтарды алып тастасын. Әйтпегенде, 1-2 жыл бұрын салған балалар алаңы көп уақыт өтпесе де тозуға айналды. Тіпті қоқыстан сасып кетті. Қысқасы, қоқыстан көз ашпай отырмыз. Сондай-ақ маскүнемдер ішіп қана қоймай, бөтелкелерін сындырып тастап кетеді. Сынған бөтелкелер бір күні балаларымызды жарақаттай ма деп зәреміз қалмайды.  Осыны әкімдік қашан ескерер екен?– деп Нұржан Бейсенбайұлы шағымын білдірді.

Иә, тұрғынның шағымы өте орынды. Биыл «Балаларды қолдау жылы» деп қуана, жарыса ақпараттандырып келеміз. Алайда балалар жылында балалар алаңының қоқыс алаңына айналғаны Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Қожанбердіұлы үшін үлкен сын деп білеміз.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бифат ЕЛТАЕВА 23.09.2022, 14:38
Қазақ балалары – Венада
А.ЖАБАЙ 23.09.2022, 08:37
Аймағамбетовтің құлағына «Алтын сырға»
Жадыра МҮСІЛІМ 22.09.2022, 17:25
Скринг саулықтың кепілі ме?
Сайт әкімшілігі 22.09.2022, 16:14
"Орташа тариф 250 теңге болады" - Алматы әкімдігі автобустарда жол жүру ақысы туралы айтты
Нұрлан ТОБАҚАБЫЛОВ 21.09.2022, 08:48
Министр мұғалімдерге «мат» қойды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.09.2022, 14:47
Жебе ұшындағы бөгет кімнің мүддесін көздейді?

Аңдатпа


  • Безбүйрек үкімет. Қуыршақ депутат. Таңдаусыз сайлау
    23.09.2022, 08:47
  • Жемқорларға жем болған Қазақстан
    23.09.2022, 08:42
  • Аймағамбетовтің құлағына «Алтын сырға»
    23.09.2022, 08:37
  • 25 қазан ұлттық мереке: Парламент заң қабылдады
    22.09.2022, 13:38
  • Әкімді әйел билесе...
    22.09.2022, 08:41