Түрмедегі Арон Атабектен келген хат

20.11.2019, 00:13

7

Редакциямызғакүнделікті кеп жататын көп хаттың ішінен біреуі ерекше көзімізге түсті.Конверттің сол жақтағы «Кімнен» деген бағанда: «Арон АТАБЕК (Едигеев)» депжазылыпты. «г. Павлодар, СИ-14, корпус 5, к.95». Оң жақ шекесіне кілейленген үшмаркадан аюдың суреті көрінеді. Бұрышынан «Павлодар ПСТУ» деген жазуы бар мөрбасылыпты. Демек, хат жазушы Арон АТАБЕКТІҢ өзі. 


«Қадірлі «Жас Алаш»редакциясы!

Осы хатты түрме-абақтыданжолдап отырған, өзіңізге белгілі, бір тентек шал, диссидент-ереуілші,ақын-жауынгер Арон АТАБЕК боламын (Жазалау мерзімі 18 жыл, оның 13-ін отырыптастадық! Ха-ха-ха!)

Қазақ халқы мені: «Әй, осыРесейде туған, орысша оқыған, осы Арон ақын Павлодар түрмесінде әбден орыс бопкетіпті ғой!» — деп, мен туралы айтпас үшін бір топтама қазақ тілді өлеңдерімдіСіздерге жолдап отырмын. Бұған қоса, бірнеше орыс тілді өлеңдерімді де жіберіпотырмын.

Себебі, қазіргі замандаәрбір қазақ екі тілді (қазақша-орысша!) болуы керек (3-тілділікті айтпағанда!Ха-ха-ха!)!

Осы өлеңдерімді бір беткесыйғызып, жариялап берсеңіздер игі болар еді. Ал егер ондай мүмкіндік болмаса,интернетке шығарсаңыз.

Қазақ әрі «Алаш» деп жүрегісоққан, «Алаш» ұлт-азаттық партия төрағасы (1990 ж, сәуір айынан) Арон АТАБЕК».


Тор көз дәптердіңайқара парағының қос бетіне тігінен жазған өлеңдері – 9 бет. Оның бесеуі қазақтілінде («Қазақ жүрегі», «Тоңқайма», «Ертең кетем», «Қару мен құрал», «Елнамысы мен жалған батырлық») болса, қалған үшеуі ( «Алаш», «УДО и покаянноеписьмо (не покаянная поэма)», «Тенгрирожденный») орыс тілінде жазылған. Бұлөлеңдердің ішіндегі ең ерте жазылғаны «2013 жылдың ақпаны» болса, берідегі өлеңіне «18.05.2018» деп қол қойыпты. Демек, бізге ұсынған өлеңдерінәр жылдары жазған боп шығады.

Сондай-ақ, кейөлеңін белгілі бір адамға арнаған және әр өлеңнің соңын «Ха-ха-ха!» депаяқтайды. Мәселен, 2016  жылдың 9наурызында жазған «Қазақ жүрегі» өлеңін Атыраудағы Нұрлан Сәдірге арнап, оның2015 жылдың қаңтарында өзіне арнаған өлеңін алғысөз орнына қойыпты.      

Өлеңдерініңкөлемі әртүрлі. Мәселен, «УДО»-сы 30 шумақ болса, 2015 жылдың тамызында жазған«Тоңқайма» атты өлеңі – 2 шумақ.

Өлеңдерініңмазмұны негізінен саясат, дін, билік басындағы жемқорлық, Бақай мен Шаңырақшайқасы, «Алаш» тарихы және тәңіршілдікке қатысты.


«Мен, Арон ақын,

Қаш десе деқашпаймын!

Шет елге кет деседе кетпеймін!

Осы түрмеде(туған жерімде) жатамын,

Осы түрмеде(туған елімде) өлемін!

Аруақ, Аруақ!Ха-ха-ха!» – дегендей жолдарына қарағанда

13 жыл түрмедеотырғанына Арон АТАБЕК жасымаған.

«Мне предлагаютмного лет –

И помиловку, иамнистию, и УДО,

Мол, готовпростить тебя президент –

Только напиши емуПОКАЯННОЕ «!» письмо!

Ха-ха-ха! — дегеніне қарағанда түрмеден ертерек шығуға талпынбайды да. Сондай-ақ, Шаңырақпен Бақай шайқасында қылмысқа бармағанын ашық жазады. Яғни, мемлекеттікайыптауды мойындамайды.

СұлтанханАққұлұлы, Сағат Жүсіп, Гүлжан Муса, Нұрлан Сәдір секілді белсенділердіңжазғандарына сілтеме жасап, өлең жазғанына қарағанда Арон АТАБЕК елдегіжағдайдан толық болмаса да біршама хабардар секілді.

Ал, өлеңдеріненөзіне қатысты бір де бір шағымды таппайсыз. Естеріңізге сала кетсек, соңғыкездері құқыққорғаушылар Арон АТАБЕКТІҢ түрмедегі жағдайы қиын, дәрігерліккөмек дер кезінде көрсетілмейді деп дабыл қағып жүріп, оны жағдайы жақсырақдеген орынға айғай-шумен ауыстырған болатын.

Түрмеде көргеносындай қиыншылықтарын Арон АТАБЕК өлеңіне қоспапты. Есесіне, бейәдеп сөздеріменбүгінгі билік жүйесін іреп тастаған. Әрине, жазғандарының бәрі бірдей поэзияныңкөркемдік талаптарына сай келе бермейді, бірақ, жеке азаматтық ұстанымы оданәрі қайралып, семсер қылыш жүзіндей жарқырамаса мұқалмағанын анық аңдауғаболады.

Арон АТАБЕКТІҢ редакцияғажолдаған өлеңдерінде бейәдеп сөз көп болғандықтан жариялай алмаймыз. Оқырманосыны ескерер. Аманатқа қиянат болмасын деп хаттың жалпы мазмұнын осылайша жеткізіпотырмыз. «Ха-ха-ха!»   

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 11:05
МӘМС аясында қандай медициналық көмекке жүгінуге болады
Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 09:59
Соңғы бір тәулікте 364 адам пневмонияға шалдыққан
Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 09:43
Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
Айжан БҮРКІТБАЕВА 22.09.2020, 10:29
БЖБ мен ТЖБ-дан шаршадық
Еркежан АРЫН 22.09.2020, 10:16
«Таза Қазақстанға» айналамыз ба?
Алмасбек ЕРБОЛАТҰЛЫ 22.09.2020, 10:02
Қордаланған қоқыс мәселесі қашан шешімін табады

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27