Тұтынушылардың құқығын қорғайтын 65 қоғамдық ұйым бар

Еркежан АРЫН

22.09.2020, 00:46

99

 ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында тұтынушылар құқығын қорғауға қатысты мәселелер қарастырылды. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы есеп берді. Президент Қ.Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында тауарлар мен қызметтердің сапасын арттыру, халықтың әл-ауқатының маңызды аспектілерінің бірі ретінде маңыздылығын атап өткен болатын. Бүгінгі күні Қазақстанда тұтынушылар саны 18,7 миллион адамды құрайды, олар күн сайын 6 миллионнан астам тауар мен қызмет түрлерін сатып алады (бақылау-кассалық машиналар көмегімен бөлшек саудадағы операциялар саны).ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында тұтынушылар құқығын қорғауға қатысты мәселелер қарастырылды. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы есеп берді. Президент Қ.Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында тауарлар мен қызметтердің сапасын арттыру, халықтың әл-ауқатының маңызды аспектілерінің бірі ретінде маңыздылығын атап өткен болатын. Бүгінгі күні Қазақстанда тұтынушылар саны 18,7 миллион адамды құрайды, олар күн сайын 6 миллионнан астам тауар мен қызмет түрлерін сатып алады (бақылау-кассалық машиналар көмегімен бөлшек саудадағы операциялар саны).   ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Үкіметтің селекторлық отырысында сөйлеген сөзінде «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңға өзгерістер енгізу кезінде ескерілген шет елдердің тәжірибесі туралы айтып өтті:

   -  Биылғы шілдеде күшіне енген «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңға енгізілген түзетулерді іске асыру аясында бірқатар мәселелер шешіледі. Заңды әзірлеу кезінде біз халықаралық озық тәжірибені зерттедік. ЭЫДҰ елдері тиімді қолданатын аралас модель концептуалды негіз ретінде алынады», — деді Бақыт Сұлтанов.

   Министр атап өткендей, Германияда, Австрияда, Жапонияда және Литвада мемлекет «смарт»  басқаруды жүзеге асырады, ал сотқа дейінгі реттеу институттары бұзылған құқықтарды қалпына келтірумен айналысады.

Ресейде, Германияда және Литва елдерінде ведомствоаралық кеңестер жұмыс істейді, олардың алаңында тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы проблемалық мәселелер талқыланады.

«Шағымдардың үш сатылы жүйесі енгізілді.

Бірінші кезең сатушының «мұнда және қазір» қағидаты бойынша тұтынушының талабын дербес қарау міндеттемесін қарастырады. Тараптардың өзара келісім бойынша тұтынушылардың дауларын сотқа дейінгі реттеу субъектілерін тарту мүмкіндігі де бар.

Тұтынушының екінші кезеңнен өтуі міндетті талап болып табылмайды, шағымды уәкілетті органға жіберу қажеттілігі туралы шешімді тұтынушының өзі қабылдайды.

Соңғы кезең — тұтынушының сотқа жүгінуі.

Қазіргі кезде елімізде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында 65 қоғамдық ұйымдар жұмыс істейді. Министрлік оларды салалық негізде кеңейту және нығайту үшін ҮЕҰ-мен біріге жұмыс істейді. Бұл мемлекеттік секторға салалық мемлекеттік органдармен толыққанды ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді. Жалпы, бұл тұтынушылардың мәдениетін және олар алатын тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, биыл қазақстандық тұтынушылар бөлшек сауда желісі арқылы 6,8 трлн теңгенің тауарларын сатып алды. Сонымен қатар, қазақстандық тұтынушылардың қанағаттанбау деңгейі үнемі жоғары деңгейде қалып отырғаны белгілі болды.

Тегтер: тұтынушы құқық заң

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:03
Коронавирус жұқтырғандар саны артты
Сайт әкімшілігі 09:52
Коронавирустың екінші толқыны: Бекшин алматылықтарға нені ескертті?
Сайт әкімшілігі 20.10.2020, 14:28
Мырзан Кенжебай: Менің атымды жамылған кім?
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 20.10.2020, 11:03
Қару-жарақ ұрлау оқиғасының құпиясы
Айжан БҮРКІТБАЕВА 20.10.2020, 10:38
ҚазАТК кімнің "жеміне" айналмақ?
Сайт әкімшілігі 19.10.2020, 11:17
Уланған маскалар туралы фейк таратылуда

Аңдатпа


  • Мырзан Кенжебай: Менің атымды жамылған кім?
    20.10.2020, 14:28
  • Егіндібұлақ елінің еңсесі езіліп тұр
    20.10.2020, 10:41
  • Мақаншыда «қинау» фактісі бойынша ауыл тұрғыны полиция қолынан қаза тапты (видео)
    19.10.2020, 15:16
  • Ашық хат
    15.10.2020, 10:44
  • Билік жұртта қалған елу отбасыны көшіре алмай отыр
    15.10.2020, 10:38