Тұрмыстық зорлық-зомбылықты тыймасақ өркениеттен алыстаймыз

Ерзия ЕРСҰҢҚАР

03.10.2021, 18:55

486

Соңғы жылдары елімізде тұрмыстық зорлық зомбылық оқиғалары көбейіп кетті. Тіпті тұрмыстық зорлық зомбылық оқиғаларының бірнеше рет қайталануының соңы, ауыр қайғылы жағдайлармен де аяқталуда. Бұл тұрмыстық «тирандардың» өздерінің жазасыздығына сеніп, қатігездігін күшейткенін аңғартады. Сондықтан елімізде тұрмыстық зорлық зомбылық оқиғаларының алдын алу мақсатында осы саладағы заңдылықты нығайту жөнінде пәрменді заңнамалық және практикалық шаралар қабылдануда, тұрмыстық сипаттағы қылмыстардың алдын алу жөніндегі құқықтық тетіктер қалыптастырылуда.

Соның бірі жақында еліміздегі ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк отбасылық зорлық-зомбылық қайталанған жағдайда тараптардың татуласуын болдырмау жоспарланып жатқанын мәлімдеді. Өйткені көп жағдайда қазақ қоғамында «бас сынса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде» деп отбасылық мәселелерді барынша жасырып жабудың соңы, тұрмыстық зорлық зомбылық оқиғаларының көбейіп, бірнеше мәрте қайталануда. Тіпті қатігез оқиғаларға айналуда. Мәселен өткен жылы ішкі істер органдарына отбасында зәбір көрушілерден 190 мыңға жуық өтініш түскенімен, олардың тек төрттен бірі ғана іс ретінде қозғалған. Қалғандары тараптардың татуласуына байланысты қысқарып кеткен. Басында ашумен арыз жазғанымен, кейін ел жұрттан ұялып, одан қалды аяушылығы оянып жазған арыздарын кері қайтарып алушылар көбейген. Осы орайда Алексей Милюк  -Қолданыстағы заңнамаға сәйкес полиция органдары жәбірленушінің өтініші бойынша ғана әкімшілік іс қозғауға құқылы. Сонымен қатар, жәбірленуші өзінің жұбайына психологиялық және қаржылық жағынан тәуелді болып, шағымынан бас тартып, еріксіз татуласып жататын жағдайлар жиі  кездеседі. Барлық қозғалған әкімшілік іс жүргізудің 60 пайызы тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды. Біз тараптардың татуласу рәсімін болдырмауды қарастырып жатырмыз. Болашақта зорлық-зомбылық фактілері бірнеше рет жасалған болса, татуласу мүмкіндігін мүлдем алып тастауды жоспарлап отырмыз,- дейді.

Әсіресе қазақ қоғамына бұл өзгерістің маңызы зор болып отыр. Сондықтан бұл өзгерісті қуана күтушілер де жетерлік.

         Айта кетер жайт отбасылық зорлық зомбылық оқиғаларының көбеюімен бірге, қоғамымызда қосылмай жатып ажырасатын ерлі зайыптылардың да саны артып тұр. Мәселен былтыр 2 мыңнан астам үйленген жұп бір жылға жетпей ажырасып кеткен. Өкінішке қарай, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес жолында қолданылатын тәсілдер еліміздегі жұптардың ажырасу санын одан сайын арттыруда. Сондықтан отбасыларды сақтап қалу бағытында да жұмыстар атқарылу қажеттілігі сезіледі.

Биылғы жылдың бірінші жарты жылдығының өзінде полиция қызметкерлері 47 мыңнан астам қорғау нұсқамасын шығарған. Яғни ерлі зайыптылардың арасына түсіп, жұбайын жолдасынан немесе жолдасын жұбайынан қорғау нұсқамалары жазылған. Сондай-ақ, құқық бұзушылардың мінез-құлқына қатысты сот 6 мыңға жуық ерекше талаптарды белгілепті. Ажырастық деп екі жаққа кетпестен жылдар бойына созылатын ұрыс керіс түсініспеушіліктердің соңы қайғылы жағдайға ұласып жататын кездер де аз емес. Мұның балалардың психологиясына, болашағына  да кері әсер ететіні сөзсіз. Сондықтан тұрмыстық зорлық зомбылықты азайту ғана емес, отбасы институтын нығайтып, ажырасудың алдын алу қажеттілігі сезілуде.

Жалпы елімізде мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өткен жылдан бастап тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілуде. Тараптардың татуласу рәсіміне қойылатын талаптар да қатаңдатылды. Егер бұрын әкімшілік өндірістің кез келген сатысында татуласуға болатын болса, бұдан былай бұл процесс тек медиация сатысынан өткеннен кейін сотта ғана орындалады. Мұның оң ықпалы болғанын тәжірибе көрсетіп отыр. Ал енді бірнеше рет қайталанған зорлық зомбылық кезінде тараптардың татуласуына тыйым салынып, іс сотқа дейін жетіп, шектен шыққан тентектің әрекетіне сай жазасын алуға жетелесе бұл өз кезегінде отбасылық зорлық зомбылық оқиғаларының азаюына ықпал етеді деген үміт мол. Бұл туралы отбасылық психолог Кәмила Алдаберген

— Негізі тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерінің басым бөлігі жасырын күйде қалады. Бұл елімізде қалыптасқан қағида. Ұлттық менталитетімізге сай көбінесе мұндай оқиғалар жасырып жабумен ерекшеленеді. Бірақ мұның соңы өте ауыр жағдайлармен біруі қоғамды алаңдатып отыр. Зерттеулерге сүйенсек, мұндай қылмыстарға азаматтарды көбіне алкогольді ішімдік ішу итермелейді екен. Мысал келтіре кетсек, жыл басынан бері құқық қорғау қызметкерлері қиын жағдайға тап болған 3 мыңнан астам әйелді дағдарыс орталықтарына жіберіпті. Бұл аз сан емес. Алты айдың ішінде осынша әйел адам отбасынан зәбір көріп, көмекке мұқтаж болды деген сөз. Бұл сұмдық жағдай. Адам құқығы дегенде әйел құқығын ұмыт қалдыратынымыз өкінішті. Сондықтан жас отбасыларға қоғам, мемлекет  тарапынан қолдау керек деп санаймын,- дейді.

Осы орайда айта кетер жайт, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың ал­дын алу мәселесінде ең маңыздысы құқық бұзушыны жазалау емес, отбасын қолдау және сақтау екендігін ескеріп, осы бағыттағы жұмыстар жүргізілсе нұр үстіне нұр болар еді.

Тегтер: ана-бала демография статистика тұрмыстық зорлық-зомбылық

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бифат ЕЛТАЕВА 03.12.2021, 11:30
Инстаграмның жетегінде кетпейік
Сайт әкімшілігі 03.12.2021, 10:30
Халыққа бермеудің амалы ма? Зейнетақы жинағын алу: жеткілікті деңгей екі есе өседі
Сайт әкімшілігі 03.12.2021, 08:44
«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтуде
Сайт әкімшілігі 02.12.2021, 12:44
Kaspi.kz мобильді ақша аударымына байланысты сұрақтарға жауап береді
Сайт әкімшілігі 01.12.2021, 13:00
Шымкентте жалдамалы пәтерден 22 жасар қыздың мәйіті табылды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 01.12.2021, 09:20
Қазақ-түрік лицейлерінің орнын немен толтырамыз?

Аңдатпа


  • 14 мыңнан аса сотталушы босатылады, Сенат рақымшылық заңын қабылдады
    02.12.2021, 15:50
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00