"Түрмеде жақсы адамдармен отырдым"(видео)
«Түрмеде ешқандай қиыншылық көрген жоқпын». 11 миллион пара алды деп ұсталған Қазақстанның бұрынғы білім және ғылым вице-министрі Эльмира СУХАНБЕРДИЕВА журналистердің түрмедегі өмірі жайлы қойған сауалдарына осылай деп жауап берді.
Желіде тараған видеода Эльмира Суханбердиева түрмеде ешқандай қиындық болмағанын, 2 адам болып отырғандығын айтады.
«2 адам болып отырдық. Ешқандай қысым, қиыншылық болмады. Өте жақсы адамдармен отырдық. Құқық қорғау органының жұмысына да өкпем жоқ. Неге десеңіз, бәрі заңды түрде өтті,» — дейді вице-министр.
Суханбердиева бұған дейін сот залында өзінің түрмеде отырып кітап жазғанын мәлімдеген еді. «Түрме вице-министрдің көзімен» деп аталатын кітап жақын арада шығып қалатынын, қазір баспа орталықтарымен келісім жасалып жатқандығын айтқан. Тіпті, бұл кітапты шетелдіктердің сұратып жатқандығын жасырмады.
Айта кетейік, Вице-министр 6 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының шешімімен екі айға қамауға алынған болатын. Шенеунік «қызметтік лауазымын асыра пайдаланды» және «заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты» деген баптар бойынша айыпталған.
10 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық №2 сотында кінәлі деп танылып, 2500 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлеміндегі айыппұлмен босап шыққан.
Фото: vlast.kz
Тегтер:
Сайт әкімшілігі
11:31
Бір жарым мың адам коронавирус жұқтырды
Сайт әкімшілігі
22.01.2021, 16:45
Министрлікте жаңа лауазымдар пайда болды, оларды бұрынғы жауапты хатшылар иеленді
Сайт әкімшілігі
22.01.2021, 15:50
Әділет министрлігі 2,1 миллиард доллар көлемінде Қазақстан мүддесін қорғады
Сайт әкімшілігі
22.01.2021, 14:30
Онлайн петиция беру үшін "тыйым салынған" тақырыптар белгілі болды
Сайт әкімшілігі
22.01.2021, 13:36
«Nur Otan» партиясының Қоғамдық саясат институтының директоры тағайындалды
Сайт әкімшілігі
22.01.2021, 12:30
Мұздатқыштағы сәби өлімі: дәрігерлер неге сот үкімімен келіспейді?